ашық сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ логопед: Рахмет Таңшолпан Тақырыбы : «Өзара түсіністік өнері» Мақсаты: өзара қарым - қатынас қабілеттерін дамыту. Міндеттері: қабылдарлық формада ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату. Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы, арттерапия.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ

Тақырыбы : «Өзара түсіністік өнері»

Тәрбиеші: РАХМЕТ ТАҢШОЛПАН ҰЛЫҚБЕКҚЫЗЫ

1) «Кел,танысайық» ойыны


2) «Кішкентай ергежейлі» ойыны


3)
«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.


4) «Табиғат мінезі» жаттығуы. 


5) «Майшам» жаттығуы. 



Мақсаты: өзара қарым - қатынас қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: қабылдарлық формада ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы, арттерапия.


Ұйымдастырушы: Құрметті педагогтар, тәрбиешілер өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның дами көзқарасын анықтау.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.




«Кел, танысайық» ойыны.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір - бірінің қолын қысады.
Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір - бірінің арқаларын сипайды.
Жүргізушілер сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен амандасады.



«Кішкентай ергежейлі» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда, қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдыға қарай созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтады.
Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады. Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап қана қалжыңдаймыз.



«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. 
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.


«Табиғат мінезі» жаттығуы. 
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты. 
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз. 
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз. 
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз. 
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз. 
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз. 
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз. 
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.

Қорытынды. «Майшам» жаттығуы. 
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!












































7 « Шұғыла» бөбекжай-бақша





Ашық сабақ







Тақырыбы : «Өзара түсіністік өнері»









Тәрбиеші: РАХМЕТ ТАҢШОЛПАН ҰЛЫҚБЕКҚЫЗЫ
















Қызылорда,2021ж.









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2021
413
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі