2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ашық сабақ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Күкірт диоксидінің жалпы сипаттамасы, табиғатта таралуы, қолданылу, қышқылдық жаңбырдың қоршанған орта әсері
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бөлім:

11.3C Азот және күкірт

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:


Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану. Көрсетілім «Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері»

(45-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.2.1.13 - тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атау;

Сабақтың мақсаты:

- тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында «Өзіңе тілегенде досыңа тіле!» ойынын өткізу


Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

Жетістік критериймен таныстыру арқылы сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтап алу

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе


Күкірт диоксидінің ауадағы артық мөлшері, зиянды әсері.


Күкірт диоксидінің құрылымдық формуласы



Қоршаған ортаға әсері

Күкірт диоксиді, қалыпты жағдайларда күкіртті газ немесе күкіртті ангидрид деп аталады. Бұл өзіне тән иісі бар түссіз газ.

Күкірт диоксиді улы. Күкірт диоксиді мен улану белгілері: Мұрын бітеледі, жөтел, тамақтың жыбырлауы пайда болады. Күкірт диоксидінің жоғары концентрациясы тұншықтырып, анық сөйлей алмауға жұтынудың қиындауына, жүрек айнуына және өкпе ісінуіне әкеп соғады.




Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.

Негізгі бөлім

Қышқылдық жаңбыр



Атмосфераның күкірт және азот оксидтерімен ластанып, жауын – шашын болып жаууы қышқыл жаңбыр деп аталады.

Автокөліктер, металлургиялық өнеркәсіп және электрстансылар жұмысының нәтижесінде күкірт (IV) оксиді ауаға таралады. Содан кейін қар және жауын – шашынмен бірге жер бетіне түседі.

Негізгі реакциялары:

SO2 + H2O = H2SO3

SO3 + H2O = H2SO4

Қышқыл жаңбырдың көптеген зиянды жақтары бар. Мұндай жаңбырдың астында қалған адамның денсаулығына зиян келеді. Бұл атмосфералық құбылыс аллергия, астма, онкологиялық және т.б аурулардың пайда болуына әсер етеді. Мұндай жаңбыр сулары суқоймаларын ластап, пайдалануға жарамсыз етеді. Акваториядағы тіршілік иелеріне қауіп төнеді., флора мен фауна жойылады.


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/d1a10c8f-5efb-414c-a440-e09c4650a22d

Топтық жұмыс

6 мин


Берілген реакция теңдеулеріндегі күкірттің тотығу дәрежелерін, күкірттің қасиеттерін анықтап, электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.




1 – топ

Қышқыл жаңбыр тақырыбына суреттер салу, постер қорғау (тақтада берілген суреттерді жабыстыру)

2 – топ

Күкірт диоксиді – тағамдық қоспа.

Тақтадағы тиісті суреттерді алып, постерге жабыстырып жоба қорғау

3 – топ

«Қышқылдық жаңбырдың алдың алу, қоршаған ортаның ластану себептерін болдырмау салдары» жоба қорғайды өз пікірлерін ортаға салады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/ae13555d-6d48-4efd-af4d-71e4db5a62ac

Жеке жұмыс

5 мин

(жұптық жұмыс) күкірт диоксидінің химиялық қасиетін сипаттау


1. H2S → H2SO→ H2SO4 қатарында қышқылдардың күші

A) әуелі кемиді, соңынан артады

B) артады

C) өзгермейді

D) әуелі артады, соңынан кемиді

E) кемиді


2. Ерітіндісі қышқылдық орта түзетін зат

A) Na2S

B) K2SO3

C) CuSO4

D) 2S

E) BaSO4

3. Өзгерістер сызба-нұсқасына S-2 → S° → S+4 → S+6 → S-2 сәйкес келетін тізбек

A) FeS → SO→ SO→ S → H2S

B) Na2S → S → SO­→ SO→ S

C) FeS→ S → SO→ SO→ H2S

D) H2S → S → SO→ H→ SO3

E) H2S → S → SO→ SO→ H2S

4Массасы 6,4 кг күкірт жанғанда түзілетін күкірт (lV) оксиді көлемі:

A) 4,48 л

B) 44,8 л

C) 3,36 л

D) 22,4 л

E) 9,56 л

5.Күкірттің диоксиді сумен әрекеттескенде түзілетін зат:

A) күкірт.

B) күкірттің триоксиді.

C) күкіртсутек қышқылы.

D) күкірт қышқылы.

E) күкіртті қышқыл.





 




Бағалау крийтерилері

атмосфераға күкірт диоксидінің таралу себептерін дұрыс айқындаса

күкірт диоксидімен тірі ағзалардың улану себебін ашып айта алса

қышқыл жаңбырдың түзілу себебін түсіндірсе


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.










Жариялаған:
Aяс жанаргүл
13 Ақпан 2025
94
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі