жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
Тексерілді_________ 24.04.2019жыл
Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектердің табиғи көздері. Мұнай. |
|
Сынып: 9 «А» |
Қатысқан: Қатыспағандар: |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
Көмірсутектер. Көмірсутектердің табиғи қорлары. Мұнайдың құрамы, өңдеу әдістері мен мұнай және мұнай өнімдерінің қолданылуы туралы білімдерін дамыту. |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Мұнай туралы білімдерін қалыптастырады. Оқушылардың басым бөлігі: Мазмұнын баяндай алады; Өз ойын еркін жеткізеді; Постер арқылы өз жұмысын қорғай алады Кейбір оқушылар: Мұнайдың құрамын, оны өңдеу әдістерін меңгеріп, экономикалық маңызын біледі. |
Табыс критерийлері
|
Оқушылардың сабаққа деген жауапкершілігін арттырады.. Көмірсутектердің табиғи көздерінің еліміздің экономикасының өркендеуі- мұнайды өндіру деңгейі мен оны тиімді пайдалануына байланысты екенін түсінеді |
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер мен тіркестер: Мұнай-әртүрлі көмірсутектердің күрделі қоспасы екенін, оның құрамын, өңделу жолы. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: Көмірсутектердің түрлерін ажырата аласың ба? Жазылым бойынша ұстанымдар: Постерлер қорғау, сөздік диктант. |
Құндылықтарды игерту: |
Өзіне және өзгелерге құрмет. Оқушылар тапсырмаларды нұсқаулық бойынша толық орындауында, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Ашықтық- оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбек сүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуында көрініс табады. |
Пәнаралық байланыс: |
География, математика,қазақ тілі. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
PowerPoint таныстырылымы. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Химия -9 сынып оқулығы. Нұрахметов.Н.Н. |
Алдыңғы оқу |
Көмірсутектер. Ароматты көмірсутектер. |
Жоспар
Жоспарланған уақыт-40-минут |
Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет) |
Ресурстар |
||
Басы Ұйымдастыру |
Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне химиялық тілек айтады. Оттектің қуатын тілеймін Фосфордың жарығын тілеймін Азоттың өміршеңдігін тілеймін Полонийдің ыстық жүрегін тілеймін Висмуттай ақ бол Сурьмадай пәк бол Қорғасындай салмақты бол Мінезің мыстай майысып, Сынаптай сырғып кетпесін. Шаштарың қара көмірдей, Мүсінің құйған темірдей болсын. Асыл металдар алтын, күміс, платинаның асылдығын тілеймін Сілтілік металдар литий, натрий, калийдің белсенділігін тілеймін, Барлық элементтердің энергиясын тілеймін Топқа бөлу: Көмірсутектердің атауы бойынша жазылған сөздер бойынша 4-топқа бөлінеді. 1-топ: «Көмірсутектер», 2-топ: «Мұнай», 3-топ: «Таскөмір», 4-топ: «Табиғи газ». Топ басшысын сайлайды, бағалау парақшасы беріледі. Үй тапсырмасын сұрау: «Көмірсутектер» тақырыбын «Топтастыру» стратегиясы бойынша айтады. 1-топқа «Алкандар» 2-топқа «Алкендер» 3-топқа «Алкиндер» 4-топқа «Ароматты көмірсутектер»
Бағалау: Қарсы топтар бірін-бірі бағалайды. |
Интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, А3 қағазы. |
||
Ортасы
|
Жаңа сабақ: Тақырыпты ашу. Ел экономикасын көтеруде маңызы зор. Энергияның негізгі көзі. Химия өнеркәсібінің бағалы шикізаты, бұларсыз бірде-бір өнеркәсіп орны дамымайтын-көмірсутектердің табиғи қорлары. Мұнай,таскөмір, табиғи газ. Видеоролик көрсетіледі. Оқушылар тақырыпты өз беттерімен оқып, топта талдап, кластер құрып, қорғайды.(Топтық жұмыс). Бекіту жаттығуы. (Білім ленд). Топ басшысы бағалау парағына тобындағы оқушыны бағалайды. Химиялық жұмбақ. Пайдалы қазба атауларын жаз. - Жеңіл, ылғал тартады, жақсы жанады, малға төсеніш, тыңайтқыш қызметін атқарады. - Қара түсті, аздап жылтырайды, қатты, суға батады, жанады. - Қошқыл түсті сұйықтық, жанады, одан керосин, бензин мен мазут алынады. - Гранит ыдыраған кезде пайда болады, құрылыста және әйнек шығаруда пайдаланылады. - Созылмалы қасиеті бар, құмыра жасауда пайдаланылады. «От шашу» арқылы бағалайды. «Қалыптастырушы бағалау» парағы таратылып беріледі.( Жұптық жұмыс)
|
|
||
Соңы |
Білімді бекіту: «Фигуралар сөйлейді». (Топтық жұмыс)
Бағалау. Үйге тапсырма беру:§49,50 оқу. 57-сурет сызу, 214-бет; ЕЖЖ-9сынып №14-1—14-3 орындау,101-бет. Рефлексия: «ТҮЙІНДІ ҚАЛАМ»
|
Интерактивті тақта, таратпа материалдар. |
||
Қосымша мәліметтер. |
||||
Саралау (Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс |
||
-Сөзді іздеуге тапсырма қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау. |
|
|
||
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
||
Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге? |
|
|
||
Қорытынды бағалау: Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты) 1. 2. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? 1. 2. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген