400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналарға,тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің үйім – менің қамалым!»

деген сөз орамы барлығымызға

ежелден белгілі. Дегенмен, адамдардың барлығы өз үйлерін қамал, ал өзінің туғандары

мен туыстарын – жеке бас қауіпсіздігінің кепілі

деп сенімділікпен айта алмайды,. Аталған көріністің себептері жөнінде

көп толғануға болады, дегенмен себептерге емес, оның қиылысу тәсілдеріне назар аударайық.






Мақсаты:
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу.
Бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту.
Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Отбасылық суреттер, «Әдептілік – әдемілік»кітабы, өлеңжұмбақ, ойындар.


І.Мотивациялық  кезең.

Сабақтың  мақсат-міндетімен  түсіндіру

   -Балалар, бүгінгі  ашық сабағымыздың  тақырыбы:

 «Отбасы», «Сенің   отбасың», яғни, біз алғаш  дүниеге  келгеннен бастап  бізге  ең  қымбат  отбасында   өсіп-өніп, тәрбие мен  адамгершіліктің ең құндылығын  аламыз.Олай  болса  бүгінгі  сабағымызға   белсене аралауға шақырамыз.

  II. Сәлемдесу.

“Қайырлы  күн” деп айтамыз,

Түсте бірге  қайтамыз.

Отбасының гүліміз.

Көңілді өтер күніміз. ( Қимылмен орындау.)

 Жаңа сабақ.

Отбасы.Сенің  отбасың.

Топтастыру.

 

Атасы                            Анасы

                     Отбасы                Әкесі

Әжесі                         Балалар

 

Суретпен  жұмыс. 

          Менің атам                                                    
   Жүзі жарқын, жаны ізгі
   Жан бар ма екен атамдай,
   Бірақ  бала  тәрізді
   Тұрады  әкем бата алмай

  Мәнді және маңызды,
  Толған  ылғи ой басы,
  Ертегі  мен  аңыздың
 
  Таусылмайтын қоймасы.

Ой толғау.

«Өзіңнің отбасың туралы айтып бер»

Оқушылардың  ойын  талдау.

1.Сені кешке ұйықтатып, таңертең оятатын кім?

Отбасында сендерді қалай еркелетеді?

              Менің  әжем

Менің әжем ақ  әжем,

Ұл мен қыздың  бағы әжем

Ертегі  айтып  бер десең

Айтып  берер  тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем.

Алтын  әжем,  күн   әжем

Апам  үшін,  мен үшін

Нағыз  ана тілі- әжем

Менің әжем,нар  әжем,

Көп жасаған  кәрі әжем

Ауырғанда,

Мен   үшін

Әр  сүйгені  дәрі  әжем.



Отбасы Сенің Отбасың

Отбасы әр адамның  шағын  отаны.Отбасынды өсіп-өніп  тәрбие алады. Біз жастаймыздан  өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді  сыйлауды, жақсы  көруді  отбасынан  үйренеміз. Бізге ең  жақын ең қымбат  жандар  отбасында яғни бірге  жанымызда  болады.  Отбасы ата –әженің  ұрпағынан  тарап,  шағын  мемлекетке  айналады.

Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу. 
Қауіпсіздік ережесі: қабырғадағы «Қарлығаштың ұясына» қолын салып, одан кітапша алып шығады. Онда жазылған үйде сақтауға қажетті қауіпсіздік ережелермен таныстырады.

• Қолыңа сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін.

  • Газдан абай бол! Ол тез тұтанып, жарылуы мүмкін.

  • Тоқпен ойнауға болмайды

  • Есікті бөтен адамдарға ашпа

т.б
Жұмбақтар.

-Отбасында ең үлкен,ең ардақты барлық тәттілерін сендерге арнап тығып қоятын кім?

-Дұрыс балалар ол біздің әжеміз.(әже суретін көрсету.)

Кітапты көп оқитын,қызықты тарихи оқиғаларды көп білетін,немерелерін еркелетіп,үнемі қасынан тастамай жүретін ақсақалды кісіні кім дейміз?

-Әрине ол ата ғой. (Ата суретін көрсету.)

Өзі салмақты байсалды,бос уакытын балалармен өткізгенді жақсы көретін

Отбасын қорғаушы,асыраушы кім?

-Әке. әке суретін көрсету.

Ал,балалар біз үшін ең қымбатты,ең ардақты адам кім?

Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Бұл кім,балалар?

-Дұрыс балалар.Түнде біз оянып кетсек жұбататын,бесігімізді тербетіп,әлдилеп ән айтатын,біз үшін ең қымбатты,ең ардақты адам-ол әрине ана.( Ана суретін көрсету.)


– Бәрекелді балалар, өлең жұмбақты шештіңдер. Сендер ақылды, білімді балалар болып өсіп келе жатсыңдар. Өте жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. Ойын ойнап бір сергіп алайық.
«Кім жоқ?» – дидактикалық ойын
Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады.

   Сергіту сәті.

Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым –атам.

Балаң үйрек-апам.

Ортан  терек –ағам.

Шылдыр  шүмек –мен.

Кішкене  бөбек- сен.

Бір үйде  біз нешеуміз?

Бір  үйде бесеуміз

Қорытындылау:

    1. Отбасы мүшелерін ата.

    2. Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер?

•      3. Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?

•      4. Ата – анаң қайда жұмыс істейді?

         Біз не білдік?

•      Ата,әже –отбасы тірегі.Оларды  сыйлау керек.

•      Ата әже әке ана,ұл қыз –бәрін отбасы дейміз.

•      Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.

     Қорытынды сөз.

Отбасы -әр адамның шағын     отаны.


















«Ақ бота»бөбекжай-бақшасы МКҚК









Ашық сабақ

Тақырыбы: «Менің үйім-менің отбасым»



Орындаған: Сапиева А.С


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі