400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы

Екінші сыныпта оқимын.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1. ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау.


2.1.2.1.күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.


2.2.3.1. тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сухбаттасының не туралы айтқанын түсіну.


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды.


Көбі: қарапайым сұрақтарға жауап береді.


Кейбірі: тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысады.


Күтілетін нәтиже

Сұрақтарға жауап береді. Диалогті толықтырып айтады.


Жаңа сөздер:

Нешінші, екінші, үшінші, қабатта, жақсы көремін.


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі түсті суреттер, кестелер, желімқағаздар (стикерлер), суреттер, мультипроектор, альбомдар, слайдтар.


Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Баспалдақ» техникасы, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы.

Дереккөздер:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға

психологиялық ахуал

туғызу

Мұғалім оқушыларды «Шаттық шеңберіне» шаттық тұрғызып, өлең жолдарын оқиды:

Бәрі жақсы баланың,

Тілін алған ананың,

Бәрі жақсы баланың,

«Беске» оқыған сабағын.

Мұғалім оқушыларға өлең жолдарын қайталатады.


Мұғаліммен бірге қайталайды.

Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Қайырлы күн, достым!

Әр күнің сәттілікке толсың!

Өткен сабақты тексеру

Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.


Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында Ө. Ақыпбековтың «Бес саусақ» өлеңің оқиды,

Мынау-

Бас бармақ,

Мынау-

Балаң үйрек,

Мынау-

Ортан терек,

Мынау-

Шылдыр шүмек,

Мынау-

Кішкене бөбек

Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, өлеңде не туралы айтылды?


Оқушылар жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысы жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.


Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, оқиды.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады


Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.


Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.


Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.


Ә) Жазылым. Оқулықтағы

3-тапсырманы орындатады.


Жазылым. Суреттерге қарап, диалогті толықтырып жазады.


5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардың бой жазу үшін орындарынан тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақаңды ұрайық!

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық!


Орындарынан тұрып, сергіту жаттығуын жасайды, мұғаліммен бірге тақпақты қайталайды.

ІІІ. Ойтолғаныс

Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.


Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды. Сөйлемдерге сұрақ қояды.


ІV. Бекіту

Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқулықтағы 4 тапсырманы орындатады.

Айтылым. Суреттегі кейіпкерлердің атынан диалог құрады.


Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөздерді жаттатады.


Берілген сөздерді жаттайды. Қайталайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.


«Ішкі және сыртқы шеңбері» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VІ. Үйге тапсырма

Жазу дәптерінен тапсырма беріледі.



VІІ. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл күйлерін білдіреді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі