Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып. Өзін-өзі тану. Даналықтың сарқылмас күші. Қашықтық сабаққа арналған сабақ жоспары. Құндылық - дұрыс әрекет. Қасиеттер- адалдық, шыншылдық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып

9 «Б» сынып

Мерзімі

25.10.2021

Мұғалім

Кусаинова Зарина

Тарау

Таным қуанышы

Сабақтың нөмірі және тақырыбы

Даналықтың сарқылмас күші

Құндылық

Сүйіспеншілік

Қасиеттер

Ізгілік , аянбай қызмет ету парызың орындау.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға ізгілік қасиеті мен аянбай қызмет ету ұғымын түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері

-оқушыларға сүйіспеншілік қасиетін ұғындыру.

-оқушыларға ізгілік қасиетін қалыптастыруға ықпал ету.

-оқушыларды әрқашан аянбай қызметің орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім сөзінің мәтіні

1.Слайд. Ресурстар: ZOOM платформасы Бейнематериалдар, оқулық,дәптер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Сәлеметсіздерме оқушылар! Бес Т ережесін сақтай отырып бүгінгі сабағымызды бастаймыз.


Интернет желісі

https://massaget.kz/blogs/8071/

2.Слайд.Табиғатында өз бетінше ой ойлап, оп оңай түсінуге болатын нәрсенің өзін қиындықпен түсінетіндер аз емес. Мұндай ада мдар, менің пайымдауынша, екі топқа жататын сияқты. Біреулері өзінің қабілетінің қаншалықты дәрежеде екенін мойындай отырып, білімге бар күшін салуға ұмтылады; егерде сол жанталаса іздегенінің арқасында қандай да бір нәтижеге қолы жететін болса, онда онысы ақыл- ойының емес, тынымсыз күш-жігерінің арқасы. Басқалары болса, қанша тырысса да, биік нәтижеге қолы жете алмайтының білгендіктен, аздың өзіне қанағат тұтуға мәжбүр болады: олардың соншалықты әрекетсіздігі мен немқұрайдылығынан ұлы ақиқаттың сәулесінің өзі олардың сол аздың өзін оқып- білуге ықылассыздығынан мардымсыз болып көрінеді. Болғалы тұрған нәрсені болдырмайтын олардың өздері ғана.


Дәйексөз


Н.Назарбаев

Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.


3.Слайд. «Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге – дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз.»

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Рухани негіз деген ұғымды қалай түсінесіңдер?


Оқиға әңгімелеу

Интернет желісі

https://www.youtube.com/watch?v=QWhR0nK-GiI

4.Слайд.

«Әнет бабаның Төле биге бата беруі » Бейнебаян.


Әңгімелесу

Сұрақ-жауап айдарынан берілген сұрақтарға жауап бере отырып ойларыңды достарыңмен, отбасыңмен бөлісіңдер..

5.Слайд. Сұрақтар:

- Бейнероликтен қандай әсер алдыңдар?

- Төле бидің бойында қандай қасиет байқадыныз?

- Төле бидің орнында болсаңыз не істер едіңіз

Шығармашылық

іс-әрекет

Оқулықтың 50-51 беттегі 4,5,6-тапсырманы орындаймыз











6.Слайд.

4.тапсырма: Төменде берілген мәтінді рөлдерге бөліп оқып, әңгімені аяқтаудың кем дегенде үш нұсқасын ұсыныңыздар. Ойларынызды дәйектеп , ортаға салыңыздар.

7.Слайд.

5-тапсырма:

Өтілген тақырыпқа байланысты сөздерді еске түсіріп, «Даналық» сөзжұмбағын шешіңіздер.

8.Слайд.

6-тапсырма.

«Даналық» тақырыбына синквейн жазыңыздар.

Синквейн – бес жолдық өлең түрі, оның құрылымы төмендегідей:

1 жол- сипатталған нәрсе, зат есім.

2 жол- сол зат есімді сипаттайтын 2 сын есім.

3 жол- осы зат есімнің әрекетін білдіретін 3 етістік.

4 жол- зат есімнің мағынасы туралы негізгі ойды білдіретін 4-6 сөзден тұратын сөйлем;

5 жол- зат есімнің синонимі.


Жобалық іс-әрекет


ОҚУШЫЛАР! « Менің құрдастарым » жобасын жалғастырамыз . 8- бет

9. Слайд.

1. Сіз не үшін өмір сүресіз? Сіз үшін өмірдің мәні неде?

2.Кімді сүйесіз ? Кімге немқұрайлы қарайсыз және неліктен ?

3. Қандай сәттерде шынымен өмір сүріп жатырмын деп ойлайсыз?Осы минуттар, сағаттар, күндер неден тұрады?


Сабақтың аяқталуы

Сабақтан не үйрендік? Не түсіндік? Жақсы ойды,ізгі ниеттерімізді жүректеріңде сақтап қалыңдар.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

10.Слайд. Оқулықтың 57 бетіндегі Б.Қойшыбаев «Менің досым» оқу,әңгімелеу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2021
423
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі