жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
Коучинг жоспары
Сабақтың тақырыбы: Топтық жұмысты ұйымдастыру.
Өткізілетін уақыты: 06 01.2014 ж. 90 минут.
Сабақтың мақсаты: топтық жұмыстың баланың оқуға деген ынтасын арттырудағы тиімділігін айқындайды,оны пайдалануға дағдыланады.
Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:
-
Оқушыларды оқу процесі барысында топпен жұмыстың тиімді екенін анықтауға дағдыланады.
-
Ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеуге үйренеді.
-
Топтық жұмыс оқушыларда ұжымдық сезім қалыптастырып,бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін ұғынады.
Сабақтың нәтижесі: Топпен жұмыстың баланың оқуға деген ынтасын арттырудағы тиімділігін анықтайды және бірлесе істеген жұмыстың нәтижелі болатындығын айқындайды.
Коучингті өткізу әдістері: сұрақ -жауап, «Миға шабуыл»,сахналау, «Ақылдың алты қалпағы»,«Шеңбер»әдісі.
Қолданылған құралдар: ватман, түрлі бейнелеу құралдары, А4 қағаз,маркерлер,смайликтер,түрлі қағаздар.
Коучинг барысы
|
Уақыты |
Коучтің іс- әрекеті |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
|
10 мин |
І. Тақырыпты ашу. Нұсқау.Шеңбер болып тұрып, бір -бірінің алақанына жақсы тілек айтып ұруы керек. Халқымызда «асар,асарлату» деген ұғым бар. Сол асарды не үшін жасайды? Өз ойларын айтады. Сұрақтар: 1.Асарлатып жасаған жұмыс қалай бітеді? 2.Асарлатып жасаған жұмыс пен топпен бірге жасаған жұмысты қалай салыстырар едіңіз? 3.Осы айтылғандардан қандай қорытынды жасай аласыз? Қорытынды. »Жұмыла көтерген жүк жеңіл». |
Ойланады,өз жауаптарын айтады. |
|
10мин |
II. Топқа бөлу. Қиылған суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлемін. (5минут) Нұсқау: Әркім өз сыңарын табу арқылы топқа бөлінеміз. Топ ережесін құру. Нұсқау: (Мысалы әр адамның өзінің ұстанатын қағидасы,ережесі болады,мектеп ережесі болады, оқушы ережесі болады, сол сияқты топтың да ережесі болуы керек ) Топ ережесі: 1 .Жақсы тілек айту. Сұрақтар: 1.Топ ережесін құрудың қандай маңыздылығын бағалай аласыз ба? 2.Топ ережесін құрудың нәтижесі қандай болмақ? |
Топтарға бөлінеді. Топ ережесін құрады. |
|
10мин |
ІІІ. «Миға шабуыл» әдісі. Нұсқау. Бейнежазбаны көреміз. «Сынық құмыра» бейнежазбаны көрсету.
кейбір жасырынып жатқан қасиеттерін аша алмай жүрген жоқпыз ба?
Мұғалімдер жауабын тыңдау |
Ойланады,мысалдар келтіреді, пайымдайды,астарлайды, өз сөзімен баяндайды,түсінеді, қысқаша айтады. |
|
15мин |
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Табыс критерийі: 1.Топтық жұмысты ұйымдастыру. 2.Топ ережесін құру. 3.Топпен жұмыстың тиімділігін анықтау. 4.Топпен жұмыс балаға қызықты әрі тартымды әрекет екендігін ұғыну. 5.Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым -қатынаста ғана дамитынын анықтау. Топпен бірлесіп табыс критерийін талқылау. Сұрақтар: 1.Сіздер не ұсынар едіңіздер? 2.Неге ерекше көңіл бөлер едіңіз? |
Талқылайды,өз ұсыныстарын айтады. |
|
15мин |
ІV. Тапсырма орындау. Нұсқау. Сұрақтар мен жауап дайындап,кейін сахналап көрсетеміз. 1-топқа.Сіз жаңа үлгідегі компьютер сатып алу үшін дүкенге бардыңыз,сатушыдан компьютер туралы мәлімет алу керек.Cұрақтар мен жауаптарды дайындаңыздар. 2-топқа.Жазғы демалыс кезінде Астана қаласына бардыңыз.Қаланы аралау кезінде шетел азаматымен кездесіп қалдыңыз.Сұхбаттасқан кездегі сұрақтар мен жауаптарды дайындаңыздар. 3-топқа.Сіз журналист болып мұғалімнен сұхбат алып жатырсыз.. «ХХI ғасыр мұғалімі неге өзгеруі керек деп ойлайсыз?».Интервьюде қандай сұрақтарды қолданар едіңіздер? Сұрақтар:
|
Топпен талқылау. Сұрақтар құрастырады. Ой салады. Әр топ өз ойларын қорғайды. Мысалдар келтіреді,жобалайды. Сахналап көрсетеді. Топтар бір-бірін бағалайды. Өзара бағалау. |
|
7мин |
Сергіту сәті. 1.«Менің қасиеттерім қандай?» |
Ақ параққа қасқыр,мысық, ит,тышқан деген сөздерді өз қалаулары бойынша рет ретімен жазу. Қасқыр – батылдық . Ит - адалдық . Мысық - жұмсақтық Тышқан-ұсақтық. 1-қасиет. Өзімізге жетпейтін қасиет. 2-қасиет. Өзімізде бар қасиет. 3-қасиет. Басқалардың сен туралы ойы 4-қасиет. Неден қашқақтай- тынымызды көрсетеді. |
|
15мин |
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша бір сөзге талдау жасау. Әр қалпақтың тапсырмасын жазып тарату. Нұсқау.Берілген сөздерді әр қалпақтың тапсырмасы бойынша сипаттап шығасыз- дар. «Компьютер»,«автобус»,«телефон» Сұрақтар:
|
Топпен жұмыс.Сипаттайды, баға береді,салыстырады,сурет тейді,қорытындылайды. Өзара бағалау. |
|
15 мин |
V.Кері байланыс. «Шеңбер» әдісін пайдалана отырып, бүкіл қатысушылар болып талқылау. 1.Топпен жұмыстың маңыздылығын және тиімділігін қалай бағалайсыз? 2 .Өзіңіз тәжірибеңіздегі сабақтан бүгінгі сабақтың айырмашылығын таба аласыз ба? Қайсысын таңдар едіңіз? 3.Топпен жұмысты қалай қолданар едіңіз? 4 .Бүгінгі сабақтан қандай қорытынды жасай аласыз? |
Ой бөліседі, талқылайды,қолдайды, қорытынды жасайды. |
Ескертпе:(Мен ойлаймын, егер де, мен есептеймін, сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә,бірақ, сіз қайдан білесіз,мүмкін сияқты лингвистикалық сөз мәнерін қолдан керек екенін ескерту)
VI. Сабақтан үйренгенін, келесіде қай тақырыпты қарастырғысы келетінін сұрақтар арқылы айқындау.
Бүгінгі сабаққа рефлекция жазады. (15 мин )



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген