Бекітемін:
Т.і.ж.орынбасары: Аманбаева
Б
Құрман орта
мектебі
Тақырыбы: Ана –күннің
шуағы!
Өткізген: Базарова Роза
Омарқызы
2012-2013 оқу
жылы
Сабақтың тақырыбы:Ана-күннің
шуағы!
Мақсаты:Оқушылардың өз
бойындағы өнерлерін көрсете отырып,сүйіспеншіліктерін
қалыптастыру.Рухани- адамгершілік қасиеттерін дамыту.Аналарды
құрметтеуге,үлкенді сыйлауға
тәрбиелеу.
Түрі:мерекелік
сабақ.
Көрнекіліктер:Нақыл сөздер
,суреттер,гүлдер, шарлар.
Барысы:
Кіріспе:(Көңілді
музыка)
Мұғалім сөзі:ҚұрметтіАналар!
Қыздарым!
Көктемгі күндей
жарқырап,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз ,күн мерекелеріңіз
құтты болсын!
Ананың тілі,ананың
махаббаты,ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес
пе?
Шырылдап жерге түскеннен-ақ
айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді.Ең бір
жақының,досың,ұстазың бар.Ол-ана.Ол саған бәрінен де
қымбат.Міне,сенің анаға деген махаббатың құндақта жатқан кезден-ақ
басталады.Ана десе толқымайтын жүрек,тасымайтын қан,сезбейтін сезім
болуға мүмкін емес!
ІІ.Негізгі
бөлім.
1-жүргізуші:Қымбатты:
Аналар!Әжелер!Ұстаздар!Қыздар!.
Сіздерді көктемнің алғашқы
мерекесі «Әйелдер күнімен»құттықтай отырып,1 «б»класында өткелі
отырған «Ана-күннің шуағы «атты
мерекелік-құттықтау
сабағымызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
Ендеше,оқушыларымызды
тыңдайық!
2-жүргізуші.Сыйлайыншы
гүлімді, Теріп алған даладан.
Мейрамыңыз
бүгінгі
Құтты болсын
анажан!
Хор. Бізді өсірген
маматай,
Еңбегіңіз зор
екен.
Құтты болсын
маматай,
Құтты болсын
мерекең.
1-оқушы.Әлпештеген
баласын,
Ана-бақыт,ана-күн,
Әркім сүйіп
өзінің,
Мақтан етер
анасын!
2-оқушы.Айналайын,
анашым,
Көкте күн боп
жанасың.
Ет жүрегің
елжіреп,
Құшағыңа
аласың.
3-оқушы.Айналайын,анашым,
Аялайсың,бағасың,
Балаң үшін не
керек,
Бәрін іздеп
табасың.
4-оқушы,Мәпелейсің
мені,анам,
Қолыңдағы
құсыңдай,
Құлпыра өсіп дем
алам,
Құшағыңда
қысылмай.
5-оқушы.Анам мені «Айым»
дейді,
Мен мұңайсам,уайым
жейді.
Анам мені
«Күнім»-дейді.
Мен
қуансам,күлімдейді.
6-оқушы.Аналарды
сүйеміз,
Сөзін ойға
түйеміз.
Әжені де
ардақтап,
Әдеппен бас
иеміз.
7-оқушы:Таусылмайды
өлеңі,
Күнде айтып
береді
Барған сайын бір
жаққа,
Кәмпит алып
келеді.
Әжем мені
өйткені,
Өте жақсы
көреді
8-оқушы.Достықты біз
ойлаймыз,
Бірге күліп
ойнаймыз.
Қыздарды да
құттықтап,
Мерекесін
тойлаймыз.
Топпен
жұмыс.
І.Аналар туралы тақпақ айту
.
ІІ.Аналар туралы мақал-мәтел
айту.
Шаттық
шеңбері.
-Не тәтті? -Ананың
сүті.
-Не
жұмсақ?
-Ананың
алақаны.
-Кім
қымбат?
-Ана
қымбат.
-Не
жылы?
-Күннің шуағы
жылы,
Ананың құшағы
жылы.
Хор: «Әрқашан күн
сөнбесін!»
ІІІ.Қорытынды.
.
-
1-жүргізуші.Жер бетінің
ғұмыры,
КҮн нұрымен
арайлы.
Біздің үйдің
жылуы,
Анамыздан
тарайды
2-жүргізуші:
Ақиық ақын атамыз Мұқағали
Мақатаевтың «Құттықтаймын, мама ,
туған күніңмен! Өлеңін қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші. Сыйлайыншы
гүлімді,
Теріп алған
даладан.
Мейрамыңыз
бүгінгі,
Құтты болсын анажан! ,.
.