Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балапан» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Кіші саласы: Драма

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі

Мақсаты: Ертегі мазмұнын айту, кейіпкерлер арасында диалог құруға үйрету. Халық шығармашылығына қызығушылықтарын, өзара қарым-қатынас құруды, интонацияға байланысты мимика, қимыл-қозғалыс, дауыс ырғағын дамыту. Достық қарым-қатынас қалыптастыру. Игровизор, Кюизенер таяқшалары арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту. Ертегіге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Оқу

іс – әрекетінің кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық-

Қозғаушылық






Есік қағылады. Ішке әже кіреді.

Әже: - Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Тәрбиеші: Әже, сіз мұнда не істеп жүрсіз?

Әже: - Мен балалардан көмек сұрап келдім. Мен немерелеріме айтып жүрген ертегімді ұмытып қалдым.

Балалар амандасады.

- Сәлеметсіз бе?

- Здравствуйте.

- Хэлоу.

Отырады.

Қызығушылық танытады.

Әжемен амандасады.




Ұйымдастырушылық-

ізденіс

- Әже ол қандай ертегі?

Әже: - Ол ертегінің ішінде аюы бар.

Балаларға әжеге көмектесуге ұсынамын.

Игровизор арқылы қай ертегіде аю бар екенін табу.

Әже: - Жоқ-жоқ, бұл ертегі емес.

Әже: Балалар, мен сендерге келе жатып, мына сиқырлы сандықты тауып алдым, сендердікі ме?

Қорапты ашып, ішіндегіні алып шығады.

- Балалар, бұл не?

Бөліктерден суретті құрастыруды тапсыру.

- Ал, енді әже ертегіні есіне түсіру үшін сахналап берейік.


- Ерте, ерте, ертеде орманда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрады. Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді.


Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп,  осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.









Балалар көмектесуге келіседі.

Игровизормен тапсырманы орындайды.



-Жоқ, біздікі емес.



Балалар таңырқай қарайды.

- Суреттер.

Суретті құрастырады, «Үйшік» ертегісі екенін айтады.




Тышқан:
- Пи-пи-пи. Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?


Бақа:  

- Бақ-бақ-бақ. Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан:

- Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа:  

-  Мен бақылдауық бақамын. Тышқан:           

 - Кел, бірге тұрайық.

Ұйымдастырушылық-

ізденіс

Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.   Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян келеді.














Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүріп жатады. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезені қағады.














Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған даусымен: 
 



















Қоян:

- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан:

- Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа:  

-  Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?

Қоян:  

- Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі:

- Кел, бірге тұрайық.



Түлкі:  

- Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар ?
Тышқан:

- Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа:

- Мен бақылдауық бақамын!
Қоян:

- Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?
Түлкі:  

- Мен қу  түлкімін.
Үшеуі:  

- Кел, бірге  тұрайық.





Қасқыр:

- Бұл үйшікте кім бар?
Тышқан:  

-Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа:

- Мен бақылдауық бақамын!
Қоян:  

- Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі:

- Мен қу түлкімін! Ал  сен кімсің?

Қасқыр:  

- Мен сұр қасқырмын!
Бәрі:   - Кел, бірге тұрайық.


Ұйымдастырушылық-

ізденіс

Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтседе кіп–кішкентай үйшікке
бесеуіде  сыйып кетеді. Тату –тәтті өмір сүреді.

Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар даусымен:



















Аю әрі-бері тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:

















Аю:

- Сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?!
Тышқан:  

- Мен тықырлауық  тышқанмын!
Бақа:

- Мен бақылдауық бақамын!
Қоян:  

- Мен қорқақ қоянмын!
ішке кіреді.  

Түлкі:

- Мен қу түлкімін!
 
Қасқыр:

- Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю:  

- Мен қорбаңбай аюмын!  
Бәрі:  

- Кел, бірге тұрайық.




Аю:

- Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Бәрі:

- Жоқ қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Аю:  

- Қорықпаңдар түкте болмайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

- Ал, балалар, енді аңдарға жаңадан үйшік жасап берейік.

Балаларға Кюизенер таяқшалары арқылы үйшікті құрастыруға тапсырма беру.

Әже балаларды мадақтап, рахмет айтып, қоштасады.

- Балалар, бізге кім қонаққа келді?

- Әже қандай ертегіні ұмытып қалды?

- «Үйшік» ертегісінде қандай аңдар бар?


Балалар келіседі.


Кюизенер таяқшалары арқылы үйшікті құрастырады.


Әжемен қоштасады.

- Қонаққа әже келді.

- «Үйшік» ертегісін.

- Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю.

Күтілетін нәтижелер:

ұғынады: ертегі мазмұнын айту, кейіпкерлер арасында диалог құруды;


түсінеді: интонацияға байланысты мимика, қимыл-қозғалыс, дауыс ырғағын;


қолданады: жаңа технологиялар игровизор, Кюизенер таяқшаларын пайдалануды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
303
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12