400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Күз сйый" Балаларға күз туралы түсінік беру.Күз мезгілдеріне түсінік беріп,айналамен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күз сыйы

 

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық».
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту», «Жапсыру»

Мақсаты: Табиғаттың күз  мезгіліндегі өзгерістері  жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту. Балалармен дәстүрден  тыс  әдістер  арқылы  жұмыс  жасай  отырып, логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту. Күзгі табиғаттың  әсемдігін  сезіне  білуге  және  оны қорғауға,адамдардың еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу.
Қажетті  құралдар: Ақ қағаз, майлық шүберек, түрлі-түсті қағаз,желім,тарелка.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, үйрету,әңгімелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Суреттер әзірлеу,дидактикалық ойындар,сұрақ-жауап.
Билингвальді компонент: Күз-осень,жапырақ-листья,алма-яблоко, алмұрт-груша.

 

«Шаттық» шеңбері.

      Қайырлы таң,көк аспан,

Қайырлы таң,алтын күн.

Қайырлы таң,Жер-Ана!

Қайырлы таң,достарым,

Қайырлы таң, қонақтар.
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (слайд көрсету)
– Күз мезгілі.

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күзде не жауады?

-Құстар қайда ұшып барады?

-Күзде не піседі? (слайд көрсету)

-Жемістер мен көкөністерді айтайықшы.

-Күзде ағаштардан не түседі?

-Балалар, есік қағылған сияқты,біреу келіп тұрған секілді ,кәне бұл кім екенін көреміз бе?

II.-Балалар,бұл кісі Бағбан ата екен.

-Балалар,Бағбан-бұл бақша егетін адам .

-Балалар, Бағбан ата бізден көмек сұрай келіпті.

-Балалар,көмектесеміз бе?

-Сәлематсыздар ма,балалар!

-Иә,балалар мен сіздерден көмек сұрап келіп тұрмын,менің бақшамда алма ағашынан алманы және алмұрт ағашынан алмұртты жинап берсеңіздер?

-Балалар, жинаймыз ба?

-Ендеше,дидактикалық ойын «Жемістерді жинау».

  • Балалар, ағаштың басынан қандай жемістерді көріп тұрсыңдар? (Алманың,алмұрттың).

-Жинау.

– Алманың түсі қандай?

– Алманың пішіні қандай?

– Алмұрттың түсі қандай?

– Алмұрттың пішіні қандай?

– Алманың дәмі қандай?

– Алмұрттың дәмі қандай?

– Балалар,енді сергіп алайықшы,шеңберге тұрайық:

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Бетіме жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

– Балалар,қазір біздер алма мен алмұртты жапсырып шығамыз.

– Ол үшін сіздер мені мұқият тыңдаңыздар,маған қараңыздар.

Ол алма мен алмұртты жапсыру үшін,сендерге жасыл,қызыл түсті қағаздар берілген.соларды алып,желімді жағып,ақ қағазға жапсырып шығамыз.Міне,алма мен алмұртымыз дайын болды.Жарайсыңдар!

Балалар, мен сіздерге жұмбақ жасырайын,шешуін табасыңдар ма?

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары

Бұл не?

Жапырақ.

Жарайсыңдар, балалар!

Балалар,бәріміз ойын ойнап жіберейік:

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

Балалар,күн шайдай ашық болып,күн шығып тұрса, «Жарқырап күн шықты»ойнап,билеп,секіріп,көңілденіп  жүреміз,ал егер жаңбыр жауып кетсе, «Жаңбыр жауды» дегенде қолшатырдың астына жиналамыз.

Жарайсыздар,балалар,мен кетейін бау-бақшамда жұмыс көп,сіздерге рахмет,маған алма мен алмұртты жинап бергендеріңізге,менің де сіздерге сыйлығым бар, менің де жемістерімнен дәм татыңдар.

Сау болыңыздар,балалар.

Сау болыңыз, Бағбан ата.

III.Балалар,бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Балалар бізге қонаққа кім келді?

Біздер қандай ойын ойнадық,не жинадық?

Ненің суретін салдық?

Жарайсыңдар,балалар.Егер сіздерге оқу қызметі ұнаған болса күннің суретін,ұнамаса қара бұлттың суретін алыңыздар.

Сау болыңыздар.

Күз мезгілінің ерекшеліктерін игерді,жемістердің атауларын біледі.

Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды меңгерді.

Сұраққа жауап арқылы түсініктері кеңейді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
397
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі