Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
№40 орта мектеп
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бізді қоршаған орта
(сабақтың тақырыбы)
Бөлім |
6-бөлім. Синтаксис. Қоршаған орта және энергия ресурстары |
|
Педагогтің аты -жөні |
Сенадилова Жулдыз Рыскелдиновна |
|
Күні |
1 ақпан |
|
Сынып: 8 Қазақ әдебиеті |
Қатысушылар саны: 26 |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Бізді қоршаған орта |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік)талдай отырып, негізгі ойды анықтау; 8.2.2.1 публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану |
|
Сабақтың мақсаты |
Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау; Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут |
Амандасу, жағымды ахуал қалыптастыру; Оқушыларды түгендеу; Пәнаралық байланыс пен құндылық туралы айту; Жауапкершілік,туған жерді сүю,табиғатқа қамқорлық жасау,әдептілік құндылығы туралы айту. Ой шақыру «Суреттер галереясы» әдісі арқылы тақырыпты болжау. Табиғатты қорғау-біздің басты мақсатымыз.Отан мен табиғат тығыз байланысты ұғымдар.Адам-табиғаттың бір бөлшегі.Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер? (Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға хабарлаймын) Бөлім: Синтаксис. Қоршаған орта және энергия ресурстары Тақырып: Бізді қоршаған орта Сабақтың мақсатымен таныстыру Сабақтағы оқу тапсырмаларының бағалануымен таныстыру
|
Мұғаліммен амандасу; Білім алушылар жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, сабақ мақсатына жету жолдарын анықтайды. Өз ойларын айтады.
Табиғат туралы мақал-мәтелдер айтады Әр оқушы бағалау парақшасын алады, оқу тапсырмаларының ретімен танысады
|
ҚБ Оқушылардың көңіл-күйін және сабаққа дайындығына ынталандыру сөздері: «Жарайсың» « Керемет», «Тамаша»т.б. сөздерімен ынталандыру Бағалау критерийі: Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау; Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану |
Бағалау парақшасы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Жаңа материалды меңгерту 5 минут |
Мағынаны тану
|
Дәптерді ашып, күн ретін, тақырыпты жазады. Қажетті мәліметті дәптерге жазып алады. Жаңа тақырып бойынша пікір білдіреді; «Түртіп алу» әдісі Қажетті мәліметті дәптерге жазып алу ұсынылады. Ғылыми және публицистикалық стильге тән ерекшеліктерді естеріне түсіреді
|
Жаңа тақырып бойынша пікірлерін ынталандырып отырады |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа материалды түсінгенін тексеру 8 минут 10минут |
ТЖ 1-тапсырма SWOT талдау әдісі Мәтінді тыңдай отырып,қандай әлеуметтік мәселелер көтерілгенін анықтай отырыңыздар. Ол мәселелер бойынша сіздің көзқарасыңыз қандай?Мәтіннің негізгі ойы қандай?
|
ТЖ 1-тапсырма. 1-топ : Күшті жақтары 2-топ :Әлсіз жақтары 3-топ : Мүмкіншіліктері 4-топ : Қауіп-қатерлері Ықтимал жауап
|
Бағалау балы Дескриптор: -мәтіндегі мәселелерді талдайды-1б; - мәтіннің негізгі ойын анықтайды-1 Барлығы- 2 балл Мұғалім ұсынған дұрыс жауап арқылы топтар арасында өзара бағалау
Кері байланыс |
Тыңдалым мәтіні https://youtu.be/7NGMzQg-d4Y?si=mw65MH7d0KSmnz8D
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұптық жұмыс 2-тапсырма. «Жұптас,ойлан,бөліс» әдісі. Мәтіндермен танысыңыз. Тірек сөздерді анықтап, мәтіндер қай стильде жазылғанын ажыратыңыз.3 дәлел келтіріңіз. 1-мәтін Жыл сайын 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Бұл күнді атап өтудегі мақсат – әрбір азаматты қоршаған ортаны қорғауға баулу. Басқа сөзбен айтқанда, әлем халықтарына табиғатты қорғау мәселе сіндегі негізгі күш адамдардың өз қолында, қоғамның қолында екенін түсіндіру. Сондай-ақ күллі әлемдегі елдермен халықтардың қауіпсіз және бақуат ты келешегін қамтамасыз ету үшін әріптестік қарым-қатынастардың пайдасы зор екенін ұғындыру. Дүние жүзілік қоршаған орта күні елімізде жиындар, велосипедшілер шеруі, концерттер, шығармалар мен үнқағаздар конкурсы, көшеттер отырғызу сияқты шаралар, аулалар мен көшелерді тазалау науқандары өткізіледі. 2-мәтін Адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздар ды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорларына мұхиттар,теңіз, өзен, көл, жерасты сулары, мұздықтар, атмосфера дағы ылғал кіреді. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43%-ын, ал оттегінің 50%-дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы. Өкінішке орай, жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры гидросфера ресурсының 1%-ына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр жерінде тұщы су қоры әртүрлі. Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады.
|
Жұптық жұмыс 2-тапсырма. «Жұптас,ойлан,бөліс» әдісі Мәтіндермен танысады. Тірек сөздерді анықтап, қай стильде жазылған ажыратады.3 дәлел келтіреді. Ықтимал жауап:
|
Бағалау балы Дескриптор: 5 тірек сөздерді анықтайды-1б; Тілдік құралдар арқылы мәтіннің стилін ажыратады-1б; 3 дәлел келтіреді-1б;
Барлығы –3 балл Мұғалім ұсынған дұрыс жауап арқылы жұптар арасында өзара бағалау Кері байланыс |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7минут |
3-тапсырма Жеке жұмыс «Сәйкестендіру» әдісі Тілдік құралдарды стиль түрімен сәйкестендір
|
3-тапсырма Жеке жұмыс «Сәйкестендіру» әдісі Тілдік құралдарды стиль түрімен сәйкестендіреді
|
Бағалау балы Дескриптор: Тілдік құралдарды таниды-1б; Ғылыми стильдің ерекшеліктерін таниды-2б; Публицистикалық стильге тән ерекшеліктерді ажыратады-1б; Тілдік құралдарды стиль түрімен сәйкестендіріді-1б
Барлығы –5 балл Мұғалім ұсынған дұрыс жауап арқылы бағалау Кері байланыс |
Таратпа қағаз
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
Сабақты қорытындылау 5 минут
|
Сабақты бекіту мақсатында Learningapps.платформасында «Шын.Жалған» тапсырмасын ұсыну
«Түйінді идея» әдісі арқылы сабақты қорытындылау Мұғалім оқу мақсатына қайта оралады.Тақырыпқа байланысты сұрақ қойып, жауап алу мақсатында сабақты бекіту 1.Балалар, қоршаған ортаға не жатады? 2.Қоршаған ортаны қорғаудың маңызы неде? Әр білім алушыға жеке-жеке тоқталып бағалайды, кері байланыс береді.Келесі сабақта неге назар аудару керек екендігін ескертеді. Рефлексия. Білім алушылардың ойларын тыңдау Әр білім алушыға жеке-жеке тоқталып бағалайды. 3) Рефлексия:
Білім алушылардың ойларын тыңдау 2.Үйге тапсырма беру: 5-тапсырма,118-бет
|
Сабақты бекіту мақсатында Learningapps.платформасында «Шын.Жалған» тапсырмасын орындайды
Мақсат бойынша орындалған тапсырманы түйіндеу үшін оқушылар сұрақтарға жауап береді Оқушылар бүгінгі сабақта нені білді,нені білгісі келетіні туралы өзіндік пікірлерін рефлексия парақшасына толтырады. . Үйге тапсырма алады.
|
Жарайсың! « Керемет», «Тамаша»т.б. сөздерімен ынталандыру
1) Оқушыларды 1-10 дейін бағалайды; 2) Білім алушының жетістігі туралы пікір білдіру; 3.Кері байланыс беру Ұсыныс айту.
|
смартфон https://learningapps.org/display?v=pdnao8dq324
Рефлексия парақшасы,
|
Тексерді ________

