400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас.

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру,олардың пайдасы маңызы туралы түсінік бері.Оларды бір-бірінен ажыратуға, дауыстары арқылы тани алуға үйрету. Айналамыздағы тіршілік иелерін қорғауға, аялауға үйрету.

Әдіс-тәсілі: сұрақ –жауап, дидактикалық ойын, қоржынмен ойын.

Көрнекілік: суретпен жұмыс, аудиодыбыс, мүсіндер т.б.

Тәрбиеші: Балалар «Амандасу-адамгершіліктің,әдептіліктің баспалдағы» сондықтанда алдымен қонақтармен және бір-бірімізбен жақсылап амандасып алайық.

Шаттық шеңбер құрайық.

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы таң балабақшам!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң досым!

Доброе утро солнце золотой!

Доброе утро мой лябимый садик!

Доброе утро дорогие гости!

Доброе утро мой лучший друг!

-Бүгін ауа-райы қандай?

-Аптаның нешінші күні?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Көктем мезгілінде айналадан қандай өзгерістерді байқадыңдар?

Өте жақсы балалар рахмет.Жарайсыңдар!

Міне, балалар көктем мезгілінде айналаның барлығы жаңартып тіршілік иелерінің көбеюіне өсуіне жаңаруына көптеген өзінің пайдасын тигізіп отыр, Ауылды жерлерде ата-апаларың үйде қандай жануарларын бағып, өсіреді?

-Ия, түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі т.б

Балалалар бұл жануарларды не деп атайды барлығын?

Оларды не үшін үйде бағады?

Ия ,олардың біз етін ,сүтін, терісін, жүнін және көлік ретінде пайдаланатындықтан оларды ата- бабаларымыз пірлерімен атаған екен

Түйе-«Ойсылқара»

Жылқы-«Қамбар ата»

Сиыр-«Зеңгі баба»

Қой-«Шопан ата»

Ешкі-«Шекшек ата»

Рахмет балалар ,жарайсыңдыр пікірлеріңді қосып, атсалып отырғандарыңа.

Үй жануарлары туралы кім тақпақ біледі?

1.Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтыраған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

2.Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

3. Кіп кішкене момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозым деп

Қошақаным өзім деп

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті қолын жуады.

Бұл не? (мысық)

Сендерге жұмбақ жасырам, сол жұмбақ арқылы жануарларды тауып, дауысын өздерің келтіріп көріңдер жарайма?

1.Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (қой)

2.Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар (түйе)

3.Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы сақалы бар (ешкі)

4.Өріске ерте өреді

Бізге мол сүт береді (сиыр)

5.Екеуі елеңдеп келеді,

Төртеуі төбелесіп келеді (аттың екі құлағы және төрт тұяғы)

Керемет, ақылды балапандарым менің жарайсыңдар!

Енді ойын ойнағыларың келеме?

«Сиқырлы қоржын » ойыны ойналады

Ойын шарты: баланың көзін байланады да қоржынға салынған үй жануарларын табады.

Дидактикалық ойын: топты екіге бөліп, жануарлардың дене бөлшектерін құрастырады.

Ал, балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылайық өздерің құрастырған үй жануарлардың суреттері жайлы не білдіңдер сол туралы сипаттама береміз .Балалар отырып алған білімдеріңді жинақтап қорытындылайды.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
01.04.2025
242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12