400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаға ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар, ұлттық тойлар, ұлттық аспаптар туралы түсінік беру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат аудандық білім беру бөлімінің

«№7 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ



















АШЫҚ ДӘРІС БЕРУ САБАҒЫ

Сабақ тақырыбы: «Наурыз»







Педагог-психолог: Асқарова А.С.















Мақат кенті

Ашық дәріс беру сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Наурыз

Түзету мақсаты: Наурыз мейрамы туралы білімдерін анықтау. Наурыз мейрамының ерекшеліктері, таным белсенділігі деңгейіне қарай белгілі ақпараттарды құрылымдау.

Балаға ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар, ұлттық тойлар, ұлттық аспаптар туралы түсінік беру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Түзету бағыты: Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балада жаттығулар жасау арқылы эмоционалды-ерікті сферасын дамыту. Балалардың әлеуметтік бейімделуіне және жеке тұлға ретінде құнды дамуына балалармен түзету – дамыту жұмыстарын өткізу.

Түзетудің көрнекіліктері: Наурыз мейрамы бейнеленген карточкалар, асықтар, қима суреттер мен жапсырмалар. Фетра материалынан жасалған әр-түрлі оюы бар кілемше.

1. Амандасу, жылы эмоционалды ахуал орнату:

Сәлем! Сәлем! Шапалақ соғайық!

Сәлем! Сәлем! Шапалақ соғайық!

Көкке керіліп, Аяқты ұстайық.

Айналып тұрайық, Сәлем жолдайық!

Сәлем! Сәлем! Аяқпен таптайық!

Сәлем! Сәлем! Аяқпен таптайық!

Көкке керіліп, Аяқты ұстайық.

Айналып тұрайық, Сәлем жолдайық!

Сәлем! Сәлем! Шапалақ соғайық!

Сәлем! Сәлем! Аяқпен таптайық!


2. Жаңа сабақ

«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты. Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.


3. Ұлттық тағамдар

Баланың алдына ұлттық тағамдардың жартысы бейнеленген карточка беріледі. Бала ұлттық тағамның қалған бөлігін табу арқылы, қандай тағамды тапқанын атап өту керек.


4. Ұлттық әшекей

Балаға ұлттық әшекейлердің көлеңкесі бейнеленген қағаз беріледі. Сол көлеңкелерге сәйкестендіріп, қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын тауып, атап өту керек.


5. Ұлттық ойындар


6. «Оюлы кілемше» сергіту сәті

Әртүрлі түсті, әртүрлі оюмен бейнеленген кілемше мен шаршы беріледі. Бала шаршыны лақтырып, қай ою шаршының бетімен түссе, сәйкесінше кілемшедегі сол оюларда қос аяқпен секіреді.


7. Ұлттық киімдер

8. Ұлттық аспаптар

9. «Асық» ойыны

10. Ұлттық салт-дәстүр бейнеленген пазлдар


11) Сабақты қорытындылау.

12) Балалармен қоштасу:


«Тілек айту»

Мақсаты: жағымды ахуал қалыптастыру.

Сабағымыз аяқталды, сау бол!













Педагог-психолог: Асқарова А.С.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
05.04.2025
178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12