Білім беру саласы: Коммуникация, бөлімі: қазақ тілі
Тақырыбы: Сәндік
бұйымдар
ҰОҚ мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: балаларға қазақ халқының сәндік қолданбалы
өнері жайлы мағлұмат беру.Қолөнердің бір түрі зергерлік бұйымдармен
таныстыру. Ою-өрнектердің ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсінік
беру.
2. Дамытушылық мақсаты: балалардың ою-өрнектерге деген
қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: балаларды ұлттық құндылықтарымызды
дәріптеуге, қолөнерді бағалап қастерлей білуге, қолөнер туындыларын
жасау шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Заттық дамыту ортасы: Сәнді қолданбалы өнер шығармаларының
туындылары, суреттер, интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: таным, коммуникация
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, жасап көрсету.
ҰОҚ барысы:
I. Ұйымдастыру. Балалар әсем әуенмен залға
кіреді.
Амансыздарма еліміз тыныш,
күндеріңіз сәтті болсын.
1.Шаттық
шеңбері.
Ен даласын егін жапқан.
Бар баласы бақыт тапқан,
Менің елім, туған жерім.
Күн сәулелі
Қазақстан!
2.Кіріспе.
II. Балалар біз қай елде
тұрамыз?
Біздің еліміз Қазақстан!
Балалар, біз қазақ тіліндегі үйренген сөздерімізді еске түсірейік.
Сөздік ойын.Зима - қыс, зуб - тіс.Город- қала, снеговик- аққала.Мать- ана, ребенок -бала.Рыба- балық,народ -халық. Терезе -окна, сүт -молоко.Дверь-есік, колыбель -бесік.Слова- сөз, глаза -көз.Уши- құлақ, родник- бұлақ.
Осылайша күнде мен, қазақ
тілін үйренем.
III. Негізгі бөлім.
1. Балалардың назарын пернетақтаға аудару.
Мына видеода қазақ халқының қол өнер туындылары, қараңдаршы олар неткен әдемі. Бұл жұмыстар ұзақ уақыт пен шеберлік, шыдамдылықты қажет етеді. Кез келген адам өз жұмысын кәсібін жақсы меңгерсе, ол кісіні өз ісінің шебері атанады.
Балалар, біз бүгін қолөнердің бір түрімен танысамыз.Мына заттар сәндік, әшекей бұйымдар.Бір сөзбен «зергерлік бұйымдар» деп атаймыз.
Бұл зергерлік заттарды жасайтын шеберді « зергер» дейміз. «Зер» сөзі өте ұсақ, назар салып құрастыру мағынасын береді. Зергерлік заттар әр түрлі металдардан жасалады. Олар:алтын, күміс, қола т.б металдардан жасалып, ою өрнектермен, тастармен безендіріледі.Зергерлік заттарды жасау өте қиын.Ол шыдамдылықты, төзімділікті шеберлікті қажет етеді. Балалар, қараңдаршы олар қандай әдемі.Біз зергерлік бұйымдарды ұқыпты ұстап, оларды сақтау керекпіз.Зергерлік бұйымдар атадан балаға, әжеден қызға мұралықпен беріледі. Балалар бұл заттардың көз тарталық әдемі болып көрінуі олардың ою өрнектері әсерінен, түстердің үйлесімділігінен бұл заттардың барлығы қолдан жасалады.Сондықтан бұл заттар қолөнер туындылары деп аталады.Әшекей бұйымдарды сәндік үшін пайдаланады.
Балалар еңбек етіп жатқан кісіні көргенде қандай жақсы тілектер айту керек.
«Еңбегіңіз жемісті болсын», «Ісіңіз берекелі болсын» дейміз.
2.Балалар біз көрмеге барайық.
Мына заттарды ұстап қарап көрйік. Кольцо сақина, перстень жүзік, серги сырға, браслет білезік. Бұл заттар сәндік бұйымдарға жатады.
Сөздік жұмыс.
Біз видеодан қандай бұйымдарды көрдік?
Сәндік бұйымдар Декоративные предметы.
Өнер Искусство
Өрнек узор
Ою өрнек орнамент
Қолөнер рукаделие
3.Балалар сендер қандай ою өрнектерді білесіңдер?
Қимылдық сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық.
Шеңбер болып тұрайық.
Ою өрнек сызайық.
Қошқар мүйіз, қызғалдақ.
Құсқанаты, сұқ саусақ.
Түйетабан, қазмойын.
Жұлдыздары жарқырап,
Оюларды жасайық.
Әрбір ою өрнектің астарында
терең сыр бар.Біріншісі-қазақ халқының өзіне тән ертеден келе
жатқан ұлттық оюлары. Екіншісі- басқа халықтардан ауысқан жаңа
интернационалдық ою-өрнектер.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері бір бірінен ерекшеленіп тұрған. Әр
ойылған ою түрлі ұғымды білдіреді. Қайсысын бейнелегенде де, ұлттық
ою-өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырған.Қазақ
халқының ою өрнектерінің әрқайсысы ерекше мағына береді.
Мысалы:
Мүйіз- төрт түлік белгісі, тоқшылық байлықты білдіреді.
Түйетабан- ақ жол, сәтті сапар, шыдамдылық.
Құсқанаты бағың жансын,
биіктен көрінуді тілесе, қазмойын денсаулық, үзілмес ұзақ ғұмыр
мағынасын береді. Әрбір бұйым арнайы кісіге жасалған. Оюлы шапан,
оюлы көкірекше сыйға тартқанда оюларына ерекше мән берген. Қыздарға
құсқанаты, гүлдер салынған киім тігілсе, жігіттерге қошқар мүйіз,
түйетабан, ал жасы егде кісіге үзілмес, қазмойын оюлары
пайдаланылған. Әжелеріміз, апаларымыз салт-дәстүрге берік
болған.
Өнер (орысша - искусство) – өмір құбылыстарын, қоғамдық болмыс сана
нәтижелерін, адамның іс-әрекеті мен көңіл-күйін, сезімі мен рухани
дүниесінің образды көркем тіл арқылы бейнелейтін пішін мен мән
қатынасы.
Ою-өрнек – бейнелеу өнерінің жоғарғы тегі, халық мәдениетінің,
дәуірінің өзіндік қолтаңбасы.
Өрнек (орысша – узор) – бір нәрсенің бетіне түсірілген әр түрлі
үлгідегі әуенді нақыш бедер.
Ою-өрнек – өнердің ежелден келе жатқан озық
үлгісі.
1. Ай, Күн, жұлдыздарды
бейнелейтін өрнектер
2. Аң, мал, атаулары мен олардың дене мүшелеріне байланысты туған
өрнектер
3. Өсімдік бейнелі өрнектер: «қызғалдақ гүлі», «райхан гүлі», «жеті
гүл» т. б
4. Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер: шаршы, ромб, төртбұрыш,
үшбұрыш т. б
5. Қару - жарақтар мен тұрмыстық керек - жарақтарға байланысты
туған өрнектер: «балта», «түйме», «ожау», «тарақ», «балдақ», «қос
тұмарша» т. б
Өрнектердің түстері мен бояулары
Сыйқырлы қаламмен бірге ою
өрнектерді атаймыз.
Қошқар мүйіз, сынық мүйіз, мүйіз, гүл, түйетабан, үзілмес, жұлдыз, қазмойын, құсқанаты т.б.
Қимылды ойын.«Тұскиіз бен сырмаққа оюларды орналастыру».
Ою-өрнектерден тұскиіздің бір түрін, сырмақтың бір түрін құрастыру.
Ойынның шарты:
1. Балаларға ою қималары беріледі.
2. Салынатын өрнек әрқашан бұйымның түстік фонының сәйкес келуі,
яғни бір-бірімен жарасымдылығы.Олардың көлемдерінің тәртіппен
орналасуы.
3.Өрнектер бір-бірімен тепе-теңдікте болуы
шарт.
Матамен киізбен жұмыс істейтін
шеберлерді «ісмер» деп атайды.
Ісмердің қол өнер туындылары: көрпе, қоржын, сырмақ,кеудеше
т.б.
ҮІ.Қорытынды
бөлім.
1.Сұрақ - жауап.
«Сырға»
Сырға қандай болады?
Сырғаны неден жасайды?
Сырғаны кім жасайды?
Сырғаны кімдер тағады?
«Жүзік»
Жүзікті кімдер тағады?
Жүзікті неден жасайды?
Жүзікті қалай әшекейлейді?
«Білезік»
Білезікті қайда жасайды?
Білезік қандай болады?
Оны кімдер тағады?
Қандай жаңа сөздермен таныстық?
ҮІІ. Балаларды
мадақтау.Қоштасу.

№ 27 бөбекжай-бақшасы
Білім беру саласы «Коммуникация»
Түрі: қазақ тілі
Тақырыбы:
«Сәндік бұйымдар»
Қазақ тілі мұғалімі: Қ.Қанқожаева
Тараз қаласы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ

шағым қалдыра аласыз