жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ.
Ерте жыныстық қарым – қатынасқа түсудің алдын алу
Атақты Шалкиіз жырау: «Қыз он беске келгенде, шашынан көп жаласы», – деген ғой. Қырмызы қызыл гүлдей жайқалып өсіп келе жатқан қыз балаға, бой жеткенге кім қызыға қарамайды. Бірі «Менің келінім болса ғой» деп армандаса, екіншісі құмарта көз тастайды... Осындай нәпсіқұмар, арам ойлы адамдар ғой көбінесе жас қыздарды алдап-арбап, обалына қалатындар да, жезөкшелік жолға түсіретіндер де, ерте жүкті етіп, абыройын айрандай төгетіндер де. Әрине, жас қыздардың ішінде ненің халал, ненің харам екенің, оның зардап, зиянын түсінбей жақсы көрген жігітімен жыныстық қарым-қатынасқа түсіп, кәмелеттік жасқа толмай екіқабат болып қалатындар да көп.
Ерте жүкті болудың зияны
Дәрігерлердің түсіндіруінше, қыз балалардың дене мпүшелері 18 жасқа дейін қалыптасып, өседі. Ағза толық жетілмеген кезде жыныстық қатынасқа түсу де, жүкті болып қалып, босануы да өте ауыр болады, денсаулығына зиянын түсіреді. Ерте жүкті болып қалған қыздарда жиі кездесетін аурулар: аяқтың күп болып ісінуі, қан қысымының көтерілуі, ашуланғыштық, жүйке күйзелісі, ұйқысыздық. Осындай жағдайда операция (ота) жасатып, баласын алдыртып тастайтын болса, денсаулығы күрт нашарлайды, енді қайтып бала көтере алмай, бедеу болып қалуы да әбден мүмкін. Өмір тәжірбиесі көрсеткеніндей, қыздар алғашқы баласына аборт (жасанды түсік) жасатқанында көбінесе, енді қайтып ұл-қыз сүймей, бұл дүниеден аһ ұрып өтеді.
Кез келген қыз бала ерте жүкті болып қалғанында әлі әйел болып қалыптасып үлгермегендіктен, психологиялық дағдарысқа ұшырайды. Жасөспірім қыз «күнәсіне» қысылып, әке-шешесінің, туған-туыстарының қас-қабағына қарап, жабырқап жасиды, қайғыға батады, қорланып қысылады. Елдің көзіне түсуден қашады, тасада тығылып өмір сүреді. Жүктілігін енді біліне бастағанында оны жасыру үшін оны белдікпен (орамал, белбеу, шалмамен) қатты тартып тастайды да, іштегі баланың толық жетіліп, дамуына зиянын тигізеді. Содан туған баласы әлжуаз, кемтар да болып шығады. Орыстар мұндай баланы «Не желанный ребенок» (Құдайдан қаламаған бала), – «Некесізғ хзаңсыз туған бала» деп атаса, қазақтар мұндай баланы кемсіткенінде «Ойнастан туған» – дейді.
Дәрігерлердің айтуынша, тым ерте босанған жасөспірім қыздар некелесіп, шаңырақ құрса да екінші баласын өмірге әкелуге асықпайтын көрінеді. Біріншіден, жас кезінде бала туғанында қатты қиналғандықтан, соны есіне алып, екіқабат болудан, бала туудан қорқады. Екіншіден, бірінші баласын лажсыз туғандықтан, қайта бала сүюге құштарланбайды. Аналық сезімі уақытша болса да «сөніңкіреп» қалған. Олардың көбісі тұрмысқа шыққаннан кейін он-он бес жыл өткен соң ғана екінші баласын өмірге әкелуді ойлайды. Ең өкініштісі, бұл кезде оның қайта бала көтеруге денсаулығының жарамауы, мүмкіндігі болмауы жиі кездесетін жағдай көрінеді...
«Біріншіден, балаларымызға ұл мен қыз баланың жыныс мүшелерінің акотомиялық-физиологиялық функциясының ерекшеліктерін ерте жастан (керек десңіз 3–4 жастан бастап) түсіндіре беру қажет.
Екіншіден, отбасында әкесі ұлына, шшесі қызына жыныстық қатынасты ерте бастаудың неге әкелетінін түсіндіруі керек, сонымен қатар үлкендер жыныстық қатынасқа мүсуін жасөспірімдерге көрсетпеуі қажет (бұл жыныстық қатынасқа ерте түсуіне себепші ьболады).
Үшіншіден, мектеп жасындағы жасөспірім ұлдар мен қыздарды әртүрлі үйірмелерге және спорт түрлеріне қатысуын қадағалап, соған баулу керек (бұл жыныстық қатынасқа ерте түспеуіне себепші болады).
Төртіншіден, контрацепция мәселесіне келетін болсақ, онда жасөспірім қыздарға жүктіліктен және жыныс жолдарымен берілетін аурулардан сақтану әдістерін мұқият түсіндірген жөн. Мысалы, Америкадағы және Еуропа елдеріндегі сияқты күйекті (презервативті) қыз бен ұл балалардың қалталарына салып беруге болады».
Ерте жыныстық қатынасқа түсу
Жасөспірім қыздар ең алғаш рет қандай жағдайда жыныстық қатынасқа түседі, оған не себеп болады, деген сауалға дәрігерлер мен психологтар, құқық қорғаушылар мынандай да жауап қайтарады: «Жасөспірімдердің алғашқы жыныстық қатынасқа түсуіне олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері де, отбасындағы, мектептегі тәрбиесінің нашарлығы да, өмір сүретін өңірі, ортасындағы жағдай да, өзінің жыныстық қатынасқа ерте құмартқан белсенділігі де, тледидар, кинотеатрлардан порнографиялық фильмдерді жиі көруі де себеп болады. Педофильдердің зорлауына, алдап-арбауына түсіп қалуы да жасөспірім қыздарды бқзып жібереді».
Тұрмыс жағдайының нашарлығынан кейбір жасөспірім қыздардың әлдекімдердің еліктіріп, желіктіруінен тәнін ақшаға сатып, «түнгі көбелектерге» айналатындары да аз емес. мұндай жағдай Еуропада, Азияда, Африка елдерінде кең өрістеген, әсіресе АҚШ-та көпшіліктің өмірлік салтына айналған. Нақты деректер бойынша, Ресейде жасөспірім қыздар бірінші рет жыныстық қатынасқа орташа алғанда 16,1 жаста түссе, Америкада және Еуропада дасөспірім қыздардың жыныстық қатынасты 12–13 жастан бастайтыны анықталып отыр. Ең өкініштісі, қай елде де жасөспірім қыздардың алғашқы жыныстық қатынасқа түсуі жүктіліктен сақтанусыз өтеді екен. Сол себепті, жүктілік жасөспірім қыздар арасында жүкті әйелдердің жалпы санының 1,5 пайызын құрайтын болып шықты.
Т. Төлендиев пен Қ. Иманбаевтың «Қызым, саған айтам...» атты кітабында (Алматы, «Қазақстан», 1991) ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияны жөнінде былай деп жазылыпты: «Кәмелетке жетпей жатып еркекке жақындау қауіпті, опық жегізеді. Пісіп-жетілмей тұрған кезде, өздерің әлі балалық жақтан өтпей тұрғанда жүкті болып, бала тауып қалуларың мүмкін. Оның үстіне сендердің әлі мамандықтарың да, тәжрибелерің де жоқ қой. Оқуларың, өсіп-жетілулерің керек.
Еркекпен ерте жақындасудың зардабы да, салдары да көп. Ойда жоқта жүкті болып қалу – жас қыздардың денсаулықтарын құртады, көптеген жағдайларда өмірлеріне қатты нұқсан келтіреді. Қазір бедеуліктің 16 пайызына тұңғыш біткен баланы алдырып тастау себепкер. Бір-екі кездесе салып жас қызбен жыныстық қатынасқа түсуді талап ете бастайтын жігітің ойы арам, бұл оның қызды сүймейтіндігінің белгісі, ойлағаны – қызбен жатып құштарлығын қандыру ғана».

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген