15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық сабақ
«Музыка әлеміндегі көңілді ырғақтар»
Амантау Айдана, «Шағала» балабақшасының музыка жетекшісі
Павлодар облысы, Майқайың кенті
Мақсаты:
-Музыкалық дидактикалық ойындарды қолдана отырып, әртүрлі музыкалық іс-шаралар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда ырғақ сезімін дамыту;
-Заманауи технология бойынша балалардың виртуалды қызығушылығын арттыру.
-Әуенге, ән мәтініне сәйкес ырғақты қозғалу және қимылдарды өзгерту қабілетін қалыптастыру;
-Музыкалық аспаптарда ырғақты ойнау қабілетін қалыптастыру;
- Баланың эмоционалды саласын дамыту;
- Музыкалық ойын жаттығуларының эмоционалды-бейнелі орындалуын дамыту;
Әдіс-тәсіл: smart әдісі, сұрақ-жауап әдісі.
Көрнекі құралдар: фетрдан жасалған ноталар, ноутбук, проектор, интерактивті тақта, видео-слайд.
Оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Музыка жетекшісімен бірге балалар пойыз әуенімен залға келеді.
Ал, ең алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Қайырлы таң, ұстаздар!
Қайырлы таң, достарым!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық!
«Балалар, бүгінгі көңіл күйлерін қалай?
-Балалар: жақсы!
Музыка жетекшісі: - Балалар біз «Виртуалды музыка әлеміне» келдік.
Қәне, барлықтарын интерактивті тақтаға қарандаршы! Не көріп тұрсындар?
Балалар: ноталарды.
Музыка жетекшісі: Иә, балалар көріп тұрғандарыныздай музыкаға бүгін интерактивті тақта арқылы виртуалды саяхат жасаймыз.
Психологиялық дайындық
Негізгі бөлім: «Миға шабуыл»
Слайд тапсырмалар
-Музыка бізге не үшін қажет?
-Музыка неден құралады?
-Әуендер қандай болады?
-Сендерге қандай ырғақтар ұнайды?
Тамаша, балалар, жарайсыңдар!
Крош тыңдадын ба? Біздің балалар саған нота жайлы түсініктер берді.
Ғажайып сәт. Интерактивті тақтадан «Пинки және Кроки» шығады.
-Сәлеметсіндер ме, балалар! Біз музыка әлемінің оқытушылары «Пинки және Кроки» боламыз. Бізді танитын шығарсыңдар?
- Ал, балалар музыка ноталардан құралады. Музыкада 7 нота бар.
Қәне бірге санайықшы. Ноталарды бірге айтайық. Жарайсыңдар, балалар!
Осы ұшқан нота құстарды сендерге жіберемін. Сендерде сиқырлы ноталарға айналып, бізбен дос болыңдар.
Балаларға нота белгілерін таратып тағып беру.
Музыка жетекшісі: -Пинки мен Кроки сендерге рахмет!
Біз музыка еліне виртуалды саяхатқа келіп едік, енді міне бізде сиқырлы ноталарға айналдық.
-Балалар, қәне, ноталар сызығына тұра қалайық. Ноталарды әндетіп айтайық.
Ән орындау: «Біз көңілді ноталар»
Тамаша балалар!
Слайд
Музыка әлеміндегі музыка жетекшісі шығып, балаларға тапсырмалар береді.
-Көңілді ноталар менің сендерге тапсырмаларым бар.
1 тапсырма «Аспаптың атын тап»
Осы аспаптарды қалай қолданса болады?
Музыка жетекшісі: -Балалар бұларда музыкалық аспаптар, бірақ бұл аспаптар үйдегі тұрмыстық қалдық заттардың қалдықтарынан жасалынады. Демек біз қалдық заттарға «екінші өмір» сыйлап, осындай аспаптарды қолдан жасап қолдануға болады. Қарандаршы, мына аспап қандай ? ал мынау ше?
Балалар музыкалық аспаптарды шатаспай айтып шығады. Музыкалық аспаптар: барабан, асатаяқ, сылдырмақ.
Қәне, осы аспаптарды қалай ойнау керек екенін көрсетейікші.
Шулы оркестр «Жау жаңбыр» орындау.
2. тапсырма. Дидактикалық ойын: «Ауада ырғақтың суретін сал»
3. тапсырма. «Қандай мультфильмнің әуені»
Қорытынды
Соңғы тапсырма «Сұрақ-жауап»
Музыкада неше нота бар?
Ноталарды ата?
Қандай оркестр ойнадық?
Қандай мультфильм кейіпкерлерін көрдіңдер?
Қандай ойын ойнадындар?
Қандай ән айттыңдар?
Музыка әлеміне қандай көліктің әуенімен келдіңдер?
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар!
Сендер барлық тапсырмаларды өте толық және дұрыс орындап, жеңіске жеттіңдер және мен сендерге сыйлық ретінде осындай сендердің виртуалды музыка елінде түсірілген фотоларынды сыйлаймын.
Музыка жетекшісі:
Қәне, олай болса, балабақшамызға қайтайық.
Пойыз әнімен шеңбер жасап балабақшаға келеді.
Музыка жетекшісі балаларға сыйлықтарды таратып береді.
Балалар: рахмет! Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ырғақ жайлы және олардың қалай орындалатыны туралы;
Игерді : Музыканы тыңдап,сол музыкаға лайықты қимыл жасауды игереді;
Меңгеруі: Сурет бойынша әңгімелей алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген