400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
үйсіндерге тусінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Келісемін: Мерзімі: 27.02.2017 ж

Сыныбы: 6 Б Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы


Сабақтың тақырыбы

Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


Сабақтың мақсаты

Оқушылардың б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың Ү ғасырында Қазақстан аумағында өмір сүрген үйсін мемлекетінің мал шаруашылығы мен егіншілік, түрлі кәсіпшілігі туралы білімдерін жетілдіру, түрлі тапсырмалар орындату арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, өзін-өзі бағалауға баулу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың Ү ғасырында Қазақстан аумағында өмір сүрген үйсін мемлекетінің мал шаруашылығы мен егіншілік, түрлі кәсіпшілігі туралы білімдері жетіледі, түрлі тапсырмалар орындау арқылы сабаққа деген қызығушылықтары артады, өзін-өзі бағалауды біледі.

7 модульдің қолданылуы

АКТ, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын ресурстар

Қазақстан картасы, маркерлер, тақта, стикерлер, буклеттер, кітап, плакат, дидактикалық материалдар

Тапсырмалар

1. «Құпияға толы сандықша» ойыны ( сұрақ-жауап )

2. Топтық жұмыс. ( Мәтінді оқы, талқыла, бөліс, постер қорғау )

3. Жұптық жұмыс ( тест сұрақтары )



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

І Ұйымдастыру: 2 минут

1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Сыныпта жағымды ахуал туғызу. «Жақсы көңіл-күй»


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Жеке жұмыс. 8 минут

«Құпияға толы сандықша» ойыны

Шарты: Үйге берілген тапсырма бойынша экранда көрсетілген сұрақтарға тез, әрі дұрыс жауап беру арқылы құпия сандықты ашу.

Топқа бөлу. ( Оқушылар суреттердің мағынасын білу арқылы топтасып, 3 топқа жиналады )

І топ: Мал шаруашылығы

ІІ топ: Егіншілік

ІІІ топ: Қолөнер


ІІІ. Зейінін шоғырландыру. 3 минут

Қане балалар, экранға назар салайықшы!

Арал, Қызылорда, Балқаш, Іле, Ыстықкөл, Шу, Қырғызстан, Байкал, Алакөл, Жетісу


І топ: Үйсіндер мекендеген көлдерді тап ( Алакөл, Ыстықкөл, Балқаш )

ІІ топ: Үйсіндер мекендеген өзендерді тап ( Шу, Іле )

ІІІ топ: Үйсіндер қоныстанған жерлерді тап ( Жетісу, Қырғызстан )


ІҮ. Жаңа сабақ 2 минут

Мәтінмен танысу

Топтық талқылау


Ү. Топтық жұмыс. 15 минут

І топ: Үйсіндердің мал шаруашылығы ( Қытай жазбалары бойынша түсіндіреді )

ІІ топ: Еіншілік пен отырықшылық ( еңбек құралдары, тұрғын үй, тұрмысқа қажетті бұйымдары туралы )

ІІІ топ: Түрлі кәсіпшілік ( археологиялық қазба жұмыстарынан мәліметтер беру, салыстыру )


Сергіту сәті: «Құпия қорапша» ойыны. 3 минут

ҮІ. Жұптық жұмыс. 7 минут

І. Тест тапсырмалары: «Сен маған, мен саған»

1. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы:

А) соқалы егіншілік

Ә) металл өңдеу

Б) жартылай көшпелі мал шаруашылығы

В) көшпелі мал шаруашылығы

2.Үйсіннің сәйгүлік аты бейнеленген алтын қапсырма табылған қорым:

А) Мардан

Ә) Қарғалы

Б) Теңлік

В) Ақтас

3. Ақтас қыстау қонысы орналасқан жер:

А) Мойынқұм

Ә) Кеген өзені алқабы

Б) Сырдария өзені бойы

В) Отырар алқабы

4. Б.з.б. ІІ-І ғасырларда өмір сүрген зергер-ұстаның тамаша туындысы:

А) Қарғалы диадемасы

Ә) Ақтас тәтісі

Б) Теңлік диадемасы

В) Қызыл Аңғар алтын қапсырмасы

5. Тәж тәрізді әшекейлі баскиім табылған жер:

А) Қаратау

Ә) Қарғалы

Б) Сарыарқа

В) Тарбағатай

6. Қарапайым егіншіліктің іздері табылған қоныс:

А) Арқайым

Ә) Ақтас қонысы

Б) Бөріқазған тұрағы

В) Ботай қонысы


ҮІІ. Бағалау. ( Бағалау парақшасы арқылы қорытынды ) 3 минут

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, бір ұсыныспен бағалау


ҮІІІ. Кері байланыс. 1 мин

«Алма ағашы» ( Жасыл алма- мен бүгін бәрін жақсы орындадым, көңіл –күйім көтеріңкі )

( Қызыл алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ )


ІХ. Кейінгі тапсырмалар: 1 мин

Кейінгі оқу. «Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы» тақырыбын оқу, мәлімет жинау.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі