Ашық сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың батыр қыздары. Әлия,Мәншүк,Хиуаз батыр қыздардың ерлігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән/сынып

Т1 Қазақ тілі / Сынып: 7, № 64 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні

Карымсакова Эльмира Темірғалиқызы.

Тарау немесе бөлім атауы,

ІХ бөлім

Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология

Сабақтың тақырыбы,

6-сабақ

Қазақтың батыр қыздары. Одағайдың мағыналық түрлері

Оқу мақсаты

7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі ( интервью, көркем әдеби шығармадан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау;

7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу

Сабақ мақсаты

- мәтінді түсініп оқып, автор көзқарасы мен көтерілген мәселеге талдау жасайды;

- мәтіннен оқшау сөздерді теріп жазып, оқшау сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды.

Бағалау критерийі

- мәтінді түсініп оқып, автор көзқарасы мен көтерілген мәселеге талдау жасайды;

- мәтіннен оқшау сөздерді теріп жазып, оқшау сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды.

Ай атауы/ апта дәйексөзі

Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық. «Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар»

Құндылықтар

Отанға деген сүйіспеншілік, төзімділік, табандылық

АКТ дағдысын қолдану

Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады

Пәнаралық байланыс

Тарих, география

Алдыңғы оқу

Соғыс жылдарындағы мәдени өмір



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған мұғалімнің іс- әрекет

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

Оқушылармен амандасу. Топтарға бөлінуі. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Амандасады,топтарға бөлінеді

Қазақ тілі


«Мектеп» 2024




АКТ














3 мин

Кіріспе. Сұрақ- жауап (Ойланту)

  1. 1. Суреттегі қазақ қыздарының есімдерін білесіз бе? Тағы қазақтың қандай батыр қыздарын білесіздер?

  1. 2. Қандай ерлік көрсеткен?

  1. Хиуаз Доспанова – Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы.

  2. Әлия Молдағұлова - 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған.

  3. Мәншүк Мәметова - пулеметші ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Т.б.


Берілген сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабақ

Топтық жұмыс. Берілген монолог, сұхбат, диалогтан автор көзқарасын анықтау және көтерілген мәселені табу.

Монолог. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Соғыс– күйретуші күш!

Дәл солай!

Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радио телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.

Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, туған жердің топырағын жауға таптатпай, жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. О адамзат, бұл- Ұлы мереке. Жеңіс күнін біз ұмытсақ тарих ұмытпайды.

Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.

Сұхбат.

Жеңіс күні — бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке — біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Бүгін Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры алаңына мыңдаған солтүстікқазақстандықтар жиналып, Ұлы Жеңістің 71 жылдығын тойлауда.
Қазақ, орыс, татар, украин, поляк. Тізе берсе саны көп. Бұлардың барлығы ұлтына, тілі мен дініне қарамастан Отан ананы жауға бермеу үшін күресті. Қан майданды басынан аяғына дейін өткергендердің бірі — Никита Семенов. 1920-шы жылы дүниеге келген ардагердің ертең, яғни 10-шы мамыр туған күні екен, 96 жасқа толады. Никита Герасимович отты жылдарды үлкен тебіреніспен еске алып, ел басына енді бұндай қатер төнбесе екен дейді.

Никита Семенов — Ұлы Отан соғысының ардагері:

Мен соғысты басынан аяғына дейін өттім. Майданда мерген болдым. Сержанттық шенім болды. Сұрапыл соғыста қаншама жолдасым қаза тапты. Аса ауыр жылдар еді. Жеңісті асыға күттік. Ол күнге де жеттік.
Ұлы Отан соғысы алыстағанымен, оның салған жарасы әлi де жазылар емес. Отты жылдар шаңырағын шайқалтпаған бірде-бір отбасы жоқ. Фашистік Германияның Кеңес Одағына тұтқиылдан жасаған шабуылына ең алғашқылардың бірі болып Батыстағы Брест қамалын қорғаушылар тойтарыс берді. Ол қорғаныста әскери борышын өтеп жүрген 3 мыңнан аса қазақстан­дық­тардың қатарында Мағзұм Исагуловтың ағасы Малғаждар Исагулов та болған екен. Өкінішке қарай, кескілескен ұрыста ерлікпен қаза тапты.


Диалог.

-Марат, сен Ұлы Отан соғысына қатысқан суретшілер жайлы маған мәлімет бере аласың бе?

-Али, Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталып, 1945 жылы жеңіспен аяқталды.

Ұлы Отан соғысы совет халқының сезімі мен санасында терең із қалдырды және ол көптеген суретшілердің шығармаларында шебер бейнеленді.. Майдангер-суретшілердің шығармалары, куәгерлердің көзбен көргені,есте қалғаны және қағазға түсіріліп жазғандары.

-Қазақстанда майдангер суртшілердің көрмесі бар ма?

- Олардың көрмесі 1970 жылдың мамырында Ұлы Жеңістің 25 жылдық мерекесі қарсаңында ашылды.

-Олардың есімдерін аташы.

- Қазақстан майдангер суретшілер олар Райымқұл Есіркеев,Әмен Хайдаров және Хайдар Рахимов

Дескриптор:

  • Автор көзқарасын анықтайды (1б)

  • Көтерілген мәселені табады (1б)



Жұптық жұмыс.

1-жұп. «Артығын тап» Берілген суреттердің ішінен тыңдалған мәтінге қатысы жоқ суреттерді алып тастап, қажетті суреттерден құра.

2-жұп. Төмендегі сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып жазып, құрамын өзгертіңіздер.

  • Ол – «Халық Қаһарманы» мәртебелі атағына ие болғандардың бірі.

  • «Қазақтың қанатты қызы» атанған тұңғыш әскери ұшқыш – Хиуаз Доспанова.

  • Х.Доспанованың жастық шағының 5 жылы қанқұйлы соғыс майданында, аспандағы жау ұшақтарымен шайқаста өтті.

3-жұп. Берілген оқшау сөздердің кейбірін қатыстырып, жеңіс туралы 1 шумақ өлең құрастырыңыздар.

Жеңіс, сірә, батырлар, әрине, алақай, біріншіден, бағымызға қарай.

4-жұп. Берілген оқшау сөздердің кейбірін қатыстырып, соғыс туралы 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңыздар.

Өкініштісі, кім біледі, батырлар, ақырында, олай болса, жеңімпаз елдің ұрпақтары.

Дескриптор:

- Суреттерді мәтін мазмұны бойынша дұрыс орналастырады; (1б)

- Сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып, құрамын өзгертеді;(1б)

  • Оқшау сөздерді қатыстырып, жеңіс туралы 1 шумақ өлең құрайды;(1б)

  • Оқшау сөздерді қатыстырып, соғыс туралы 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін құрайды.(1б)

Сергіту сәті. Адасқан өлең жолдарын дұрыс орналастырып,әнді орындаңыздар.

1-топ. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,

Жанары жаны жаздай жайрандаған.

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.


2-топ. Арулар аз болды ма атқа қонған

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен

Намыстан бермеу үшін жатқа қолдан

Өмірде қалған із бар Ақтабаннан


3-топ. Ерліктің қос қанаты деп білем мен

Тағдырым қарауылға қанша ілінді

Жасырмай айтар болсам жан сырымды

Аяулы Әлия мен Мәншүгімді

Жеке жұмыс.

Экранда көрсетілген ақпарат қай батыр қызға тиесілі екенін анықтап,QR кодтарың көтеріп жауап береді.

Дескриптор:

  • Әр дұрыс жауапқа (0,5б)


Кері байланыс/рефлексия: Padlet арқылы шағын монолог құрай отырып, ойын қорытындылап, сабақты бағалайды.

Үйге тапсырма: Қыстырма сөздерді пайдаланып, монолог жазу. Қыстырма сөздер: бірі, екіншісі, өкінішке қарай, сөйтіп.

Берілген тапсырмалардан автор көзқарасын анықтап, көтерілген мәселені талқылайды.



Қима қағаздар



























































Аудиомәтін, суреттер
































5-7 мин



















































s 1




10 мин























5 мин













s 2 10 мин



2 мин













































Бағалау: өзін-өзі және сырттай мұғалім бағалауы бар “Жарайсың”, “Тамаша” деген сияқты









Жұпта берілген тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бағалау жүргізеді









Бағалау: Бағалау: өзін-өзі және сырттай мұғалім бағалауы бар

Жарайсың”, “Тамаша” деген сияқты












Әр топ 1 шумақты ретімен,дауыстап оқиды













Plickers арқылы жұмыс істейді

Бағалау: мұғалім бағалауы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2025
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі