Зерттеу
сұрағы: Қазақстанды отарлауды Ресей
империясы қалай жүзеге асырды?
Зерттеу мен
талдау
Мәтінмен
жұмыс
Топ оқушыларының өз қалаулары
бойынша деңгейіне қарай қабырғада ілінген сұрақтар топтамасынан
жауап беруге мүмкіндігі бар екені ескеріледі. Топтар тақырыптарына
қатысты мәтін мазмұнын оқып, мәселені талдап, зерттейді. Зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде Ресей
империясының Қазақстанды отарлауы қалай
жүзеге асқанын анықтайды. Топтар өз жұмысының нәтижелерін әр түрлі
үлгіде ұсына алады.
Бөлме қабырғасына
ілінген сұрақтар:
-
Неліктен казактар
Жайық, Орынбор, Сібір және Жетісу аймақтарына
қоныстандырылды?
-
Казактар
қазақтардың жерін алуға неге мүдделі
болды?
Топтар бөлме қабырғасында
ілінген сұрақтарды таңдап алғаннан кейін мұғалім сұрақтың мазмұнына
сәйкес топтарға мәтінді таратады. Топтарға төмендегідей мәтіндер
тақырыбы ұсынылады. Топтағы оқушылар мәтін мазмұнын оқып, топ
ішінде талқылайды. Мәтіндегі негізгі ойды беретін сұрақтардың
жауабын дайындап, тарихи фактілерді анықтайды. Топтар игерген
білімдері мен ақпаратын сынып алдында ауызша
қорғайды. Кезекпен топтар бірін-бірі
бағалайды.
-
Казактар - әскери
сословие;
-
Казактар-қазақтардың
жерін алуға мүдделі топ;
-
Казактар отарлау
саясатының тірегі
Дескриптор:
1-топ.
-Казактардың
әскери сословие екенін
түсіндіреді;
-Патша өкіметінің
Қазақстанға казактарды қоныстандыруының кем дегенде 2 себебін
анықтайды
2-топ.
-Казак
әскерлерінің Жайық, Орынбор, Сібір және
Жетісу аймақтарына орналасу себебін
түсіндіреді;
- Казактар
қазақтардың жерін алуға мүдделі болудың кемінде 2-себебін
анықтайды
3-топ.
- «Казактар отарлау
саясатының тірегі болды» тұжырымымен келісетінін/келіспейтінін
кемінде 3-дәйекпен дәлелдеп түсіндіріп
береді;
- Қазақтардың
жеріне казактардың қоныстануының кемінде 2 салдарын
анықтайды
Кері
байланыс. Топтардың бір-бірін
бағалауы
Интерпретация
М Зерттеу сұрағы:
«Қазақстанды отарлауды Ресей империясы қалай жүзеге
асырды?» сұрағы қойылып, сыныпта
жалпы талқылауды ұйымдастырыңыз.Сонан соң оқушыларға төмендегідей
тапсырма ұсыныңыз.
(Б) Оқушыларға
«Патшалық Ресейдің отаршыл
саясатын қандай іс-әрекетпен
дәлелдейсіз?» деген сұрақ қойылып,
тапсырма аясында талқылау
ұйымдастырыңыз.
Әр оқушы жауаптары
қабырғада ілінген қоржынға салынады, мұғалім оқушылар жауабын
бір-бірлеп алып, оқиды. Қоржыннан алынып оқылған жауап көңілге
«қонымды» болса, оқушылар қол шапалақтайды, «қонымсыз» болса
аяқтарымен жерді
тарсылдатады.
Дескриптор:
-Жауап құрылымын
сауатты құра алуы;
-Дәйекпен
дәлелдеп, жауапты дұрыс бере
алуы
Кері
байланыс. Мұғалімнің
бағалауы
|