400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Растрлық суреттерді өңдеу. Paint.net редакторында жұмыс істеу. Растрлық графика түрлері. Растрлық кескіндерді жасай алады. Коррекция, Эффекты командаларды пайдаланып, суреттерді өңдейді. Графикалық редактордың көмегімен суреттің сапасын реттеу, оған әсерлер қосу қаншалықты маңыздылығын түсіндіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№12 орта мектеп_»

(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары


Растрлық суреттерді өңдеу ___

(сабақтың тақырыбы)



Бөлім:

Компьютерлік графика

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Жаксылыкова Алтынай Ержановна

Күні:

24/25.11.2021ж

Сынып: 5 Д, Е, З

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Растрлық суреттерді өңдеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.2.2 -растрлық кескіндерді жасау және өңдеу

Сабақтың мақсаты

Растрлық кескіндерді жасай алады.

Коррекция, Эффекты командаларды пайдаланып, суреттерді өңдейді.

Графикалық редактордың көмегімен суреттің сапасын реттеу, оған әсерлер қосу қаншалықты маңыздылығын түсіндіреді.



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

«Шаттық шеңбері»

Оқушылардың бір бірлеріне тілек айтуы.

3.Өткен сабақты пысықтау.

4.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

- Қолмен салынған сурет қалай түзетіліп, өңделеді?

- Қағазға салынған суретті қайта өңдеу қиын ба, әлде компьютердегі суретті өңдеген қиын ба?

Ребус көрсету.

ҚБ: /4балл/


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сыныптың оқушылары шаттық шеңберіне тұрады, бір –біріне жақсы тілектерін айтады.

3. Үй жұмысын көрсетеді.

4. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

5. Сабақтың мақсаттарымен танысады.

6. Ребус шешеді.













4балл

Слайд 1-4












Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Растрлық графика

Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы.

 Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге

компьютер жадында бір ұяшық қажет.     

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады .

Өңдеу редакторлары: Paint, Paint net, Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint.

Paint.net графикалық редакторының мүмкіндіктері: Сурет салу, суретті түрлендіру, суретке мәтін енгізу, суретті көшіріп қою.

Күнделікті өмірде реферат немесе презентация дайындау үшін интернетті пайдаланамыз. Мысалы, презентацияға фотосурет керек. Әрине, фотосуреттерді тек интернеттен тауып, көшіріп алу жеткіліксіз. Фотосуреттерді өңдеу үшін Paint.NET графикалық редакторын қолданған тиімді.

Коррекция (Фотосуреттерді түзету) бөлімінде суретті түзетуге қажетті түстерді өзгерту, суреттің түсін бозарту немесе бояуын қанық ету, жарықтығын және қанықтылығын реттеу және т.б. функциялар қолданылады.

Эффект (Әсер) бөлімінде алдын ала таңдалған әсерлерді қолдануға болады. Оларға айқындық, жарқыл, бұлыңғырлық пен бұрмалау және т.б. әсер түрлері жатады. Сонымен қатар фотосуретке майлы бояумен, қаламмен боялғандай әсер беретін көркемдік әсерлерді қолдануға болады.


Көрсетілім.

Коррекция.

Эффект.

Фотосуреттерді өңдеуде Коррекция (Түзету) және Эффект (Әсер) бөліміндегі командалардың арасынан ең маңыздыларын таңдап алып, сол суреттің негізінде қарап шығайық.

1. Фотосурет түсінің айқындылығын арттыру, жарықтылығын арттыру немесе кеміту редактор мәзіріндегі Коррекция → Кривые (Қисық) командалары арқылы орындалады. Бұл команданың көмегімен фотосуреттің түсін дәл баптауға болады.

2. Paint.net редакторының мәзіріндегі Эффекты (Әсерлер) бөлімінің ішкі мәзірінде орналасқан әсерлер арасынан өңделіп жатқан суретке Художественный (Көркемдік) әсерін беру жолдарымен танысайық. Фотосуретке Сурет, майлы бояу, Қалам және Тушь сияқты көркемдік әсерлер беруге болады.

Жеке жұмыс. 1-тапсырма. «Практикада қолдану» тапсырмасы.

Оқулық §2.3, 42-бет.

Дескриптор:

- Paint.NET графикалық редакторды іске қосады;

-Интернет желісінен фотосуретті көшіреді;

Вставка батырмасын пайдаланып, фотосуретті жұмыс алаңына орналастырады;

-Коррекция, Эффекты командаларды пайдаланып, суреттерді өңдейді.


ҚБ: /3балл/


Мұғалімді тыңдайды







Командаларды жазады


















































Компьютерде тапсырманы орындайды.

























3 балл


































3балл


Интербел-сенді тақта /компьютер



Презентация



















Слайд



















Компьютер Paint.net

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:

Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды


Өзін-өзі бағалау.


Интерактивті тақта

Смайлик

Үй тапсырмасы

§ 2.3, 43бет «Үй тапсырмасы»






Тексерілді:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі