400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы- бастауыш саты. Келешеекте арнаулы мамандықтарға тартылудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Қазіргі уақытта XXI ғасыр мектебі жедел өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер енгізуде, өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді. Оқу үдерісіне қойылатын негізгі талап оқушының белсенді іс әрекетін ұйымдастыру. Алға қойылған мақсат- 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны қалыптастыруда көмегі тиері сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Меткенова Бакыткамал Кусбековна

Бастауыш сынып мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы

«Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ



Бастауыш сыныпта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу

жетістігін критерийалдыбағалау

Білім берудің қазіргі заман талабы- шығармашылықпен жұмыс жасайтын,бәсекеге қабілетті,құзіретті тұлға тәрбиелеу.

Оқыту- мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес,бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді талап етеді.Мұғалімдер өз кезегінде,өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқу ортасын құруы керек.

Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым –қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктері арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.

Критериалды бағалау-бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін,оқушылардың оқу танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын,айқын анықталған,ұжыммен шығарылған,білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс

Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса,онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді;

Бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса,онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді

Мақсаты:

Білім сапасын жоғарлату

Міндеттері:

Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігне көз жеткізуге;

Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге;

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

Сабақ берудің сапасын арттыруға;

Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

Ата-аналар үшін:

Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады;

Оқушылар үшін:

Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

Сыни ойлануға,еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге;

Практикалық маңызы

Тек қана оқушы жұмысы ғана бағаланады;

Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата –анасына ақпарат бере алады;

Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады;

Не үшін бағалаймыз?

Оқушының ілгерілеуіне қолдау жасау.

Оқу мен оқыту үдерісін жетілдіру барысында

мұғалімдер мен оқушыларға көмек көрсету.

Оқушы қалай оқиды және оны қалай жақсы оқытуға болады?

Оқушының жақсы жағы қандай және оны қалай дамытуға болады?

Оқушы қандай қиындықтарға кездесті және оны қалай жеңуге болады?

Джеймс және Педдер (2006) оқуды бағалау туралы кең таралған ойлардың жиынтығын үш фактормен

сипаттап айтып берді :

Оқудың айқындығы;

Өз бетінше оқудың алға жылжуы;

Нәтижелілікке бағытталу.

Бағалау дегеніміз не?

Баға дегеніміз – бір нәрсенің маңыздылығын немесе құндылығын анықтау.

Үлкен түсіндірмелі психологиялық сөздік

Бағалау латын тілінен аударғанда «жақын отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде біз оқушылармен бірге отырамыз. Біз барлығын солармен және солар үшін жасаймыз. Рәсімдерді оқушыларға тек қолданып қана қоймаймыз.

Грин, 1999

Бағалау – бұл оқытуды дамыту мақсатында оқушылардың дәлелдерін жинау үшін қолданатын формальды және формальды емес үдерістер

Блэк және Уильям, 1998

Біз неліктен бағалауды пайдаланамыз?

Ілгерлеуді өлшеу,оқушыларды ынталандыру,мұғалімдердің қажеттілігін анықтау,өзара бағалау,өзін-өзі бағалау,тиімді кері байланысжасау үшін және оқу мақсаттарын бағалау үшін.

Критериалды бағалаудың құрылымы:Критериалды бағалау – қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау болып бөлінеді. Жиынтық бағалау бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау,тоқсандық жиынтық бағалау,білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалау болады.

Қалыптастырушы бағалау-оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін,білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп,үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.

Жиынтық бағалау- белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан,оқу жылы,орта білім деңгейі),сондай –ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі.

Бөлімдер/Ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау:

Тоқсан ішіндегі бекітілген бағалау рәсімдері;

Оқу бағдарламасы бөлімнің оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау;

Тоқсандық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу;

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау:

Қорытынды рәсім әр тоқсанның аяғында өткізіледі;

Тоқсанның оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау;

Жылдық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу(тоқсандық бағалардың қосындысы)

Білім беру деңгейлерінің соңындағы жиынтық бағалау :

Негізгі және жалпы орта мектепті аяқтағанда өткізілетін қорытынды рәсім;

Пән бойынша күтілген нәтижелерге оқу бағдарламасының оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау;

Сыртқы бағалау

Бөлімдер/Ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау арқылы оқу жылы бойынша қорытынды баға шығады.

Білім беру деңгейлерінің соңындағы жиынтық бағалау арқылы аттестатқа түсетін қорытынды баға шығады

Қалыптастырушы бағалау үдерісі-жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу

Жоспарлау-Оқу бағдарламасы,оқу жоспары

Оқу мақсаттарын талдау және оқу бағдарламасына с»йкес бағалау критерийлерін анықтау.Қолжеткізген нәтижені анықтайтын бағалау құралдарын анықтау.Оқыту әдістерін жоспарлау,сабақ жоспарын құру.

Ұйымдастыру-критерийалды бағалау бойынша нұсқаулықтар,қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Дайындау: бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар дайындау

Тапсырмаларға: дескрипторлар құру,керібайланыс ұсыну түрлерін анықтау.

Өткізу- критериалды бағалау ережесі.Оқу үдерісін түзетуге қажетті ақпараттарды жинау,оқушылар мен ата-аналарға кері байланыс ұсыну.

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру тәжірибесіндегі түйінді мәселелер;оқушылар оқудың қандай сатысында, оқушылардың даму бағыттары қандай?,оқушыларды оқу мақсаттарына жеткізу үшін не істеу керек?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құру алгоритмі-оқу мақсаттарына шолу,ойлау деңгейлерін сәйкестендіру,бағалау критерийлерін анықтау,тасырмалар құрастыру,дескрипторлар құрастыру,соңында нәтиже.

Жиынтық бағалау үдерісі-жоспарлау,ұйымдастыру, өткізу

Жоспарлау-оқу бағдарламасы оқу, жоспары, оқу жылы бойынша бағалау жоспары.Пәннен сынып бойынша оқу бағдарламасына сәйке бағалауүдерісін өткізу саны анықталады,ғылыми жаратылыс және тілдк пәндер бойынша -бөлімдер.Әлеумттік-гуманитарлық пәндер бойынша –ортақ тақырыптар

Ұйымдастыру- негізгі,жалпы орта негізгі мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық,жиынтық бағалауға арналған әдітемелік ұсыныстар.Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар дайындалады.Бөлім ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар үшін дескриптолар мен ұпайлар(балл)анықталады

Өткізу- критериалды баалау ережесі.Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (мұғалім),тоқсан бойынша жиынтық бағалау (мұғалім),бөлім бойынша жиынтық бағалау.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмі-

Оқу мақсаттарына шолу,таңдау, тапсырмалардың ұзақтығын ескеру,тапсырмаларды спецификацияға сәйкес құрастыру,балл қою кестесін құрастыру,нәтиже.

Бөлім /ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма дайындау алгоритмі-бөлім,оқу мақсаттары,бағалау критерийлері, ойлау дағдыларының деңгейлері,деңгейлік тапсырмалар,дескрипторлар, рубрикалар.

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны: бағалау стандарты -білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар (күтілетін нәтижелер Б.Блум таксономиясына негізделген), пән бойынша оқу бағдарламлары –пән бойынша оқу мақсаттары, бөлім, ортақ тақырыптар, бөлімшелер. Бағалау құралдары-ойлау дағдыларының деңгейлері;білу,түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау.Сөйлеу әрекетінің түрлері:тыңдалым, айтылым,оқылым,жазылым.Бағалау критерийлері-білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.Бағалау үдерісі-түрлі деңгейдегі тапсырмалар-қалыптастырушы және жиынтық бағалау критерийлерге негізделген.

Нәтиже-кері байланыс күнделікті тапсырма,балдар әр бөлім және тоқсан бойынша,ойлау дағдыларының деңгейлері- әр бөлім және тоқсанды аяқтау бойынша,баға- оқу жылын аяқтау бойынша.

Пән бойынша оқу бағдарламасына шолу-бөлім, бөлімше, оқу мақсаты,оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен сәйкестендіру,бағалау критерийлерн құру,тапсырманың түрін анықтау және құрастыру,тапсырмаға дискриптор құрастыру

Кері байланыс-белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру,үн қату,пікір білдіру.Кері байланысты кім қамтамасыз етуі мүмкін? Мұғалім,оқушылар,өзі,

сыныптасы.

Математикадан I тапсырма.Өрнектерді берілген ұғымдармен сәйкестендір

0+19<20 18-x=4 10+20=30

теңдік теңдеу теңсіздік

Теңдікті анықтайды және тиісті ұғыммен сәйкестендірді

Теңсіздікті ажыратады,тиісті ұғыммен сәйкестендіреді

II тапсырма Теңдіктерді ажыратыңдар

5=5 3+4=7 2=3 16-6=10 8+2=9

тура теңдік тура емес теңдіктер

Тура теңдікті анықтайды,тиісті бағанға жазады

Тура емес теңдікті анықтйды, тиісті бағанға жазады

Сауат ашуI тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз

Қанат сурет салуды жақсы көреді.Оның альбомында неше түрлі суреттер бар.

Әрбір сурет түсті қарындаштармен боялған. Қанат күннің суретін салды.

Оның астына «Әрқашан күн сөнбесін!» деп жазды.

Мәтінде неше сөйлем бар?

Бірінші сөйлемде неше сөз бар?

Жұпта бір –біріне мазмұнын айтып бер

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қой

II тапсырма Көп нүктенің орына керекті сөздерді қойып жазыңдар

.................. білім бұлағы

.................. өмір шырағы

Керекті сөздер:кітап,білім

Жазу жолының сызықтары мен кеңістікті сақтайды

Әріп элементтерін дұрыс байланыстырады

Керекті сөзді сөйлеммен дұрыс байланыстырады

Сөйлемдерді сауатты, көрке жазады

Ол сөздерді бас әріппен жазады

Қорыта келгенде баланы қабілетті,қабілетсіз деп бөлмей зерттеу,бақылау арқылы баланың дамуы үшін жағдай туғызу керек.Өз бетімен жұмысқа жетелеу,өз күшіне сенімін нығайту-баршамыздың міндетіміз

Пайдаланған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Бастауыш сынып журналы

Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін аттыру жолдары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі