
Мұстафа Зульфия
Мұратқызы
Қарағанды
қаласы
ЖММ «Ақ ерке» балабақшасы,
тәрбиеші
Ересек топ балаларына
арналған ашық ұйымдастырылған
оқу
қызметі
Білім беру
саласы: Қатынас, Таным,
Шығармашылық.
Бөлімі: Көркем әдебиет,тіл
дамыту,математика,бейнелеу.
Тақырыбы: Заманауи Ертегілер еліне
саяхат.
Мақсаты: Балалрдың көркем шығармаға
деген қызығушылықтарын арттыру.Ертегіні кейіпкерлендіре отырып тіл
байлықтарын арттыру,әр-түрлі мінез-құлықтарды ажырыта білуге
үйрету.Әр түрлі тапсырмсалар арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын
арттыру.
Білімділік: Ертегіні үн таспадан тыңдау арқылы балалардың
ой-қиялын жетілдіру, шығармашылық қабілетін шыңдау. Ертегі
мазмұнымен театрленген көрініс арқылы таныстыру. Өз пікірлерін,
сұраққа жауаптарын толық жеткізуді
үйрету.
Дамытушылық: Көрнекілік арқылы білімдерін
кеңейтіп ,сабаққа деген қызығушылықтарын ояту
.Рөлге еніп ертегі мазмұнын қайталату.
Ойлау, сөйлеу қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік:
Кейіпкерлердің
қарым-қатынасы арқылы шығарма мағынасының негізінде адамгершілікке
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап,
әңгімелеу.
Қажетті
көрнекіліктер: Ертегі
суреттері,слайд
Билингвалдық
компонент: биік – высокий – tall, аласа
– низкий – low, қалың – толстый – thick, жұқа – тонкий – thin, кілт
– ключ – key.
Ашық ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: -Ой,балалар біздерге қонақтар
келіп қалған екен,кәнеки
амандасайық.
Балалар: Амандасу
рәсімі:
«Ақ ерке» атты
бақшаның,
Тәрбиелі
баласымыз.
Алдыменен қонақтар
мен,
Амандасып
аламыз.
Сәлеметсіздер
ме!
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар,енді шаттық
шеңберіне тұрайық.
Шаттық
шеңбері:
Арайланып таң
атты
Алтын шуақ
таратты
Сәлеметсіздерме
қонақтар

Өте тамаша,орындарыңа отыра
қойыңдар.
Тәрбиеші: -
Балалар,бүгін біз ертегілер
еліне саяхатқа барамыз.Көптеген кедергілерден өтіп,сұрақтарға жауап
береміз.
-
Жалпы ертегі дегеніміз
не?
-
Ол әңгіме,жалмауыз
кемпір,жануарлар мен адамдар,т.б.
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар.Ертегіде
жақсы,қайырымды, еңбекқор кейіпкерлер жеңіске жетеді.Ал біреуге
жамандық жасайтын адамдар жеңіліп
қалады.
Тәрбиеші: -Балалар қарандаршы мен жана
келе жатқанда мына сөмкені тауып алдым, бірақ кімдікі екенің
білмеймін.
Балалар:
Таныркап карайды.
Тәрбиеші:
Мынау не дыбыс?
Дара:
-Сәлеметсіндерме
балалар!

Балалар:
- Салеметсиз бе Дара!
Дара:-Мен сендердін ертегі еліне
саяхатқа баратындарынды естіп келе жатқан да сөмкемді жоғалтып
алдым.
Ішінде сендерге дайындап
қойған сұрақтарым бар еді.
Ал енді не істерімді білмей
тұрмын.
Тәрбиеші:-Балалар мен жана бір сөмке
тауып алып едім ғой сол мүмкін Дараныкі
шығар.
Дара -Иа осы менің
сөмкем.
-Ал енді осының ішінде
сендерге арналған сұрақтарым бар сол сұрақтарға жауап берсендер мен
сендермен бірге ертегілер еліне саяхатқа
барамын.
Тәрбиеші:-Жарайды,біздің балалар жауап
беруге дайын.
Солай ғой
балалар?.
Дара: Ал ондай болса
бастайық.
- Дара сөмкесінін ішінен
гиометриялық пішіндерді алып,тәрбиешіге
ұсынады.
Пішіндердің астында
тапсырмалар болады. Тапсырмаға өтпес бұрын пішіндерді табу
керек.
Ендеше алғашқы тапсырманы
орындайық.
-Қандай
пішін?

