Материалдар / Ашық сабақ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қаңқа құпиясы

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: 14.11.2019


Сынып: 2 «Г»


Қатысқан оқушылар саны: 31


Қатыспаған оқушылар саны: 0


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.3.1 - адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау

2.2.3.2 - дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;


Бағалау критерийі

Қаңқаның құрылымын анықтайды.

Адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтайды.

Дене сымбаты туралы өз ойларын ортаға салады.


Құндылықтарды дарыту.

Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.


Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.


Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.


Тірек сөздер:

Қаңқа, сүйектер, дене сымбаты.


Жоспарланған уақыт


Басталуы

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

(Ұ) Психологиялық дайындық

Мен қазір сұрақтар қоямын, ал сендер жауапты қимылмен көрсетесіңдер:

А) сендер мектепке жақсы көңіл күймен келдіңдер ме?

- бастарын изейді

Ә) егер сендер адам бойындағы адамгершілікті бағалайсыңдар ма?

-бір адым алға басады

Б) сендер өз күштерің мен білімдеріңе сенесіңдер ме?

- аяқтарымен секіреді

В) Сендерді қазақ елінің –жағдайы ойландыра ма ?

-қол шапалақтайды

Г) Сендер өздеріңді қазақ елінің- патриоттарымыз деп есептесеңдер ме?

- қолдарыңды кеуделеріңдегі жүрек тұсына қойыңдар

Осындай жақсы көңіл-күймен орнымызға отырайық

Бағалау түрлері


Алдыңғы білім

Сұрақ-жауап.


Өткен сабаққа шолу.

Балалар, біз сендермен осы уақытқа дейін қандай бөлімдермен таныстық. Атаңдаршы. (оқушылардың жауаптарын тыңдау)

1.- Бөлім. Өсімдіктер

2.- Бөлім. Жануарлар.

Балалар, маған өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беріңдерші.

1. Өсімдіктер қайда өседі?

2.Өсімдікке тамыр не үшін керек?

3. Өсімдіктің қандай бөліктері бар?

4. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді? Ата.

5. Үй жануарлары адамға қандай пайда әкеледі?

6. Жабайы жануарлардың үй жануарларынан айырмашылығы қандай?

Тақырыпты ашу

Олай болса балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешіп көріңдер. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын жұмбақ шешіп көрейікші.

1.Сырты орман,

Алды жазық құрлықты,

Араласаң,

Табасың жеті құдықты. (бас)


2. Құрамалы сырық,

Берсең ырық.

Кетесің тұрып,

Барасың жүріп,

Қаласаң,

Отырасың бүгіп. (аяқ)


3. Бунақты көсеу,

Тармағы бесеу.Ол не? (қол мен саусақ)


Балалар, бұлардың барлығы неге жатады? (адамның дене мүшелеріне)

Біз сендермен ары қарай жаңа «Адам» бөлімімен танысатын боламыз. Адам бөлімінің бірінші сабағы «Қаңқа құпиясымен» танысамыз.


































Оқулық,

мәтіндер.





Ортасы








Топпен жұмыс.















































Ұжымдық

жұмыс.



Сергіту сәті


Жұптық жұмыс.

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

1-Тапсырма. «Қаңқа» (видео арқылы тақтада түсіндіру)

Қаңқа- адам денесін ұстап тұратын сүйектердің жиынтығы. Ол ішкі мүшелерді қорғайды әрі денеге пішін береді.

Бас сүйек бастың пішінін береді. Қабырғалар, төс сүйек пен омыртқа кеуде қуысын құрайды.

Қолдану

1 топ

Қаңқа бөліктерін жаз:

Керекті сөздер: бас сүйек, қабырғалар, омыртқа, қол сүйектері,аяқ сүйектері, жамбас, төс сүйек.

Критерий

1.Қаңқа бөліктерін жаза алады.

2. Керекті сөздерді пайдаланады.


2-топ:

Қаңқаның қызметі

Бос орынға қажетті сөзді жаз.

__________________________________бастың пішінін береді.

Төс сүйек, __________________________________және омыртқалар кеуде қуысын құрайды.

Қол мен аяқты ______________________________мен _____________________құрайды.

Қажетті сөздер: қабырғалар, қол сүйектері, бас сүйектері, аяқ сүйектері.


3-топ

Дене сымбаты

Суреттерге назар аудар. Қай суреттегі баланың дене сымбаты дұрыс жетіледі деп ойлайсың? Сол суретті боя.

(баланың дене сымбаты дұрыс суреттерді бояйды)

(Жауабы: 2, 5, 6)


4-топ

Дене күтімі

Денеге қандай күтім керек?

Ережесін жаз.


5топ

Қаңқаның негізгі бөліктері

ҚShape1 аңқадағы негізгі бөліктер саны?

Бөлік атауларын жаз.


6топ

Қызықты мәліметті толықтыр

Сен білесің бе?

Жұп қабырға саны?

АShape2 дам денесінде нешеге жуық сүйектер бар, саны?

Ең жалпақ сүйек?_______________________________


Ең ұзын сүйек?_________________________________

СShape3 үйек неше жасқа дейін өседі?


Зерттеу

(оқушыларға саусақтарын,басын, шынтақтарын ұстап көруге ұсыныс жасаймын. Нені байқадың?




Білім ленд платформсында тест




Сергіту сәті

Сергіту сәті ( ортақ тақырып шығатындай есептер шығарады)



Аяқталуы

Сабақты бекіту

Синтез

"Таңда да таста" әдісі

"Таңда да таста" әдісі


Үйге тапсырма:

Мазмұндау.



ЖИ арқылы жасау
23 Желтоқсан 2020
380
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі