400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ ұстаздарға пайдалануға қажет болар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім

Күні: 28.11.2018ж

Сыныбы: 2 «б»

Мектеп: №136 Т. Жүргенов атындағы мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні:Рустембекова Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мектепке барып келемін

М. Дулатов «Мектепке» «Мектептен»

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсаттар

Майлыаяқ, самауыр, тынық, ызғар, домбықтырып, жөнелу

АКТ-ны қолдану дағдылары

слайд, презентация

Бастапқы білім

Мектеп-школа-school

Сынып-класс-form

Мұғалім-учитель-teacher

Оқушы-ученик-people

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресуртар

Басталуы

5 минут

Топқа бөлемін : «Мектеп, кітап, қалам, дәптер» суреттері арқылы топқа бөлінеді.

Үй жұмысын ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру арқылы сұрау.




Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Темірбектей атамның,

Мектебінде оқимын.

Ұстазымның әр сөзін,

Көңіліме тоқимын.


Жаңа білім

10 минут







Ой қозғау

Тақырыпты болжау.

Баланың сыни ойлауын дамыту үшін түрткі сұрақтар қоямын

Балалар, суретке зер салайықшы.

  • Суретте не бейнеленген?

  • Суретте қай жыл мезгілі?

  • Олардың көңіл-күйі қандай?

  • Қолдарында не бар?

  • Қалай ойлайсыңдар, олар қайдан келе жатыр немесе қайда бара жатыр?

Білу және түсіну

- Бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы: Мектепке барып келемін. Олай болса біз бүгін М. Дулатовтың өмірбаянымен, «Мектепке. Мектептен» өлеңімен танысамыз.

-«Мектеп» сөзін үш тілде айтып көрейікші.

Т. М. Дулатовтың Мектепке. Мектептен өлеңін екі өлеңді тыңдатамын.

1-топ. «Мектепке» өлеңін оқиды

2-топ. Мазмұнын айтады.

3-топ. «Мектептен» өлеңін оқиды.

4-топ. Мазмұнын айтады.

Сөздік жұмысы

Балалар, осы өлең ішінен түсініксіз сөздерді түртіп алайық.

Тақтамен жұмыс.

Майлыаяқ – иттің аты.

Ызғар-бет қаритын үскірік.

Самауыр-оттығы ішінде, шай қайнатуға арналған металл ыдыс.

Ықылас-шынайы ынта, шын көңіл.

Оқушылар М.Дулатов туралы әңгімелейді. (Интербелсенді тақтадан М. Дулатовтың портреті, өмірбаяны көрсетіледі)

Топтық тапсырмалар орындату.

1-топ: Екі өлеңді салыстырып жазу (3-тапсырма)

2-топ: «Мектептен» өлеңінің мазмұнына сәйкес сурет салу.

3-топ: «Мектепке» өлеңінің мазмұнына сәйкес сурет салу.

4-топ: «Біздің мектеп» тақырыбында өлең шығару.

ҚБ. Оқушылар смайлик арқылы бағалайды.

Жұптық жұмыс

«Жалғасын тап» әдісі бойынша берілген сөздер мен екі өлеңнің тақырыбын сәйкестендіру.

  1. Адамдардың беттерін.

  2. Мектебіңе жөнел.

  3. Жатыр еді суықтап.

  4. Күн шығып қалды.

  5. Қылды ықылас.

  6. Мектептен қайтып.


Мектептен


Мектепке

ҚБ. Жұптасқан оқушылар бір-бірін «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы бағалайды.


Ортасы

5 минут

Жеке жұмыс. Ой толғауды өз сөздерімен аяқтайды

Мектеп – менің алтын ұям. Мен өз мектебімді қатты жақсы көремін. Сонымен қатар мен өз мектебіммен мақтанамын. Мектеп ....


Сергіту сәті

«Жалғастыр» ойыны арқылы мақал-мәтелдерді аяқтайық.

  1. Мектеп-кеме,білім-теңіз.

  2. Өмір-үлкен мектеп.

  3. Оқу - білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.

  1. Алтын алма, білім ал.

  2. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

  1. Күш - білімде, білім – кітапта.


Кері байланыс

3 минут


«Жетістік» баспалдағы.


Үйге тапсырма: Қалаған өлеңді жаттап келу.

4-тапсырма

саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Оқушыларға мәтінен қажетті ақпаратты табу,өзі туралы жазу.

Жаңа сабаққа байланысты өлең,әңгіме құрастыру. Өзі туралы жазу.




Жетістік критерийлері,

смайликтер,бас бармақ,

бағалау парақшасы арқылы.






Құндылықтарды дарыту: ынтымақтастық,құрмет. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,сурет. АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі. Тәрбиелік мәні:уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі