400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні бойынша 3 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері тақырыбында жазылған жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні

Шағанбаева Салтанат Кеңесбекқызы

Күні:

10.11.2021 ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шеңбер,дөңгелек және олардың элементтері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.3.1.1 шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) бір бірінен ажырату және атау/ симметриялы және симметриялы емес жазық фигураларды айыра білу және оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру


Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.

Мыс: Мен Әлиямын, әдемі қызбын, үйдің еркесімін. Мен Алдияр, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды.

(қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)

Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру


(Ұ.Ж) Фигуралар әлеміне саяхат.

Сынып оқушыларына суреттен қандай фигураларды көріп тұрғанын сұрау. Неше тіктөртбұрыш, неше үшбұрыш көріп тұрғандарын сұрау.(4 төктөртбұрыш, 4 үшбұрыш) Тіктөртбұрыш пен үшбұрыштың қасиеттерін сұрау.

Сонан соң суретте қандай фигура аталмағанын сұрау. (дөңгелек)

Үшбұрыш пен тіктөртбұрыштан дөңгелектің айырмашылығын сұрау.( үшбұрыш пен тіктөртбұрыш – көпбұрыштар, дөңгелектің бұрышы жоқ)

Оқушыларды сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.


Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.


ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.



Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Ортасы

Ширату тапсырмасы.

Белсенді оқу тапсырмалары (топта, ұжымда)

(Т.Ж) Цифрограмма әдісі бойынша әрбір екінші әріпті сызып тастап, жасырылған сөзді табады. (дөңгелек, шеңбер)

Сонымен бүгін не туралы оқып – үйренеміз екен?

Дөңгелек пен шеңбер туралы не білетіндерін сұрау. Күнделікті өмірде дөңгелек пен шеңберге ұқсас заттарды қайда кездестіргенін сұрау.

Топпен жарыс ( 2 топ ) допты лақтыру арқылы

  1. топ шеңберге ұқсас, 2- топ дөңгелекке ұқсас заттарды атайды

Басбармақ арқылы бағалау.

Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады.

Тірек сөздермен таныстыру:

Шеңбер

Дөңгелек

Радиус (r - р)

Центрі

Диаметрі (d - д)


(Ж.Ж) Жаңаны тану.

Мақсат қою /Ережені түсіндіру

Шеңбер-бұл дөңгелектің шегарасы. Шеңбердің центрі-шеңбердің нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан нүкте. Шеңбердің радиусы-центрді шеңбердің нүктесімен қосатын кесінді. Шеңбердің диаметрі- шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның нүктесін қосатын кесінді.

Әрбір жұпқа бір пластикалық стакан таратылады. Ақ парақ қағазға стаканның түбін бастыра сызу керек.

  • Қандай сызық шықты? (тұйықталған қисық сызық)

Осы сызықтың шеңбер деп аталатынын хабарлау.

Оқушыларға осы сызған дөңгелекті қиып, сонан соң дөңгелекті төрт рет бүктеп, қайта жаздыру. Екі кесіндінің қиылысуы пайда болады. Олардың қиылысу нүктесін белгілеуді ұсыну. Бұл нүктені шеңбердің немесе дөңгелектің центрі деп атайтынын хабарлау.

Оқушыларға дөңгелектің бүгілген орнын қарындашпен бастыруды ұсыну. Шеңберден центрге дейін қашықтықты өлшеуді ұсыну. Не байқағанын сұрау. Оқушыларға центрді шеңбердің кез келген нүктесімен қосатын кесіндіні радиус деп атайтынын хабарлау. Оларға дөңгелектің бүгілген ізі бойынша шеңбердің бір нүктесімен центр арқылы екіншісіне қарай қарындашпен бастырып сызуды ұсыну. Бұл сызық диаметр деп аталатынын хабарлау.


(Т.Ж) "Бірге ойлаймыз!" әдісі арқылы топтардан дөңгелек пен шеңбердің айырмашылығын сұрау. (дөңгелек – фигура, шеңбер – тұйықталған қисық сызық)

- Шеңбердің дөңгелектен қандай айырмашылығы бар? (оқушылардың жауабы)

- Егер тарелкаға су құйсақ, судың формасы қандай болады? (дөңгелек)

- Егер тарелканың жиегі болмаса, суға не болар еді? (су ағып кетер еді)

- Қалай ойлайсыңдар, шеңберсіз дөңгелек бола ма? (жоқ)

- Ал дөңгелексіз шеңбер ше? (иә)

Қорытынды: Шеңбер – бұл дөңгелектің шегарасы.

Топтарға дөңгелек пен шеңберге ұқсас заттардың суреті бар карточка таратылып сәйкестендіру.

Басбармақ арқылы бағалау.

Тапсырма дұрыс болса бармақ жоғары қарай, қате болса бармақ төмен қарай бағытталады.

(Ө.Ж) Өлше де, жаз.

Оқушыларға радиусы 1 см, 2 см, 3 см шеңбер сызылған парақтар таратып беру. Олар алдымен шеңбердің диаметрінің ұзындығын, сонан соң радиусының ұзындығын табады. Ең үлкен диаметр мен ең кіші радиусты жазады. Сонымен қатар шеңбердің центрін белгілеп көрсетеді. Не байқағанын айтуды ұсыну, яғни диаметр радиустан екі есе ұзын екенін айтады және қорытынды шығарады.

Қорытынды: шеңбердің диаметрі екі радиустың қосындысына тең.

Сергіту сәті. «Шеңбер әлде дөңгелек» ойыны. Оқушыларға интербелсенді тақтада әр түрлі суреттер көрсету. Суреттегі заттарды дөңгелек деп таныса, шапалақтайды, ал шеңбер деп таныса, саусақтарымен шеңбер жасап көрсетеді.

Смайликтер арқылы бағалау.

Өз бетімен жұмыс: ӨЖ

І нұсқа 32 бет №5 (а), №6 (3б), №7 (1б)

Ұйықтайды 1/3 тәу 1 тәу – 24 сағ

Ояу болады - ? 24 : 3 · 1 =8

Ж:16 сағ ояу болады. 24 – 8 = 16

Жазылым тапсырмаларын орындау

Центрлері ортақ болатындай екі шеңбер сызыңыз.

Бірінші шеңбердің радиусының ұзындығы – 2 см, ал

екіншісінікі – 5 см.

2- тапсырманы орындауға болады.

4-(б) тапсырма жеке шығармашылық жұмысқа

арналған.

Өрнектер құрастыр. Мұндай жұмысты үйде

жалғастыруға болады.





Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмала

рын орындау


«Қар кесегі»

Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады.




ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.






Оқылым, жазылым тапсырмалары.





Соңы

Өзіндік жұмыс.

Өзін-өзі бағалауды ұсынады.

Мен:

– шеңберді, дөңгелекті атап, ажырата аламын;

– центрін, радиусты, диаметрді көрсете аламын;

циркульдің көмегімен шеңбер сыза аламын.

Өткен материалмен жұмыс.

Баланың білім деңгейіне байланысты мұғалім әр балаға жеке тапсырма береді. 5-7 -тапсырмаларды орындауды ұсынады.9-тапсырма зерттеушілік сипаттағы тапсырма. Мұғалім кілттік сөздерді табуды ұсынады. «Айша мен Балжан дөңгелек қиды». «Айша мен Тоғжан торкөзді қағаздан қиды». «Тоғжан мен Маржан шаршы қиды». Яғни Айша дөңгелекті торкөзді парақтан қиды. Тоғжан шаршыны торкөзді парақтан қиды. Маржан шаршыны жолды дәптер парағынан қиды.






Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау..

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.


Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс

Рефлексия (жеке, жұпта, топта, ұжымда)

https://wordwall.net/ru/resource/24408563












Оқушыларға «WordWall» бағдарламасы арқылы кері байланыс жасайды. Оқушылар өздері белгілейді.


WordWall

Кері байланыс



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі