400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақты қызығырақ өткізу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бағдаршаммен дос болайық»

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға,балаларға жол белгілерін неше түрі бар,оны білу үшін не қажет,бағдаршамның, жолбелгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.Жол ережесін есте сақтау қабілетін,қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, бағдарша,жол белгілері.

Барысы:

І.Кіріспе

Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басыламыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықпен жүре алатын жасұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдарда тұрады ғой әлемдеген,

Бүгін бізге келген қонақтарға

Сабағымыз басталсын сәлемменнен!

ІІ.Негізгі бөлім

Қазіргі таңда балалар өмірін кездейсоқ жол- көлік оқиғаларынан қорғау- мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала,ауылдарына ортақ кқше қатынас ережесін негізілген.Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де,көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз,оларды нақты білу керек.Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан- жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді.Жол- көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде.Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол – көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар эардап шегуде. Міне, осы мақсатта біздің тобымызда «Жол ережесін білу – бәріне міндет» атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағаты өткізуде. Ендеше,қош келдіңіздер!

-Балалар жол инспекторын ортаға шақырайық. Жол инспекторы:

Сәлем,балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі.Бүгін сендерге арнайы келдім.

Қош келдің,жол инспекторы!Бүгін тәрбие сағаты біріміз үшінөте маңызды.

Бүгін балалар жол жүру ережелері бойынша өздерінің білімдерін сарапқа салмақшы.

«Қызылдар», «Сарылар», «Жасылдар» тобы болып сайысқа түседі.

Сонымен ортаға қатысушы топтарды қошеметпен шақырайық! Өз орнын тап,әр бала өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.

Жол инспектор қызметкерінің сауалы, әр топқа үш- үштен сұрақтар беріледі.Жол белгілерін еске түсірейік, қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру. Сен білесің бе?,жол белгілерінің суреттері көрсетіледі,соның аттарын айтады. Шығармашылық жұмыс,әр топ көрініс қояды,қалған топ жолда жүру ережелерінің неге бұзылған себебін анықтап айтулары керек.

1-сайысымызды бастайық.

Ал сайысымызды бастамақ бұрын,жол инспекторын,әр дұрыс жауапқа бір фишка-дан.беріп бағалауға көмектесіңіз.

Жол инспекторы: әрине көмектесемін.Мен ол фишкаларды қонақтар алдындағы әр топ қорапшасына салып тұрамын. Сайыс соңында қорытындысын қонақтардың хабар – лауын сұраймыз. Іске сәт!

1-сайыс: Өз орныңды тап,әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді. «Қызылдар» тобы:

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға

«Сарылар» тобы:

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға.

«Жасылдар» тобы:

Жасыл көзін ашқанда

Жүре бергін жасқанба!

2-сайысымызда жол инспекторының қызметкерлерінің сауалы,әр топқа үш үштен сұрақтар беріледі.Жол инспекторы:

Еркертемін! Қол көтермей,рұқсатсыз берілген жауап есептелмейді.

1-сұрақ: көшедегі кездей соқ қауіп – қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (қауіп – қатерден аман болу үшін жолда жүру ережемсін жақсы білуіміз қажет)

2-сұрақ;Бағдаршамның түстері қалай орналасқан?(бағдаршам түстері тігінен 1)қызыл, 2)сары, 3)жасыл болып орналасқан Қызыл түсі жүруге тыйым салады;сары түсі назар аударыңыз,жасыл түсі жүруге рұқсат дегенді білдіреді)

3-сұрақ;Кешкі уақытта жаяу жүргіншіге жақсы,анық көрінуі үшін қандай киім киген дұрыс? (ашық түсті киімдер киген дұрыс,қолфонары болған дұрыс)

Жол инспекторы: енді жұмбақ шешеміз,мұқият болыңдар.

Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)


Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)


Ысқырығым тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім. (Жол)


Жол инспекторы:

1сұрақ- реттелген жол қиылыстары және реттелмеген жол қиылыстары деген не? (реттелген жол қиылыстары деп бағдаршаммен реттелетін жол қиылыстарын айтамыз.

-реттелмеген жол қиылыстары дегеніміз бағдаршаммен реттелмейтін жол қиылыстары.

2сұрақ –жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуге болатын жерлерін атаңыздар (жол асты өтпесі,реттелген жол қиылыстарында,зебра,жолақ не жаяу жүргінші өтпес арқылы)

3сұрақ-жолды кесіп өту ережелерін атаңыздар.(жолды кесіп өту үшін алғаш екі жаққа қаралып,жақын маңда машина жоқ болса, 1-жол ортасына дейін сол жаққа қарау керек, ортаға жеткен соң оң жаққа қарау керек.)

3сайыс-Жол белгілерін еске түсіру,қиылған суреттерден жол белгілерін құрастыру,қағазға желімдеу.

4сайыс-сен білесің бе? Жол белгілерінің суреттері көрсетіледі, соның аттарын атау керек.

Қорытынды

Жасұландар өсе бер,

Сақ болыңдар,балалар

Сақ жүріңдер,балалар!

Қай ақыл өлшеміне салсаңызда

Жолда жүру ережесін заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен біз үшін заңдылық.








«Ақ бота» бөбекжай бақшасы







«Бағдаршаммен дос болайық»







Орындаған; 4-топ








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі