400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ құрылымына байланысты жасалған. жоспар бойынша оқушы іс-әрекеті басым болды. оқушының ой қабілетін дамытады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ № 52

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың қарапайым сызықтық теңcіздіктерді шығара білуге машықтандыру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, есеп шығару қабілетін, есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен оқуға, ізденуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жеке жұмыс, топтық жұмыс.саралап деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы, слайдтар,доп

Пән аралық байланыс : сызу,геометрия,физика

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу,  топқа бөлу, топ жетекшісін сайлау, бағалау парағын тарату). 

Сабақ мақсаты мен таныстыру

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу фигуралар арқылы топқа бөлу.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

№ 1031. Теңдеу құру арқылы шығару. 

Айман 2 дәптер және 50 теңгеге бір қалам сатып алып, барлығына 170  теңгеден кем ақша төледі. Дәптардің бағасын бағалаңдар х – дәптердің бағасы. Есептің шарты бойынша:

2х + 50< 170 

2х <170 – 50     2х< 120

х < 60           Жауабы: 60- тан аз ақша төледі 

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау:

«Допты лақтыру»тәсілі арқылы мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп,өзінің сұрағын қояды.Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді

1. Сан аралығының неше түрі бар?

2.Қандай сан аралығы интервал деп аталады?

3 .Қандай сан аралығы кесінді деп аталады

 4.  Жартылай интервал дегеніміз не?                                                                      

5.Сәуле, ашық сәуле деп нені айтамыз?
6. Сан аралығының қиылысуы дегеніміз не?
7.Сан аралығының бірігуі деп нені айтамыз?

8. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?

9. Қандай теңсіздік белгілерін білесіңдер?

10. Теңсіздік белгілері нешеге бөлінеді?

11. Интервал мен кесіндінің айырмашылығы қандай

12. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздіктің шешімі дегеніміз не ?

13.х<6 және х>8 теңсіздіктері арқылы қос теңсіздік жазуға бола ма

ІV .«Білімді ... мыңды жығар »ауызша ,логикалық есеп

« Түлкі мен қасқыр»

Екеуі тегін балыққа тап болады.Қасқыр айтады «Мен математикаға нашармын,балықты сен бөл»дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу ,маған екеу,саған үшеу маған төртеу т.с.с. ең соңында 20 балықты өзіне салады.Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Қасқыр 100,түлкі 110. Ең көп балықты түлкі алды,10 балық артық.

V. Сан аралығын топтастыр

Shape1

Shape2

Shape4 Shape3

Сан аралығы






Shape5 Shape6




VІ. «Бақыттың кілті ( еңбекте) » оқулықпен жұмыс

№ 1027  Координаталық түзуде белгілеу

1 қатар

2 қатар

3 қатар

1)х-3 ≥ -13 

х ≥ -13+3                        х ≥ -10                          [-10;∞)            


Shape7 10 + ∞

2) х+1 ≤ 9

х ≤ 9-1    

 х ≤ 8                      

(-∞;8]                              


Shape8 -∞ 8

3)  х+3 > 5

х > 5-3   

х >2    

Shape9    (2;∞)                                      

    2    + ∞


№ 1037  Теңсіздікті шешіңдер

1 қатар

2 қатар

3 қатар

1)3-2(х-1) > 8+х

3-2х+2 > 8+х

-3х> 8-3

х<-1

Shape10 - ∞ - 1

(-∞;-1)                              


2) 5(х+2)+14<6-х

5х+10+14<6-х  

 6х<6-24                    х<-3                    

Shape11 -∞ -3

(-∞;-3)                              


3)  4(х+3 ) < 3(х+2)

4х+12 < 3х+6

Shape12  4х-3х< 6-12

 х<-9                    

 -∞ -9    

(-∞;-9)                                                          

   


VІІ. «Еңбек етсең ерінбей (тояды қарның тіленбей)

Деңгейлік тапсырмалар

1қатар

Адеңгей

х-тің қандай мәндерінде өрнектің мәні теріс сан болады:

2х-5 ; 6-х

В деңгей

Квадраттың периметрі 20см-ден артық,бірақ 28 сантиметрден кем. Квадраттың қабырғасының ұзындығын табыңдар

С деңгей

Теңсіздікті шешіңдер:

7 ≤2х+3 ≤ 11

2 қатар

Адеңгей

х-тің қандай мәндерінде өрнектің мәні оң сан болады:

3х-4,5 ; 1-х

В деңгей

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 11 см. Оның периметрі қабырғасы 8 см квадраттың периметрінен кем болуы үшін,ені неше сантиметрден кем болуы керек.

С деңгей

Теңсіздікті шешіңдер:

-14≤ 2х+1<4

3 қатар

Адеңгей

х-тің қандай мәндерінде өрнектің мәні теріс сан болады:

1,4х-7 ; 8+х

В деңгей

Саяхатшылар қайықпен А пунктінен В пунктіне 3сағ 30минтан кем уақытта барып қайтты.Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 5 км/сағ,ағыс жылдамдығы 2 км/сағ кем. А пункті мен В пунктінің арақашықтығы неше километр болуы мүмкін?

С деңгей

Теңсіздікті шешіңдер:

-3 <2х+1≤ 7

VІІІ. Сергіту минуты: Оқушылар өз қимылдарымен сан аралығының қиылысуын, бірігуін, бос жиынды көрсету.  

ІХ. Сабақты  қорытындылау. Бағалау

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Х. Үйге тапсырма: №1026   



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі