Ұйымдастырылған оқу
қызметінің тақырыбы: «Күзгі табиғат
аясында»
Білім
беру саласы: «Шығармашылық»,
«Коммуникация»
Бөлімі: Аппликация, Сөйлеуді
дамыту
ҰОҚ-ның тақырыбы: «Күзгі табиғат
аясында»
ҰОҚ-ның мақсаты: Өткен тақырыптарды еске түсіре
отырып, балалардың ойлауын, тілін дамыту. Балалардың жарты
жыртылдықта алған білімдеріне көз жеткізу. Күз мезгілін білуге
қабілеттерін арттыру жалпы ой – өрісін дамыту.
ҰОҚ-ның міндеттері:
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өздігімен
тапсырманы орындауга машықтау.
Ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын
арттыру. Балалардың бір – біріне деген шынайы достық, жолдастық
қарым – қатынасқа тәрбиелеу, бір – біріне көмектесу, қол ұшын беру
сияқты адамгершілікке тәрбиелеу. Мейірімділік, қарапайымдылық, ақ
көңілділік қасиеттерін қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі-құралдары:
Жапырақтар, үй жануарлардың суреттері, үлестірмелі
материалдар, күз мезгілінің суреттері, жеміс- жидектердің
муляждары, аппликацияға қажетті материалдар (түрлі түсті қағаздар,
желім т.б)
ҰОҚ
барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ – жауап,
әңгімелеу, тыңдау.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен
сіздерді көргеніме өте қатты
қуаныштымын!
Балалар,
келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
-Балалар біреу жылап тұрған сияқы. Кім екен бұл? (Қоян
жылайды)
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен
көжектерімді жоғалтып алдым.
Тәрбиеші: Жо-жоқ, жылама, қоян! Біз
сенің көжектеріңді тауып алдық! Олар, жаңбырдың астында қалып
қойыпты.
Қоян: Балалар, олай болса, менің
көжектерімнің құлақтарын кептіріп беріңдерші.
Тәрбиеші: Балалар, қоянның көжектерінің
құлақтарын кептіріп берейік!
Балалар: Иә (хормен)
«Көңілді қоян» тыныс
жаттығуын орындау.
Мұрынға дем жинап алайықшы
және ауыз арқылы демімізді шығарамыз (үрлеу арқылы көжектердің
құлағын кептіру).
Бәріміз бірге
жасайықшы.
Қоян: Балалар, жарайсыңдар! (қоян
тағы да жылап жібереді)
-Мен
сіздерге қонаққа келе жатыр едім, күз мезгілінде жинаған сәбіздерім
бар еді. Алдымнан қасқыр шығып, барлық сәбіздерімді алып кетті. Ол
маған мынадай тапсырмалар қалдырды. Осыны орындасаң, сәбізді
беретінін айтты. Енді не істеймін?! Балалар маған көмектесесіңдер
ме?
Тәрбиеші: Балалар, қоянға
көмектесейік!
Балалар: Иә (хормен)
Қоян: Балалар, жарайсыңдар! Бірақ
мен мында тапсырмалар берілген хатты оқи алмай
отырмын.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге
тапсырмаларды оқып беремін, тапсырмаларды бірге орындаймыз
ба?
Балалар: Иә (хормен)
1-тапсырма: «Сары балапан»
-Балалар,
казір біздер балапанды жасаймыз. Балапанның қанаттарын, аяқтарын,
тұмсығын желім арқылы дайын пішінге желімдеп, жапсырамыз. Көңілді
балапан жасап шығарамыз. Жасаған балапандарымызды көлшікке жүзуге
жіберейік!
2-тапсырма: Тілге жаттығу.
-Балалар,
сендерге менің достарым келіпті (ит, мысық, балапан). «Жымию»,
«әткеншек», «футбол алаңы», «ат шауып келеді».
3-тапсырма: «Қарны аш құрт»
-Балалар,
ағаштағы жемістерді құрт жеп кетіпті. Құрттың қарны ашып қалған
секілді. Енді қалған жемістерді құртқа беріп, тамақтандырайық!
Жіпке жеміс жидектерді тізеді.
4-тапсырма: «Жануарларды
тамақтандыру»
-Балалар,
мына жерде фирма бар екен. Фирмада үй жануарлары тұрады. Қандай үй
жануарлар тұратынын білейік (балалар үй жануарларының дыбыстары
арқылы тану).
-Балалар,
үй жануарларының қарындары ашып қалған секілді. Олай болса, біз
оларды тамақтандарып кетейік!
Қасқыр
шығады: У-у-у.
О-о-о,
менің тапсырмаларымды орындап қойыпсыңдар ғой.
Керемет!
Қоян:
-Ой, ой,
қасеке менің сәбізімді қайтарыңызшы. Мен сіз айтқан барлық
тапсырманы орындадым. Маған балалар көмектесті.
Қасқыр:
-Жарайды,
міне сәбізіңді ала ғой.
-Балалар
керемет білгір екенсіңдер. Жарайды мен кеттім!
Қоян:
-Балалар,
маған көмек бергендерің үшін, көп рақмет! Менің сіздерге арналған
сыйлығым бар.
Сау
болыңыздар!