« Оралхан Бөкей
атындағы № 44 лицейі» КММ
Тәрбие
сағаты: «Тәуелсіз
Қазақстан»
Сынып жетекшісі: Ежембаева
А.А
6 «А»
сыныбы

2021-2022 оқу
жылы
Сынып сағаттың
тақырыбы: «Тәуелсіз
Қазақстан»
Мақсаты: Оқушыларға бостандық, теңдік,
тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту.
Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы
туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке 30 жылда қалай жеткендігі
жолдарын баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге,
осы елдің ұланы
екенін мақтан етуге баулу,
отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге
тәрбиелеу.
Көрнекілік: интер.тақта, безендірілген
тақта, Ыбырай Алтынсарин туралы суреттері, тәуелсіздік
суреттері.
Қызығушылықты
ояту.
- Қайырлы күн, құрметті
оқушылар! Тәуелсіздіктің-30 жылдығына орай тәрбие сағатымызды
бастамас бұрын бірнеше сұрақтарға жауап
берейік.
1) Елордамыз Астананың
көрнекті орны, Астана нышаны.(Бәйтерек)
2) Жиындарда орындалатын
салтанатты әуен. (әнұран)
3) Әр елдің мемлекеттік
нышаны. (Ту)
4) Көк байрағымыздың авторы.
(Ш. Ниязбеков)
5) Қазақстанның бұрынғы
астанасы. (Алматы)
6) Қазақстанның қазіргі
елордасы (Нұрсұлтан)
7) Елтаңба авторы. (Ж.
Мәлібеков)
8) Қазақстанның тұңғыш
президенті. (Назарбаев)
9) ШҚО әкімі (Даниал
Ахметов)
10) Тәуке ханның заңдар жинағы
қалай аталады? («Жеті жарғы»)
11) Кіші жүздің биін ата?
(Әйтеке би)
Ой
қозғау.
Мұғалім:
- Тәуелсіздік деген қандай
ұғым? (1 қатар)
-Тәуелсіздік дегенде ойларына
не оралады? (2 қатар)
- Биыл тәуелсіздік алғанымызға
неше жыл толып отыр? (3 қатар) (30 жыл)
- Тәуелсіз ел деп қандай елді
айтады?
Жауабы: (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай
елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері,
мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы
бар ел)
Жәмила: «Тәуелсіздік» атты сынып
сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу,
еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің
қадірін білу. Тәуелсіздік қандай жолмен
келді?
Әмір:
Биылғы жылы Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігінің және Семей полигонының жабылуының
30 жылдығымен тұспа –тұс келіп тұр.
Тағыда айта кететін жайт
қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, қазақтың
педагог-ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері,
ғалым-этнограф Ыбырай Алтынсаринның туғанына 180 жыл, Қазақстанның
көрнекті саяси қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы,
Қазақ КСР-ы Халық әртісі кеңес және қазақ мемлекетінің музыка
танушысы, композитор, дирижер ақын Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына,
Қазақ ақыны әрі жазушысы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90
жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар жасалып
жатыр.
Жамила:
Бұл күнге жету үшін
ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын
сақтап, ұрпақтан ұрпаққа табыс етті.Осы күнді ата-бабамыз, Ұлы
ақындарымыз жырлаған, өлең жолдарын арнаған. Балалар сіздер
конституция күнімізге, тәуелсіздігімізге байланысты қандай
тақпақтар, өлеңдер нақыл сөздер білесіздер? Қанекей
бөлісейік:
Нұрай:
Тәуелсіздік
Әмір:
Бүгін Қазақстан әлем
назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы
бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде көптеген істер атқарылды.Тарих
еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымызда бөлісетін
жетістіктер жетерлік.
Жамила:
Армандарды жақындатып тым
алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік - ел бақыты,
ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын
қуаныш!
Аяна:
Тәуелсіз 30 жыл туыңды биік
ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал
қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты
болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз
Қазақстаным!
Жамила:
Ән: Туған жер
Сабина
Әмір: Тәулсіздігіміз мәңгі
жасасын!