Балалар: Сары дөнгелек
пішін.
Тәрбиеші: -Дұрыс
айтасыңдар,ендеше алғашқы тапсырманы
орындайық.
1-тапсырманың өзінде бірнеше
сұрақтар бар екен.
1)Отан,ел,жер туралы
мақал-мәтелдер.
2)Табиғат дегеніміз не?
3)Табиғат
нешеге бөлінеді?
4)1-ден 10-ға дейін тура
және кері санау.
5)Қандай геометриялық пішіндерді
білесіңдер?
1.сурақтардың
жауаптары: 1.Балалар мақалдар
айтады
2.Бізді қоршаған
орта: жан-жануарлар, өсімдіктер,
Жер, Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың
барлығы табиғат деп
атаймыз
3.Екіге өлі және
тірі
4.санап
береді
5.төрт
бұрыш,үшбұрыш,дөнгелек,куб,шаршы
Тәрбиеші:-Енді екінші тапсырманы қалай
орындайды екенсіңдер соны көрейін.
Тәрбиеші: -мынау қандай
пішін?

Балалар: Көк
төртбұрыш
Екінші
тапсырма
2)Қай ертегі кейіпкерлері? (слайд арқылы көрсету,қай
ертегінің кейіпкерлері екенін
айтады)


Үшінші
тапсырма
Тәрбиеші:-Ал мынау қандай
пішін?
Балалар: Жасыл
үшбұрыш 
Тәрбиеші:Алдарында тұрған ертегі кейіпкерлеріні
серігін(досын) табу.

Балалар:Суреттерді ертегінің мазмұнына
қарай орналастырады.
Сергіту
сәті.
-Дара
-сендерге ертегі айтқан ұнай
ма?
Тәрбиеші:-Дара бұны қалай түсінсек
болады?
Дара:-Иә,менің бір ертегі
тамашалағым келіп отыр.Соны орындай аласыңдар
ма?
Тәрбиеші
:-Олай болса,Дара бізбен бірге
ертегі еліне жүріңіз.
«Бауырсақ» ертегісі

Балалар «Бауырсақ» ертегісін басынан
аяғына дейін орындап береді.
Тәрбиеші:-Ертегі ұнады
ма?
Дара-Ия
Тәрбиеші-Бұл ертегі қалай
аталады?
Балалар-
Бауырсақ
Тәрбиеші-Қай кейіпкер ұнады,қайсысы
ұнамады?
Балалар-Бауырсақ, түлкі,
қасқыр
Тәрбиеші-Қасқыр қандай
аң?
Балалар-Жабайы
аң
Тәрбиеші-Қасқыр қандай әріптен
басталады?
Балалар- Қ әріпінен
басталады.
Тәрбиеші-Қасқыр сөзін буынға
бөліңдерші.
Балалар-
Қас-қыр
Тәрбиеші-Жарайсыңдар,өте
тамаша.
Шығармашылық
жұмыс:
Тәрбиеші-балалар,Дараға Боти мен
сөмкенін суретін салып береик. Ол үшін 2-ге
бөлінеміз.
1-ші топ алдарыңдағы қағазда
салынған Ботидын суретін қарақұмықпен
әшекелейді.

2-топ.
Сөмкенің суреін қалдық жіптермен
әдемілейді.

Тәрбиеші-Балалардың жұмысына баға
беру.
Тәрбиеші- Дара,балалардың сыйлықтары
ұнады ма?
Дара-Иә,ұнаған да қандай.Мен сендерге ризамын,жақсы,білімді
балалар екен.Енді мен қайтайн
Дара:
–Сауболындар балалар
Балалар: -Қоштасады
Қорытындылау
Тәрбиеші:
Балалар,бізге қонаққа кім
келді?
-Қандай ертегілерді
білдіңдер?
-Қай ертегіні
орындадыңдар?
-Бүгінгі сабағымыз сендерге
ұнады ма?
-Келген қонақтарымызға
сыйылықтарымызды берейік.
- Өте жақсы, балалар, енді қол
ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі
саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен
қоштасайық:
Қол ұстасып
тұрайық
Шеңберді біз
құрайық,
Көріскенше күн
жақсы
Сау- саламат
болайық.
Сау
болыңыздар!
Күтілетін
нәтиже:
Нені білу
керек:
-
ертегілердің жүйесін,берілген
тапсырмаларды орындай білу;
- геометриялық пішіндерді ажырата
білуді;
Нені
игереді:
-
Ұқыпты,тәртіпті,қайырымды,ертегіге деген қызығушылықтарының
болуы;
Нені
біледі:
-
Ертегінің мазмұнын айта
алу