400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды нанның біздің дастарханымызға қалай келетіні жайлы түсінік беру.Дәнді егуден бастап,нан болғанға дейінгі еңбек түрлерімен таныстыру.Адам еңбегін құрметтеуді, нанды қадірлеуді үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: «Таным»

Ашық оқу іс - әрекеті: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келді?»

Мақсаты: Балаларды нанның біздің дастарханымызға қалай

келетіні жайлы түсінік беру.Дәнді егуден бастап,нан болғанға дейінгі еңбек түрлерімен таныстыру.Адам еңбегін құрметтеуді,

нанды қадірлеуді үйрету.

Көрнекілігі: Суреттер, нан түрлері.

Билингвизм: Нан –хлеб, бәліш- пирошки, бөлішке – булочка.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы таң ұстазым.

Балалар қане бір- бірімізге шаттық шеңберіндегі жылуды сыйлайықшы, алақанмен үрлеп жылуды кезекпен -кезек бір-бірлеріңе сыйлаңдар.

Қазір қай мезгіл? (Көктем)

Көктемде неше ай бар? (3 ай)

Көктемде қандай ерекшеліктер болады? (жаңбыр жауады, құстар келеді,күн жылынады,ағаштар бүршік жарады)

Жарайсыңдар,балалар.Қазір теледидардан слайд тамашалаймыз.

Слайд. Адамдар ерте көктемде алдымен трактормен жерді жыртады, диқандар ол жерге бидайдың тұқымын тастайды. Бірнеше күндерден кейін дәндер өсе бастайды. Бидайдың сабақтары пайда болады, оны диқандар үнемі суарып отырады. Күзде астықты комбайндармен орады және үстерінен бастырады. Бидайды диірменге апарып тапсырады.  Аппақ болып ұн дайындалады. Қап – қаптармен ұнды наубайханаға тасиды. Онда ұн иленіп, нан пісіріледі. Нан таситын көліктермен дайын нандарды дүкендерге әкелінеді. Дүкенде нанның бірнеше түрлері: бөлке, тоқаш, батон, торттар, печениелер, бауырсақтар, бәліштер сатылымға шығарылады. Нан дастарқанға келгенше қаншама адам еңбек етеді. Мұның бәрі – адам еңбегі.

Тосын сәт:Диріменмен бидай тарту. Ұнды көрсету.

Көрдіңдерме балалар, нанның қалай пайда болатынын біз білдік.

Балалар мен жұмбақ жасырамын , қане кім жауабын айтар екен,

Асты тас , үсті тас,

Ортасында піскен ас (нан)

Дидактикалық ойын: «Нан пісірейік»

Нан пісірудің ойын ретін еске түсірейік.Қамыр илеу үшін не керек екенін өздері табады.Әр түрлі азық-түлік суреттері тұрады.Өздері ойлап табады.

Сергіту сәті:

Жел соқты гу-гу,

Жаңбыр жауды тырс-тырс.

Жаңбыр басылды,

Күн ашылды

 Қорытынды: Бір үзім нан ертегіден үзінді.

Кане балалар кім нан туралы тақпақ біледі?

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Жарайсыңдар балалар, нанның дастарханға қалай келетін білдік. «Ас атасы нан, нан атасы –дән» - деген екен дана халқымыз.Сол дәннен бастап нан болғанға дейін қаншама адам маңдай терін төгеді.Ендеше, сол зор еңбекпен келген нанды қастерлеуіміз керек.Нанды бір қолмен үзбеуге,.Нанды жерге тастамауға, нанда аяқ асты етпей, ысырап қылмауымыз керек. Алдыңызға келген нанды таусып жеп, оның қоқысқа кетуіне жол бермеуіміз керек.

Балалар сендер бүгін жақсы қатыстыңдар ,рахмет сендерге.

Осымен ашық оқу қызметіміз аяқталды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі