400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекеме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы КМКҚ «Батыр»санаторлық бөбекжайының тәрбиешісі

Мынжанова Молдир Кайырбековна


Білім беру саласы: Коммуникация. Шығармашылық

Тақырыбы: «Қысқы ертегі»

Бөлімі: Сөлеуді дамыту, сурет

Мақсаты: Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту, тапсырманы мұқият орындау дағдысын үйрету. Қоршаған ортаны зертеуге деген қызығушылықтарын арттыру. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін таныстыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

Білімділік: Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын ояту. Түс- көңіл-күйді білдіретін құрал ретінде түсініктерін қалыптастыру суық түстерді қабылдауға үйрету. Түс арқылы суықты қабылдауды, сезінуді бақылау. Көк гаммада (көк,ақшыл көк, күлгін және ақ түс) берілетін түстерді анықтауды жаттықтыру жасыл түстің пайда болуын жаттықтыру. Үш жақты пішінді бояу техникасын негіздеу

Дамытушылық: Шығармашылық қасиеттерін, тілдерін сөздік қорларын дамыту. Оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын ояту. Балалардың жасаған жұмыстарын бағалай отырып, құлшыныстарын арттыру. Бояу,қылқаламды дұрыс қолдану дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу. 

Көрнекілер: Орман бейнесі бейнеленген макет, аңдар, шырша, сары,көк, жасыл түсті бояулар, бояуға арналған құралдарқарлар.

Блингвалдық компонент: Аю-медведь,қасқыр-волк,түлкі-лиса, тиын- , ақ-белый,көк-сиинй, көгілдір-голубой, күлгүн-фиолетовый .шырша-елка,ұлпа- пушистый, қар-снег

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі

«Есік қағып тұран кім екен?»

Түк-түк,түк-түк

Түк-түк, түк-түк

-Балалар есік қағып тұрған кім болды екен?

Балалар өз ойларын айтады

Балалар есікті қағып тұрған Күн ана екен ,бізді ұйқыдан оятып, бүгінгі күнге сәттілік тілеуге.

Қане балалар тұрыңдар

Үлкен шеңбер құрыңдар.

Көңіл-күйді көтеріп

Серпіліп бір алыңдар.

Отырамыз, тұрамыз

Ұқстай қанат қағамыз

Жүгіреміз, жүреміз

Міне біздер осылай

Шымыр болып өсеміз

Ұйымдастыру

Іздестіру

Жұмбақ жасыру:

Сылдырлардан қорқады

Шошынып ол жортады .......Жауабы не?

Балалар жауабын айтады : Қоян

-Балалар тағы қандай аңдарды білесіңдер?

Балалардың жауабы: Қасқыр, қоян, қасқыр,аю,тиын

-Бәрекелді, жарайсыңдар балалар осы аңдарды біз жабайы аңдар деп айтамыз.

Жабайы аңдар қайда мекендейді,қәне кім айтады ?

-Орманда мекендейді

-Балалар бұл аңдар өте қауіпті және де адамдардың көмегін қажет етпейді

-Бірақ балалар олар орманда өмір сүрседе өте қызықты күндерді бастарынан кешіреді.

-Сол орманда қалай өмір сүретіні, бастарынан небір қызықтар кешетінін білгілерің келеме?

Балалардың жауабы

-Ендеше қәнекей сол қызығы көп орманға барайық

Балалар орман алыста немен барсақ болады?

Балалардың жауабы: машина ,автобус т.б

Балалар жоқ біз автобуспен де емес, машинамен де емес шанамен барамыз

Мұқият мені тыңдаңдар

Сөзіме құлақ салыңдар.

Орманға бізде барайық

Қызығына батайық

Тамашалап ертегі

Қуанып біздер қайтайық

(Балалар екі-екіден тұрып жолға шығу)

Балалар жартылай шеңбердегі орындыққа жайғасады

Міне, біздер тап болдық

Аппақ қарлы орманға.

Мүлгіген тыныш алаңды

Басып жатыр тыныштық.

Көгілдір ашық аспанды

Көк жұлдыздар басқанда

Түрлі-түсті жұлдызды

Ұстасаң қолмен ызғарлы

Бойың мұздап тоңады.

Алаңда тұр кәрі емен

Бұтақтарын қар басып.

Сәулесінен жарықтың

Күлгін түсті бейненің

Көлеңкесі байқалат

Соққан желдің ызғары

Бұтақтарды қозғады

Көгілдір бұлтты аспанан

Мамық үлпа қар жауды

-Міне, қысқы ертегіміз сендерге ұнады ма?

-Мені мұқият тыңдадыңдар ма ?

-Ендеше ертегіге тағы бір тоқталып өтейін

-Ертегіде қандай түстерді байқадыңдар?

Балалардың жауабы: көк, күлгүн, ақ,көгілдір

Бұл түстерді суық түстер деп атаймыз

-Бұл ертегіде біздер нені сезіндік суықты ма ,ыстықты ма?

Балалардың жауабы: суықты

(іс әрекетпен көрсету)

-Ал ендешен ертегімізді одан әрі жалғастырайын

Күндердің бір-күнінде осындай қысқы орманда мынадай қызық оқиға болыпты:

Мүлгіген тыныш орманға бірінші болып

Өзі айлакер,өзі қу

Жүрген жері айғай шу

Ойлаған ісі іске асып

Жүретін әр кез шулутып

Жан-жағына қарап,бұраңдап Түлкі келеді.

Артынша сол орманға секіре басып

Төрт аяғы тең емес,

Бірі ұзын бірі қысқа

Қорқақ өзі

Қыли көзі

Қоян да жетті ентігіп.

Үшінші болып орманға мына аң келді жай басып

Төрт аяғы шалғы, Соңы болып Тиын келді

Орап кетер малды Ағашта оның үйшігі енді

Жүрген жерін шайпайды Қорегі оның жаңғақ

Қасқыр оның атауы Келді олда тез-ақ

Аңдар бәрі бас қосып, ақылдасқалы жатқанда кенеттен ағаштарды қозғап ,аппақ қарды бұрқыратып ортаға қорбаң-қорбаң басып аю келеді.

Аңдарда түсінбей аң –таң

Сен мұнда қайдан жүрсің маймақ аю-деп бәрі жан-жақтан сұрақтарды дүрсе қоя берді.

-Мен қалай тыныш ұйықтаймын, жаңа-жыл болса келіп қалды, мен мерекені жақсы көремін,

-Менде жақсы көремін деді- қу түлкі

-Мағанда ұнайды деді- сұр қасқыр

-Мағанда қатты ұнайды деді –қыли көзді қоян

Бірақ жаңа-жылды тойлау үшін бізге көрікті де, әсем шырша керек қой деді –Тиын

Аю былай деп жауап қатты: Біздің орманда шырша жоқ, бірақ мен шыршаны қайдан алу керек екенін білемін деді (ойлана сөйлеп)

Аю:Көрші орманда шырша көп, қәнікей бәріміз бірге жолға шығып шырша алып келейік деді.

Ойлана келе достар жолға шығады

Сергіту сәті: «Ұлпа қарлар»

(осы кезде екінші тәрбиеші шыршаны апарып қояды)Балалар орындарына отырады

Шырша келді ортаға

Бірақ түсі өзгеше.

Айтыңдаршы балалар

Не істеу керек ендеше?

Балалардың жауабы: бояу керек

Шыршаның түсі қандай болады балалар

Балаларың жауабы: Жасыл

Тәрбиеші балаларды үстелдегі дайын тұрған оқу іс әрекетіне керекеті құралдарды көрсетуге шақырады

Балалар қараңдаршы жасыл түсті көріп тұрсыңдар ма?

-Қандай түс көріп тұрсыңдар?

Балалардың жауабы: Сары, көк

Балалар қалай ойлайсыңдар сары түспен көк түсті қосқанда жасыл түс болатынына сенесіңдер ме?

Ендеше маған келіңдер мен сендерге сыйқырлы бояулардан, сыйқыр жасап беремін.

(тәрбиеші бояуларды қосу арқылы жасыл түс шығару. Түсіндіру,көрсету

Әуен ойналып тұрады

Балаларды бақылау,жекелеме көмек беру.Жұмыстарын аяқтап шыршаларын орманға әкеліп қою

-Балалар қалай ойлайсыңдар енді аңдар жаңа-жыл мерекесін тойлайма?

Балалардың жауабы: Тойлайды

-Балалар сендер өте жақсы іс жасадыңдар және көмек көрсеттіңдер,

жарайсыңдар

Енді өз балабақшамызға қайтайық, жолға шығайық

(шанаға отырып топқа оралу)

Тәрбиеші үстел үстіндегі қорапшаға назар аудару, ашып көр

-Балалар менің ойымша бұл сыйлық сендерге ормандағы аңдардан келген сыйы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
334
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі