400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Қонаққа қоян келді. Білім беру саласы: Коммуникация. Танмы. Денсаулық. Шығармашылық. Міндеті: Біртекті заттарды ортақ белгісі бойынша топтастыра білу. Негізгі 4 түсті ажырату. Заттардың қасиеттерін бағдарлау дағдысын дамыту. Достыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы

КМҚК «Нұрбөбек» бөбекжайы»

Тәрбиеші: Камирова Самал Абдигалыковна

Тақырыбы: Қонаққа қоян келді.

Білім беру саласы: Коммуникация. Танмы. Денсаулық. Шығармашылық.

Міндеті: Біртекті заттарды ортақ белгісі бойынша топтастыра білу. Негізгі

4 түсті ажырату. Заттардың қасиеттерін бағдарлау дағдысын дамыту. Достыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурс: пішіндер (□ ○ ∆) шар 3 немесе 4 түс. Ғажайып қорапша себет.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелету, түсіндіру, көрсету, ойын және сергіту.

Сабақтың барысы

Келген-қонақтармен амандасу.

1.Шаттық шеңбер:

2.Ғажайып сәт: Көңілді әуенмен Қоян кіреді. (Амандасу)

Тәрбиеші: Ой, балалар бізге қонаққа кім келді. (Қоян) қуанады.

Қоян: Сәлем, балалар?

Балалар мен сыйлығымды жоғалтып алып едім? Сыйлығым осында тұр екен гой!

Тәрбиеші: Қоян мына қорапша сенің сыйлығынба!

Қоян: Иә, менің сыйлығым?

Тәрбиеші: Қандай үлкен сыйлық еді, әдемі екен? Ішінде не бар екен, ашып көреміз бе?

Кәне, келіңдер балалар, Қоян сенде кел, бәріміз бірге ашайық.

(Қорапшаны ашқан кезде шарлар ұшып төбеге жабысады).

Балалар қуанып қол шапалқатайды.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, біздің шарымыздың ұшында әдемі пішіндер ілулі екен! Қарайықшы, қандай пішіндер екен ілулі тұрған!

Балалар: Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек?

Тәрбиеші: Кәнекей, шарлардың түсін айтып кетейікші, мына шардың түсі қандай?

Балалар: (Көк, сары, қызыл, жасыл)

Тәрбеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар!Жарайсыңдар

Қоян: Балалар, тамаша! Бәрекелді!


(Осы кезде балалар 4 Аймаққа бөлінеді)

Қоян: балалар сендер пішіндерді түстерді жақсы біледі екенсіңдер, сендермен енді ойын ойнағым келіп тұр.

Тәрбиеші: Олай болса балалар! Кімге қандай түстер, пішіндер ұнайды сол жерге барайық!

1-топ: Дидактикалық ойын: Пішіндерді түсіне, пішініне қарай өз ұяшығына орналастыру.

2-топ: Дидактикалық ойын: Қоянға сәбіз береміз! (Үстел үстінде шашылған сәбіздерді жинап Қоянға береді) (Тақтамен жұмыс)

3-топ: Сурет: Сәбіздің суретін бастыру!

4-топ: Ертегі кейіпкерлерімен ойын. Қоян: Балалар мыналар менің ертегідегі достарым сендер менің достарымды білесіңдерме? Үстел үстінде Аю, қасқыр, түлкі, бауырсақ жатады! Балалар барып (Фланелеграфқа іледі кейіпкерлерді)

Тәрбиеші: Қоян, біздің балалар сенің достарының жүрісің де салып бере алады! Қимылды ойын: Осы кезде барлық балалар ортаға барып кейіпкерлердің жүрісің салады.

(Балалар жұмыстарын аяқтайды!)

Тәрбиеші: Қоян көрдіңізбе? Біздің балалар талантты, ақылды!

Қоян: Иә, расыменде ақылды екен! Жарайсыңдар, балақайлар!

Қоян: Ия, рахмет сендерге. Енді ойын ойнағым келіп тұр.

Тәрбиеші: Балалар, олай болса қоянмен ойын ойнайық!

Қоян: Балалар сендер маған сәбіз теріп беруге көмектесіңдер ме?

Тәрбиеші: Әрине, олай болса, балалар қоянға сүйікті сәбізін теріп берейік!

Тәрбиеші: (осы жерде көп-аз деген ұғымды балаларға қайталап ату) мысалға: Қоян 1-еу, сәбіз көп деп!

Балалар, бір бойымызды сергітіп алайық!

Қимылды ойын: «Ұзың құлақ сұр қоян» сергіту сәтті


Ұзың құлақ, сұр қоян,

Естіп-қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып секірді!

Тәрбиеші: Ой тамаша балалар, қоянның бізге риза қараңдаршы оның көңіл күйі бір көтеріліп қалды.

Қоян: рахмет сендерге. Сендер бүгін маған көп нәрсе, үйреттіңдер, менімен ойнадыңдар! Сендерге ризамын, балалар! Ал, менің қорапшамның ішінде тағы бір сыйлығым бар еді! Осы кезде қоян барып қорапшаны ашып ішіндегі тәтті сыйлықтарды алып, балаларға көрсетеді! Сендерге тәрбиеші апайларын таратып береді! қайтайын достарыма. Сау болыңдар!

Балалар: Сау бол, Қоян!

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балаларға сұрақтарға жауап береді.

-Қонаққа не келді?

-Ол бізге не әкелді?

-Кәне балалар, бүгін біз не жасадық?

-Балалар, біз жануарларға тиіспеуіміз керек!

-Қане балалар орнымыздан тұрайық.

-Өлең жолдары арқылы қонақтармен қоштасады.



































Өткізген: Камирова С.А.







2022-2023 оқу жылы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.03.2025
213
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі