400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі:

1А. Сандар мен цифрлар

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

1 саны және цифры / Менің бөлмем

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1**натурал сандар құрылужолын түсіну, 10 көлемінде туражәне кері санау, натурал сандарқатарындағы орнын анықтау;

1.5.2.1 цифрды саннан ажырату,көрнекі түрде біртаңбалы сандардытүрлі тәсілдермен: нүктелержиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету.

Сабақтың мақсаты:

1 саны және цифрымен танысасың.

Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

0-3

Ынталандыру

Мұғалім санамақты оқушылармен бірге айтады.

Бір дегенім – бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім – елім,

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Оқушылар санамақты мұғаліммен бірге орындайды.


Санамақ, сандар қатары, геометриялық фигуралар.

4-6

Өзектендіру.

2, 3, 9 … сандарының көршілерін ата.

2 , 3, 9.сандарынан қандай сандар артық (кем)?

Тура жәнекеріретпенсанаймыз.

Оқушылар сандардың көршілерін атайды.

Сандарды тура жәнекеріретпенсанайды.



7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

Фигураларғақара.

Қандай фигуралар бір-бірден? Оларды ата. (Көк дөңгелек, қызғылт сары тіктөртбұрыш).


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Мәселелік жағдаятты түсінеді.



Фигуралар.

Мағынаны тану

10-20

Жаңаны ашу.

Оқулықтағы №1 тапсырма. Суретке мұқият қара.

Суретте қандай заттар бір-бірден? (Сағат, төсек, орындық, терезе, компьютер, үстел т.б.)

Суреттен бір цифрын көрсет

1 санын сандық кесіндіден көрсет.

Дәптердегі №1 тапсырманы орындау ұсынылады.

1 цифры қалай жазылатынын анықтап қара (баспа негіздегі дәптердегі жазу).

Мұғалім 1 цифрын тақтада жазып көрсетеді.

О қушылар осы сабақтан бастап цифрларды жазуды үйренеді. Бұл жұмыс сабақ сайын жүргізілуі қажет. Егер баспа негіздегі дәптер жоқ болса, онда торкөз дәптерге орындайды. Мұғалім уақытын өзі таңдайды және цифрларды жазу бойынша жұмысты ауызша жаттығулармен кезектестіріп жүргізеді. Үздіксіз жазу уақытын5-7 минуттан асырмау қажет екенін есте сақтау керек.

Дәптердегі №2 тапсырманы орындау ұсынылады.




Оқушылар сұрақтарға жауап береді.




Баспа негіздегі дәптерде 1 цифрын жазуды орындайды.



Заттарды санайды. Біреуден берілген заттарды қарындашпен қоршайды.










Балалар дәптердегі тапсырманы орындап болған соң, өз білімін бағалау үшін бағдаршамды бояйды.

Оқулық, дәптер.










Баспа негіздегі жұмыс дәптері

20-25

Жаңаны қолдану

Оқулықтағы №2 тапсырманы орындайды.

Қандай заттар бір-бірден? (Сурет салуға арналған альбом, сызғыш, өшіргіш, қарындаш, қаламсауыт, қойын дәптер.)

Оларды қалай атауға болады?

Сырымға оқу құралдарын жинауға көмектес.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.




Оқулық, дәптер.


25-32

Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

Оқулықтағы №3 тапсырманы жұптасып тексерумен орындауды ұсынуға болады. Әрбір затты санайды.Қай зат біреуден екенін анықтайды.

Қайшы нешеу? (4)

Қалам нешеу? (3)

Қарындаш нешеу? (3)

Қарындашұштағышнешеу? (2)

Қаламсауыт нешеу? (1)

Өшіргіш нешеу? (1)

Заттарды салыстырады.


Балалар суреттегі заттарды санайды.

Заттарды салыстырады.

4>3, 4>1, 3>2, 1<2, 1<3, 3 = 3

Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі бойынша бағалайды.

Жұлдызша – «Жарайсың»

Төртбұрыш – «Жақсы»

Үшбұрыш –«Талпын».


Рефлексия

32-35

«Алмаағашы» әдісі.

Оқушыларға сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны Алмаағашына ілу керек.

Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі.

Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ. 

Оқушылар сабақ соңында қалаған алманы Алмаағашына ілу керек.



«Алмаағашы» әдісі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.05.2023
348
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі