Материалдар / ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданы,

Ақтерек ауылы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

26 негізгі орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Құдайберген Айман Төлеуғалықызы


ТАҚЫРЫБЫ: «Зерде» интеллектуалды ойыны

ақсаты:Оқушыларға Қ.Р-сының тәуелсіздігі туралы түсінік беру.Танымдық бағдарламаны негізге ала отырып,қоғамдағы өзгерістерден сырт қалмауға баулу. Тез, дұрыс шешім қабылдауға үйрету.Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Түрі: танымдық ойын

Көрнекілігі: Әріптер, слайд, суреттер, таратпа материалдар т.б.

Өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ата-аналар,ұстаздар алда келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын! Танымдық ойынымызды бастаймыз.

Түсіндірме жұмыс: -Біз Қандай республикада тұрамыз?

-Біздің тіліміз?

-Президентіміз кім?

-Қазақстан қандай ел?

Тәуелсіздігіміздің белгісі :

1.туы

2.елтаңбасы

3.гимні

4.шекара

5.тілі

6.теңгесі

Тәуелсіз елдің балалары қандай болу керек?

Жоспары: 1.Топтарға бөлу

2.Ұран

3.1-айналым «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

4.2-айналым «Білгенге маржан»

5.3-айналым «Логикалық тапсырмалар»

Топтарды номерлеп қоямын

1-топ:Аманжол Айназ бен Калиакбарова Альфия

2-топ:Жақып Шапағат пен Жұмабай Самал

3-топ:Аманжол Нұрасыл мен Тельман Кәмила

4-топ:Амангелді Еркетаң мен Смагулов Алиби

ҚР-ның Мемлекеттік гимні орындалады

-Балалар, сендер өскенде кімге ұқсағыларың келеді?

-Қандай болғанды армандайсыңдар?

Әділ-қазы сайлау : 7-сынып оқушысы Бесбаева Аяулым

Ұран хормен:

Асау тұлпар арынды,оқуға сал барыңды

Біз жүректі қайраттымыз, жігерлі де айбаттымыз


1-айналым «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» Әр топ асық лақтыру арқылы өз пәндерін таңдайды.

қазақ тілі

1.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

2.Дауыссыз дыбыстарды ата.

3.Мәтін түрлері?

4.Сөйлем деген не?

5.Сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

6.Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі?

7.Қазақстан сөзінде қанша дауыссыз дыбыс бар?6

8.Тәуелсіздік сөзін тағы қалай айтуға болады?

9. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

10.»«У» дыбысы қандай дыбыс?

11. Дауыссыз и? қысқа Й

12.Тапсырма: Елім сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

дүниетану

1.Өсімдікке 5 қажетті ата.(АУА,СУ,ЖЫЛУ,ЖАРЫҚ, )

2.Дәнінен май алуға болатын гүлді өсімдік.

3.Бейбітшілік құсы

4.Тәуелсіздік символы қандай аң?

5.ҚР-ның Мем туында бейнеленген құс?

6.Жойылып кету қаупі бар аң мен құс қайда жазылады?

7.Судың қасиеті?

8.Астанадағы өзен?

9. Қорек, су іздеп, алыс жерлерді ұзақ шарлайтын жануар?түйе

10. Ғарышқа ең алғаш ұшырылған нелер?иттер

11.Адамның ыстығын қандай құралмен өлшейді?градустник

12. Тапсырма:Қоршаған ортаны бейнелеу

математика

1.5 пен 6-ның қосындысы.11

2.Қосудың компоненттері

3. 1 метрде неше сантиметр бар? /100см
4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? /айырманың мәні
5. 1 сағатта неше минут бар? /60мин.
6. Қарама - қарсы қабырғалары өзара тең фигура қалай аталады? /төртбұрыш
7.Қазақстанда қанша ұлт өкілдері бар?

8.Қосудың қандай қасиеттері бар?ауыст.Терімд

9.100 бен 20-ның айырмасы?80

10.Тәуелсіздікті нешінші жылы алдық?1991

11.Екеуіңнің жастарыңның қосындысы

12.Тапсырма:Үш буынды сынық сызықтың ұзындығын табу.

әдебиеттік оқу

1.Н.Ә.Назарбаев қай өлеңнің авторы?гимн

2.А.Байтұрсынұлы кім?ғалым,ақын,тқңғыш «Әліппе» оқулығын жазған,Қостанайда туған.

3.Ы.Алтынсарин туралы не білесіңдер?Қостанайда туған,қазақ балаларына арнап мектеп ашқан,қазақ хрестоматиясы оқу құралын жазған.

4. «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін жатқа оқыңдар

5.М.Жұмабаев кім,қандай әңгімесін білесің?Солтүстік Қазақстанда туған,ақын,жазушы,педагог.Балапан қанат қақты.

6.Дихан Әбілевтің қандай өлеңін білесіңдер?Туған тілім

7«Ұрлық түбі -қорлық» деген мақал қай ертегіде айтылады?Шибұт,қылмойын,қарынбас

8.Өлең жазатын адамды қалай атайды?ақын

9.Қойдың атасы?шопан ата

10. «Күз», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінің авторы?А.Құнанбаев

11. «Жағы қалақтай,мойны садақтай» қай жырдан үзінді?торы құлын

12.Тапсырма:қыс айын сипаттау, қар түрлерін жазу

2-айналым:

1-топ:Қазақстан қандай ел? тәуелсіз

Сендерді өмірге әкелген мейірімді жан.Ана

2-топ:2 ондық 3 бірлік.23

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба? қай өлеңнен? Астана

3-топ: Білім ордасы?Мектеп

Біздің ауданымыз?Қарқаралы

4-топ: Онсыз адам,өсімдік,жан-жануарға тіршілік жоқ.Ауа

Президентіміздің жұмыс орны? Ақорда

3-айналым «Логикалық тапсырмалар»

Ережемен таныстыру

1-топ:24 таяқшадан 9 төртбұрыш салынған.1 мин ішінде 4 төртбұрыш шығару керек.

2-топ:8 таяқшаны алып тастау арқылы 3 төртбұрыш

3-топ:6 таяқшаны алып тастау арқылы 3 төртбұрыш

1-топ:

1.Төрт қойдың неше аяғы бар?/16
2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы неше?/3кг
2-топ:

1. Сенің әке - шешең көршіңе кім болады?/көрші
2. Шөпте қояндар тығылып отыр. Тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Шөпте неше қоян тығылып отыр?/5 қоян
3-топ:

1. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?

/4 тәулік

2. Бес тырнаның неше аяғы бар?/10

4-топ:
1. Бір адам қалаға бара жатыр еді. Жолда оған үш танысы қарсы жолықты. Қанша адам қалаға барды?/1 адам
2. Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4 - еуі қайтып кетті. Нешеуі қалды?/ жазда сырғанақ болмайды
Отанымыз туралы мәнерлеп оқу

Самал: Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс кейпін,

Достым білгің келе ме ?

Айназ: Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді,

Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

Альфия: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Шапағат: Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Еркетаң: Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз – халқың.

Отан - өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Алиби: Отан - сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Кәмила: Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» - деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Нұрасыл:«Мәңгілік мақтан, 2. «Жасай бер, жаса,

Дауылпаз дастан – Тәуелсіз ел –

Қазақстан!» Қазақстан!»

Әділ-қазы:Марапаттау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!