400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
кіріктірілген сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Рудный қаласы білім бөлімінің» №13 балабақшасы КМҚК







Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Ересек «Алаңқай» тобы

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы.»











Тәрбиеші:Джарбосинова Ж.Н.




2023 оқу жылы




Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, құрастыру.

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы.»

Мақсаты: Балаларға мамандық туралы жалпы түсінік беру, сурет бойынша

« Мен кім боламын?» деген тақырыпқа әңгіме құрастыруға үйрету.

Міндеттері: 

Білімділік: Өзі ұнатқан мамандығы туралы ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру. 

Дамытушылық: Еңбекке деген құштарлығын ояту. 

Тәрбиелік: Үлкендердің еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: аспазшы, дәрігер, жүргізүші, құрылысшы, мұғалім

Керекті құралдар: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, мамандық иелеріне керекті құралдар, презинтация.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Миға шабуыл әдісі

Жұмбақтар

1.Аялаймын барыңды,

Аштырмаймын қарныңды.

Тосырқамай кел күнім,

Тойғызамын бәріңді.

(Аспазшы)

2.Іш ауырса, тіс ауырса,

Бізге дәрі береді.

Барлық бала, барлық ана,

Оны жақсы көреді.

(Дәрігер)

3.Қолымда алтын қалағым,

Зәулім үйлер саламын.

(Құрлысшы)

2.Негізгі бөлім:

Мамандықтар жайлы презентация қарау

Сұрақтар қою:

-Қандай мамандықтарды білесіңдер?



Мамандықтардың суреттерін көрсетеді.

- Мынау дәрігер, ол не істейді?

- Мынау аспазшы, ол не істейді?

- Мынау құрлысшы, ол не істейді?

- Мынау шаштараз, ол не істейді?

- Мынау тігінші, ол не істейді? (Балалардың жауабы)

«Кімге не керек?» дидактикалық ойыны

Мақсаты: мамандықтарға не қажет екендерін атап, керекті заттарын орналастыруларын сұрайды.

Дыбыстық жаттығу:

«Зе-зе-зе,зе-зе-зе – бұл шынылы терезе»,

«За-за-за,за-за-за – үйдің іші тап-таза»,

«Зу-зу-зу,зу-зу-зу – күрекпен жерді қазу»,

«Са-са-са, са-са-са – ызыңдайды маса

Сергіту сәті:

Мы в профессии играли

В миг мы летчиками стали

В самолете полетели

И шоферами вдруг стали!

Руль теперь у нас в руках

Быстро едим просто класс!

«Мен кім болам?» дидактикалық ойыны:

Мақсаты: болашақта қандай мамандықты таңдайтындарын, не үшін таңдайтындарын айтады.

















1) Мамандық бойынша сұрақтар қою:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктемнің айларын атаңдар.

-Сәуір айында біз Ғарышкерлер күнін атап өтеміз. Ғарышкер деген кім? Қалай ойлайсыңдар? (ғарышкер туралы түсіндіріп өту)

- Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

2) Балаларға ғарыш туралы видеороликтер қосып беру.

3) Ғарыш алаңына саяхатқа бару.

Саусақ жаттығуы:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Беске бесті қосқанда

Шықты сонда он саусақ.

4) Ғарыш кемесін құрастыру.

5) Ғарыш алаңына барып зымырандармен ойнау.



Қорытынды: Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді. Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер керек.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі