400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиешілер мен мектепалды сыныбы мұғалімдеріне көмек ретінде,яғни сабақ жоспары етіп пайдалануға болады.Немесе тәрбиеші қалауынша кейбір эпизодтарын алып қолдануға болады.Сабақты ойын түрінде,қызықты етіп өткізуге көмегі тиеді деп ойлаймын.Келешекте бұдан да жақсы сабақ жоспарларымен бөлісемін деген ізгі ниеттемін.Әріптестеріме сәттілік,саналы да білімді бүлдіршіндер ұшыра берсін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы,Майбалық ауылы

Майбалық ЖОББМ

Мектепалды сыныбы мұғалімі Усина К.Б

Мектепалды сыныбы

Тақырыбы: «Көктемгі орманға саяхат»  

Білім саласы: «Қатынас»  

Бөлімі: «Тіл дамыту»

Балалар музыкамен залға кіреді. Жартылай шеңберге тұрады. Сәлемдеседі.

Қуан шаттан алақай.
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықсын күн бүгін.

        Көктем туралы әңгіме.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем

Тәрбиеші: Көктемде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарып, жапырақ шығады, гүлдер шығады, жәндіктер, аңдар, оянады. (маса, шыбын, аю, кірпі)

Тәрбиеші: Көктемде қандай киім киесіңдер?

Балалар: Күртеше, жеңіл бас киім, жұқа кофта т.б

Тәрбиеші: Азамат көктем туралы тақпағын айтып берсін.

Жарайды, отыра ғой.

Балалар, бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.

Дымбілмес: (музыкамен кіреді қолында аңдар мен үй жануарларының суреті бар)

- Балалар, Қонақтар сәлеметсіздер ме? Мені таныдыңдар ма? Мен Дымбілмеспін.

Тәрбиеші: Дымбілмес сен қайдан жүрсің?

Дымбілмес: Балалар, сендердің орманға баратындарыңды естіп келдім. Орманға менде барайыншы. Менің де орманды көргім келеді.

Тәрбиеші: Балалар Дымбілместіде өзімізбен бірге ала кетеміз бе?

Балалар: Иә, ала кетейік

Тәрбиеші: Олай болса балалар бәріміз көзімізді жұмып ойша орманға аттанайық. Дымбілмес сенде көзіңді жұм.

Балалар: (Көздерін жұмады)

Тәрбиеші: Ал, көзімізді ашайық. Балалар орман өзі қандай болады? Орманда нелер болды?

Балалар:

1.     Орманда күн шығып тұрады. (Күн іледі)

2.     Су болады. (су іледі)

3.     Құстар болады.

4.     Ағаштар болады.

5.     Гүлдер, шөптер шығады.

6.     Жәндіктер болады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар біздің орманымыз қандай керемет болды.

Дымбілмес: Енді білдім орманның қандай болатынын.

Тәрбиеші: Дидактикалық ойын: «Тірі және өлі табиғат» Ал, балалар енді табиғаттың ішінен тірі табиғатты атап беріңдерші. Қане кім айтады? Қайсы екен тірі табиғат?

Балалар: Гүл, шөп, ағаш, жәндік, құстар.

Тәрбиеші: Ал енді өлі табиғатты атап беріңдерші.

Балалар: Тас, су, қар.

Тәрбиеші: Өте дұрыс айттыңдар, балалар. Ал Дымбілмес сен білесің бе, орманда қандай аңдар тұрады?

Дымбілмес: Білмегенде ше, әрине білем. Қазір мен көрсетемін. (Тақтаға іледі суреттерді аю, түлкі, ешкі, түйе, т.б)

Тәрбиеші: Балалар, Дымбілмес дұрыс көрсетті ме? Осы жануарлардың барлығы орманда тұрады ма?

Балалар: Жоқ, дұрыс емес.

Тәрбиеші: Қайсысы артық, қайсысы дұрыс емес?

1-бала: Ешкі, қой

2-бала: Түйе, сиыр.

Тәрбиеші: Оларды неге алып тастадың?

1-бала: Олар үй жануарлары.

Тәрбиеші: Неге оларды үй жануарлары дейміз?

2-бала: Себебеі олар үйде адамдарға жақын тұрады. Оларды адамдар бағады, су береді, шөп береді.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың. Ал мына аңдарды бір сөзбен не деп атаймыз?

3-бала: Орман аңдары деп атаймыз.

Тәрбиеші: Неге оларды орман аңдары деп атаймыз?

4-бала: Өйткені олар орманда, адамдардан алыста тұрады. Олар өз тамағын өздері тауып жейді.

Тәрбиеші: Дұрыс, жарайсың, отыра ғой. Дымбілмес осы орман аңдарының төлдерін білесің бе?

Дымбілмес: Білмеймін, мүмкін балалар көмектесер.

Тәрбиеші: Балалар, Дымбілмеске көмектесіп жіберейік.

Дидактикалық ойын: «Төлін тап»

 Тәрбиеші:  Қане кім аюдың төлін біледі?

1-бала: Аюдың төлі қонжық.

2-бала: Түлкінің төлі түлкішек.

3-бала: Қасқырдың күшігі бөлтірік.

4-бала: Қоянның төлі көжек.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар енді бәріміз қосылып саусақ жаттығуы арқылы халық өлеңін айтып берейік.

 

     «Түлкішек пен сүр көжек»

Түлкішек пен сұр көжек кездесті.

Сұр көжек: Салем түлкішек.

Т: Сәлем сұр көжек.

К: Түлкішек, түлкішек түнде қайда барасың?

Т: Әжем үйіне барамын.

К: Әжең саған не береді?

Т: Ешкі сауып, сүт береді.

Сиыр сойып, ет береді.

К: Етті қайда қоясың?

Т: Тал басына қоямын.

К: Сүтті қайда қоясың?

Т: Тал түбіне қоямын.

К: Ит жеп кетсе қайтесің?

Т: Ит аузынан аламын.

К: Құс жеп кетсе қайтесің?

Т: Жылай, жылай, қаламын.

Тәрбиеші: Өте жақсы.

      Дымбілмес: Балалар, бәрін білесіңдер ғой. Ал мен сендерге қарап көп нәрсені үйрендім. Орманның мынадай әдемі болатынын білдім. Мен енді барып, сендерге әдемі гүл жұлып әкелейін, торғай, көбелек ұстап, торға салып әкелейін.

    Тәрбиеші: Жоқ, жоқ Дымбілмес біз сені жібере алмаймыз. Балалар осындай әдемі табиғатты бүлдіруге болады ма екен?

   Балалар: Жоқ болмайды.

Тәрбиеші: Дымбілмес сен білмесең мына ережелерді мықтап есіңе сақта.

(Тақтаға ережелер ілінеді)

Дымбілмес: Е, енді түсіндім. Балалар мен енді табиғатты қалай аялау керектігін білемін шөпті жұлмаймын, көбелекті, торғайды қорқытпаймын, мен сендерден көп нәрсе үйрендім. Рахмет сендерге. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Сау бол, Дымбілмес!

( Дымбілмес шығып кетеді)

Тәрбиеші: Балалар, енді кішкентай орман аңдары бізге «Адасып қалған көжек» деген ертегіні көрсетеді.

Тәрбиеші: Балалар, ертегі ұнады ма? Көжектің мамасын тауып алғанына сендер қуандыңдар ма?

Ал ,енді бәріміз ортаға шығайық. Психо жаттығу «Табиғаттың оянуы»

(Дәндер бүрісіп, ұйықтап жатады, музыка ойнайды)

1.     Ұйықтап жатқан дәндерге күн өз шуағын сеуіп кетеді.

2.     Дәндерге жел есіп өтеді.

3.     Дәндерге жаңбыр себелеп жауып өтеді.

Біраздан соң дәндер бірте-бірте оянып, тіріліп, сонан соң жайқалып, әдемі жайқалған бидайлар өсіп шығады.

Тәрбиеші: Қане балалар шеңберге тұрайық. Бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.

-Күніміз шуақты болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

Қоштасу:

Қол ұстасып тұрайық.

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі