400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінің мұғалімдеріне керек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні

Сыныбы: 7 Пәні: биология

Сабақтың тақырыбы:

Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы.

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар.

Жалпы мақсаты:

Балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерімен, тіршілігімен танысу, талдау. Уақытты тиімді пайдалану дағдыларын дамыту.

Түйінді идея:

Балықтар түрлерімен танысып, олардың ерекшелігін білу, кәсіптік маңызын анықтау.

Оқыту нәтижесі:

Балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері мен тіршіліктері туралы мағлұматтар ала отырып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады.

Ақпарат көздері:

АКТ, постер, түрлі түсті маркерлер, интернет желісі.

40 минут

Мұғалімнің қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Іс-әрекет түрлері:

Үй тапсырмасын тексеру

Ұйымдастыру: (сәлемдесу, түгендеу)

Бүгінгі сабағымызда мына (сары,қызыл, көк,жасыл, сұр) түстерге қарай 3 топқа жиналасыңдар.

Топта жұмыс жасауға үйренеді;

Құнды пікірлерді айтып үйренеді;

Басқаның ойын тыңдайды;

Жаңа тақырып: «Ой қозғау»

Оқулықпен жұмыс (көзбен қарап шығу). Әр топқа тапсырмаларды тарату, жаңа сабақты талдау (постермен жұмыс, топпен)

I-топ: Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.

II-топ: Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады?

III-топ: Балықтарда қандай жүзбе қанаттар болады, атқаратын қызметі қандай?

IV-топ:Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына қандай белгілер тән?

V-топ: Шеміршекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?

Өзін-өзі бағалау және топ басшысының топты бағалауы

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1.Психологиялық ахуал туғызу. Тақтада әртүрлі көңілдегі смайликтер ілініп тұрады. Оқушыларды 3-ке дейін санау арқылы топқа бөлемін.

Өткен сабақты еске түсіру.

Жеке, дара, жұппен жұмыс

Жаңа сабаққа кіріспе. Балықтар (лат:Pisces) судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі, балықтар өкпе арқылы емес , желбезек арқылы тыныс алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарынан әдетте ірілеу болып келеді.

Балықтар – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз(миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқандылар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97-98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау су қоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Балықтар дене тұрқы, түсі құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді.

Топтық жұмыс. Топқа оқулық бойынша тапсырма. Әр топ тізбектей бір-бірінің жауаптарын тексереді.

Рефлексия кезеңі.




Бағалау өлшемдері арқылы бағалау.

Бір біріне сәттілік тілеу.

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Қармаққа түскен балықтар(шортан, сазан.алабұға)

Оқушыларға қармаққа түскен балықтар туралы тақпақ айту. Алабұға:

Жолаң-жолаң сауыры, балықтың бұл тәуірі.

Екі көзі сап – сары, ауырама бауыры.

Алабұға үйірі, сияқты бір иірім.

Қоңыр- жасыл жотасы, жасыл-сары бүйірі.

Жайын:

Білем десең, біліп көр, қармағыма іліп көр.

Жайын үшін сөзбекен, бақа, шаян,сүліктер.

Толағайы толағай, және мешкей қомағай.

Түсе қалса қармаққа, әрең тартар он ағай.

Сазан:

Айқайлама ұрыспа, тіпті ақырын тыныста,

Сазан нағыз сақ балық, жоламайды дыбысқа.


Оқушылар 3-ке дейін санау арқылы топқа бөлінеді. Үй жұмысын дәптерлерінен бір-біріне тексерту. Жұппен тексеру, бағалау. Әр топ постермен жұмыс жасайды. Тақырып бойынша оқулықпен жұмыс жасай отырып, топпен талдау. Постермен жұмыстарын аяқтаған топ шығып оны тақтаға іліп басқа топтарды жұмыстарымен таныстырады, түсіндіре отырып, дәлелдейді.

Сабақты жинақтап қорытындылау үшін берілген сұрақтарды талдату. “Балықтың жаны - суда”, “Өзен жағалағанның өзегі талмас” деген халық мақал-мәтелдеріне талдау жасау.

Елімізді балық шаруашылығының маңызы қандай, өз ойыңды дәлелде.






Жаңа сабақ бойынша пікір смайликке жазу.

Бүгін не үйрендім? Маған не ұнады? Маған не ұнамады?



Сабақтағы топ мүшелеріне баға беру.

Пайдаланылған құралдар:

Тапсырма жазатын қағаздар, маркерлер, бағалау қағазы.

Үйге тапсырма:

Оқу. Тақырып бойынша тест құрастырып келу. «Балықтар» тақырыбына эссе жазып келу.



Тексерілді: Д.Т.Кожумова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
422
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі