400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тежеужүйесініңқұрлысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы


Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі




БЕКІТЕМІН

колледж әдіскері

______А. Т. Қожабекова

«___»_______ 2017 ж.



САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ


Кәсіптік техникалық пәндік циклдік комиссия


1201000 –« Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына




Shape1


Тақырыбы: Тежеу жүйесінің түрлері және атқаратың қызметі

Антиблокировкалы АБС жүйесі





Арнайы пән оқытушысы: Мамбетов А.С.










Т. Рысқұлов 2017 ж.







Тобы

Күні

ЖА-531

12.12





№ 46 сабақ жоспары


Пәні: Автокөлік құрылысы

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: интербелсенді

Сабақтың тақырыбы: Тежеу жүйесінің түрлері және атқаратың қызметі

Сабақтың

мақсаты:






а) білімділік: Оқушыларға антиблокировкалы тежеу жүйесін түсіндіру.

АБС тежеуіштері туралы түсінік беру, тежеу жүйесінің құрамды бөлшектерімен таныстыру, өткізгіш құбыр, сезгіш, П.К. жүйесі және дискілі жұмыс принціпімен таныстыру, пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

б) тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру.

Еңбек тәрбиесіне баулу, мамандыққа бағдар беру.

ә) дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, техникалық көрнекіліктерді тиімді пайдалану. Оқушылардың жалпы қаблеттілігін, белсенділігін дамыту.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту. Техника мен ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалана білу.


Сабақтың технологиясы мен әдіс тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау, Вассерман технологиясының ойын элементтері

Пәнаралық байланыс: Автокөлік пайдалану, материалтану, физика.

Сабақты жабдықтау: а) стикерлер ә)оқулықтар б) үлестірме кеспе-қағаздар

в) интербелсенді тақта г) макет, плакаттар

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.И.П.Пысханова «Автомобиль» М:1975ж.

2.А.М.Гуревич, Е.М.Сорокин «Трактор и автомобиль»

Қосымша әдебиеттер:

3.Е.В.Михайловский, К.Б.Серебряков, Е.Я.Тур «Устойства автомобиль» М:1981 г.

4.П.Д.Жүнісбеков «Автомобильдің құрлысы және пайдалануы»



Сабақтың барысы мен мазмұны:



Сабақтың кезеңдері



Мазмұны



Уақыты

І.Ұйымдастыру кезеңі


а) Сәлемдесу, түгелдеу, аудитория тазалығын тексеру, студенттердің сабаққа дайындығын бақылай отырып, топқа бөлу

Студенттер арасынан топ белсенділері шығып, өз командасын жинап, екі топқа бөлініп отырады («Білімділер», «Тапқырлар»)



5мин








II.

Өткен тақырыптарға шолу: «Еске түсір» - сұрақтар арқылы, тестер, дидактикалық карточкалар арқылы: а) ұжымдық жұмыс;

ә) топпен жұмыс; б) жекелей жұмыстар жүргізу.

1) Зымыран ойыны арқылы тексереміз


1.Автомобильдің жалпы құрлысы

2.Кривошипті-шатунды маеханизм

3.Поршень- шатун топтарын жіктеу

4.Автомобильдің негізгі бөлшектері

5.Майлау жүйесінің құрлысы

6.Беріліс қорабының түрлері

7.Двигатльдің жалпы құрлысы

8. Стартердің атқаратың қызметі

9. Газ тарату межанизмі

10. Аккумулятор батареясының атқаратын қызметі

11. Салқындату жүйесінің қаша түрі бар ?

12. Генератордың атқаратын қызметі мен құрлысы

13. Рульдік миханизмнің түрлері

14. Қозғалтқыш механизмдері

15. Қозғалтқыш жүйелері

16. Арнайы сұйықтық түрлері

17. Шиналардың желінуіне әсер ететін факторлар

18. Трасмиссияның қызметі

19. Қоректендіру жүйесінің атқаратын қызметі

20.Автокөлікті оңға солға бағыттау механйзімі


2) Әріпке техникалық сөз сайысы. (Студенттерге өз мамандықтарына сәйкес, автомобильдерге байланысты бөлшек атарын, механизімдер аттарын жазады)

5мин

ІІІ.

 Жаңа сабақты түсіндіру: (слайд арқылы)

Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:

1.Тежеу жүйесінің түрлері

2.Тежеу жүйесінің құрлысы

3. Антиблокировкалы AБС жалпы құрлысымен таныстыру

1.Тежеу жүйесінің түрлері

Тежеуіштер автомобильдің жылдамдығын баяулатуға және тегіс емес жерде бір орнында ұстап тұруға арналған. Олардың түрлері:

1.Жұмыстық тежеу жүйесі. Бұл автомобильдің басты тежеу жүйесі, барлық доңғалақты тежеп, жүріс жылдамдығын баяулатуға және шұғыл тоқтатуға арналған. Көбінде бұл тежеу жүйені аяқ тежеуіші деп атайды;

2.Тұру тежеуі. Көбінде тұру тежеуішін автомобиль тоқтағаннан кейін қосады, сондықтан ол автомобильдің бір орнында қалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе автомобильдің жетекші доңғалақтарына трансмиссияның білігін тежеу арқылы әсер етеді. Бұл жүйе қолмен басқарылады, сондықтан оны қол тежеу жүйесі деп те атайды.

3.Қосымша тежеу жүйесі. Автомобиль жолдың ұзақ ылди бөлігімен жүргенде жылдамдықты шектеуге арналған. Шектеуіш-тежеуіш трансмиссия білігіне әсер етеді, басты тежеу жүйесін қызудан және таулы жерде тез істен шығудан сақтайды. Жүк автомобилі қала сыртында әр 100 км жолда жүргізуші 125 рет тежеу жүйесін іске қосады, таудағы жолда осы жүйені іске қосу 1000-ға жетеді.

5.Тіркемелік тежеу жүйесі. Тіркеме доңғалақтарына жүріс кезінде, тоқтағанда және тіркеменің жүріп келе жатқан автомобильден ажырап кеткенінде тежеуге арналған.

Жұмыстық, тұру және қосымша тежеу жүйелері барлық автомобильдерде қолданылады, ал көмекші-толық салмағы 12 тоннадан асатын ауыр жүк автомобильдерінде және толық салмағы 5 тоннадан асатын автобустарда, тіркемелік тежеу жүйесі автопойыз тіркемелерінде пайдаланылады.

Автомобильдерде атқаратын қызметтеріне және қызметіне және қолданылатын типтеріне байланысты әр түрлі тежеуіш жетектерін қолданады, механикалық, гидравликалық, пневматикалық және аралас типті жетектер.

2.Тежеу жүйесінің құрлысы

Тежеу жүйесінің жалпы құрылысы Тежегiш жүйенiң құрылысы негiзiнен екi тораптан тұрады: бiрiншiсi тежегiш торап, екiншiсi оның жетегi. Тежегiш тораптар да құрылыстарына қарай колодкалы немесе дискiлi болып екiге бөлiнедi, ал жетек торабының құрылысына қарай гидравликалық немесе пневматикалық жетек болып бөлiнедi. Ендi төменде солардың бiр түрiн қарастырып, басқаларының ерекшелiктерiне тоқталамыз. 3.3-суретте гидравликалық жетегi бар колодкалы тежеу механизмiнiң құрылысы көрсетiлген. Мұндай жүйе автомобильдiң әрбiр жүрiс дөңгелектерiнде қойылған колодкалы тежегiш қондырғылар (4) мен гидравликалық жетек торабы болады. Гидравликалық жетек торабы жүргiзушi педалiнен (1), басты гидроцилиндрден (2), таратқыштан (3), вакуумдық күшейткiштен (5) және керi клапаннан (6) құралады. 3.3. – сурет. Гидравликалық жетегі бар тежеу жүйесі. Гидравликалық жетегi бар тежеу жүйесi мына төмендегiдей жұмыс iстейдi. Автомобильдi тежеу үшiн жүргiзушi педальдi (1) белгiлi бiр күшпен (Q) итередi. Сол кезде басты гидроцилиндр iшiндегi толып тұрған сұйық түтiктер арқылы тежегiш қондырғыдағы жұмысшы гидроцилиндрге келедi. Ондағы жұмысшы поршендерi сұйықтың қысым күшiмен екi жаққа қарай жылжиды да оған жанасып тұрған тежегiш колодкаларды сыртқа қарай кередi. Бұл колодкалардың сыртында жүрiс дөңгелектерiмен бiрге айналатын барабан киiлiп тұрады. Ендi колодкалар сол барабандарға жанасып, үйкелiс күшiн тудырғандықтан, автомобильдiң жүрiс дөңгелектерiнiң кедергiлерi артып, жылдамдықтары азаяды. Сонымен тежегiш жүйе автомобильдiң кинетикалық энергиясын үйкелiс арқылы жылу энергиясына айналдырып, қоршаған ортаға таратып жiбередi. Осы жоғарыда айтылған тежеу жүйесiндегi автомобильдi тежеу күшi колодкалардың барабандарға итерiлу күшiне байланысты. Олай болса, жүргiзушiнiң аяқ күшiмен жасаған тежеу күшi кейде жеткiлiксiз болуы мүмкiн әрi жүргiзушiнi шаршатады. Сондықтанда осы жетекпен қатар iстейтiн пневматикалық күшейткiш қолданылады. Оның жұмыс схемасы 3.4-суретте көрсетiлген. 3.4.-сурет. Вакуумдық күшейткіштің жұмыс схемасы. Вакуумдық күшейткiштiң құрылысы вакуумдық камерадан (18) клпандық механизмнен (8) және гидроцилиндрден (14) тұрады. Вакуумдық камера екi жартыдан жасалып ортасы диафрагма (2) арқылы екi қуысқа (А және Б) бөлiнген. Диафрагма (2) серiппе (17) арқылы үнемi Б-қуысына қарай итерiлiп тұрады. Оның ортасында шток (16) бекiтiлiп, поршеньге (21) килiп тұрады. Штоктың сол поршенге киiлген ұшында жазық кесiк жасалып, оған жалпақ итергiш (24) бос кiрiп тұрады. Поршеньнiң (21) iшiнде шариктi клапан (20) орналасқан. Оның жабылуы өз серiппесi арқылы, ал ашылуы жалпақ итергiш (24) арқылы болады. Клапанды механизмде (8) екi клапан бар: ауа (5) және вакуум (9) клапандары. Екеуi бiр оське (6) жалғастырылған. Ондағы екi қуыс (В мен Г) диафрагмамен (10) бөлiнген. Диафрагманың тарелкасына (11) поршень (12) бекiтiлген. Сол тарелканың (11) ортасындағы тесiк арқылы В мен Г қуыстары жалғасып тұрады, ал сол тесiктi вакуумды (9) клапан ашып-жабады. Осылайша құрылған тежегiш күшейткiшi мына төмендегiдей жұмыс iстейдi. Автомобильдi тежемей двигатель жұмыс iстеп тұрған кезде ауа клапаны (5) серiппенiң (7) көмегiмен жабық ұсталады. Онымен бiр оське бекiтiлген вакуум клапаны бұл кезде ашық болады. Сонда В - қуысына ауа келуiн тоқтатып, А мен Б қуыстары вакуум (9) клапаны арқылы двигательдiң сору каналымен (19) жалғасып, олардың iшiнде бiр мөлшердегi вакуум пайда болады. Олай болса вакуум камерасының диафрагмасы (2) серiппенiң (17) көмегiмен цилиндр поршенiн (21) ең сол жақтағы шетiнде ұстап тұрады. Поршень шетiнде тұрғандықтан жалпақ итергiш (24) қораптың қырына тiреледi де оны екiншi ұшына шарик (20) тiреледi де серiппесiн қысып, ашық тұрады. Автомобильдi тежеген кезде, басты цилиндрден түтiкпен (1) келген сұйық ашық тұрған шариктi клапан (20) арқылы түтiк (15) арқылы дөңгелектердегi тежегiш цилиндрiне берiледi. Осыған қосымша, басты цилиндрден келген сұйық қысымы поршень (12) арқылы диафрагманың (10) тарелкасына (11) берiледi. 



3.Антиблокировкалы AБС жалпы құрлысымен таныстыру

XX ғасыр соңында актиблокировкалы ABC (ABS, Anti-lock Braking System) жүйе кең көлемде қолдау таба бастады. Бастапқы кезде құны қымбат спорттық машиналарда, содан кейін баска машиналарда тежеуіш жүйесінің бір бөлігі ретінде қолданыла бастады.

АБС терминін автомобиль өндірушілердің барлығы қолданады, оларға шамалы ғана өзгерістер енгізіп өзгеше атауда.

Мысалы, соңғы «Мерседес» автомобильдеріндегі АБС тежеу (торможение) мүмкіндігін 100 % пайдаланатын мүмкіндік беретін «брейк эссист» (Brake Assist) қолданылады. Жүргізуші тежеу педалін басқанда электронды басқару блогы, жіберген қатені жөндеп, тежеуді реттейді. БМВ фирмасы осындай мүмкіндігі бар АБС-ті DBC (Dynamic Break Control) деп атайды.

AБC-тің сырғанатпау (противобуксовочная) жүйесі

«Мерседес» фирмасы дөңгелекті сырғанатпау (проти­вобуксовочная) жүйесін ASC Acceleration Skid Control) деп атайды, ал «Ровером»- ETC’ (Electronic Traction Control), «Опель» және «Вольво» — TG Traction Control) және TRACS (Traction Control System) деп атайды. «Кері АБС » жүріс ұмтылысы (разгон) кезінде немесе мұз үстімен жүргенде ЭББ басқаруымен дөңгелектің сырғанатпауын реттейді.

АБС жүйесі

АБС жүйесінің атаулары

1. Басты цилиндр

2. Модулятор

3. Электронды басқару блогы

4. Бұрыштық жылдамдық сезгі

5. Бағдар белгі

Траекторияны тұрақтандыру (стабилизация траектории)

Траекторияны тұрақтандыру (стабилизации траек­тории) «Мерседес» фирмасының жүйесі ESP (Electronic .Stability Program) деп аталса, «Тойота» — VSC (Vehicle Stability Control) деп, ал «Субару» — VDC (Vehicle Dynamics Control дen атайды. Қауіпті жағдайда ESP жүйесі бұрылыс кезінде ішкі дөңгелектерді тежеп бұрылу траекториясын сақтайды.

Кейбір әдебиеттерде АБС терминінен басқа ПБС (проти­вобуксовочная система) терминін қолданады.

Совместная работа системы ABS/ASR с системой управления двигателем.

  1. Колесные датчики скорости вращения;

  2. Датчик скорости вращения коленчатого вала;

  3. Электронный блок управления двигателем;

  4. Трос управления акселератором;

  5. Шаговый двигатель холостого хода;

  6. Дроссельная заслонка;

  7. Контрольная лампа ASR;

  8. Клавиша включения ASR;

  9. Блок управления ABS/ASR;

С какой целью в систему управления ABS/ASR включено управление дроссельной заслонкой?


Дидактикалық ойын : «Ойлан тап»

(Ойын ережелері: студенттер интербелсенді тақтадағы орналасқан суретерден тежеу жүйесінің құрлысына дұрыс жауап беру керек)


30 мин























































































10мин



























10 мин



























































4 мин














ІV. Танымдық, шығарма-шылық тапсырмалары

Сергіту сәті.

Тақтада берілген суретке қарап отырып, сурет, схемаларды салып талдау жасаңдар!

Макетпен жүмыс

«Ой дамыту» тапсырмасы бөлшектерді тап?

Тапсырмаларға жауап беріп, дәптерге жазу


1-топқа: «Тежеу жүйесінің түрлері»

2-топқа: «Тежеу жүйесінің құрлысы»



10 мин




V.Сабақты қорытындылау

Постер қорғау

Студенттерге өтілген тақырыпты бекіту мақсатында аздаған түсініктемелер беріп, оларды бағыттап отырамын. Өздерінің жұмыс жасауына ықпал жасаймын. Әр топқа әр тапсырма беріледі. Топ мүшелері «Тежеужүйесінің құрлысын» сабақтың тақырыбын, ережесін жазып түсіндіреді, ортасына жасалу жолдарын, соңына мысалдар келтіреді, сөйлемдермен дәлелдеме береді.


10мин




VI.Бағалау, хабарлау.

Үй тапсырмасы

Жұлдызшалар арқылы бағалау


1)НӘ: 309 –310б

ҚӘ: 201– 203 б

2) техникалық диктант құрастыру

3) тест сұрақтарын құрастыру


3 мин



3 мин



Оқытушы ______________ Мамбетов А.С.



















































«Білімділер»

ТОБЫ













«Тапқырлар»

ТОБЫ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1309
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі