-
Оқушылармен амандасу, түгендеу, жағымды орта
қалыптастыру.
-
Өткен материалдарды еске
түсіру.
Жылдам сұрақтар беру.
1.Қазақ тілі қандай
қоғамдық қызмет атқарады?
2.Қазақ тілі
мемлекеттік тіл ретінде қандай деңгейде дамуда?
3.Жергілікті сөйлеу
тілінің әдеби тілден айырмашылығын табыңыз
Мағынаны тану:
Қазақ әдеби тiлi
- қоғамдық өмiрдiң әр алуан
саласында қолданылатын, стильдiк тармақтары сараланған, мәдени
жұртшылықтың бәрiне ортақ нормасы бар, ауызша және
жазбаша түрде қызмет ететiн тiл. Қазақ әдеби
тiлi қоғамдық өмiрдiң бiлiм мен ғылым
саласында, құқықтық қатынас саласында,
бұқаралық ақпарат саласында,әдебиет пен өнер саласында,
тұрмыстық қарым-қатынас саласында қызмет етiп,
тiлдiк ұжымның қарым-қатынасқажетiн өтейдi. Осымен
байланысты қазақ әдеби тiлiнiң бес түрлi стильдiк
тармақтары қалыптасып сараланған: бiлiм мен ғылым
саласында - ғылыми стиль, құқықтық салада - ресми
iс қағаздары стилi, қысқаша айтқанда, ресми
стиль, әдебиет пен өнерде - көркем әдебиет стилi,
бұқаралық ақпарат саласында - публицистикалық стиль,
тұрмыстық қарым-қатынаста сөйлеу тiлi стилi.
Сөйлеу тiлiнiң лексикалық
ерекшелiктерi.
Сөйлеу тiлiнде күнделiктi
тұрмыста қолданылатын қарапайым бейресми сөздер
жиi ұшырасады, бейтарап сөздермен қатар диалектi сөздер,
кейде тұрпайылау сөздер де кездесiп отырады. Оларды
көркем әдебиетте жазушылар кейiпкердiң сөйлеу ерекшелiгi
мен мiнезiн таныту, ашу үшiн т.б. стильдiк мақсатта әдейi
пайдаланады. өйлеу
тiлiнiң фонетикалық-морфологиялық ерекшелiктерi.
Дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән
фонетикалық белгiлерге жатады: басың қағыр
(басың қалғыр), кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па т.б.
тiркестерде дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне
тән құбылыс.
Сөйлеу тiлiнiң
фонетикалық-морфологиялық ерекшелiктерi.
Дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу
тiлiне тән фонетикалық белгiлерге жатады: басың қағыр
(басың қалғыр), кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па т.б.
тiркестерде дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне
тән құбылыс.
Синтаксистiк ерекшелiктерi.
Сөйлеу тiлi стилiнiң басқа стильдерден өзгешелiгi,
ең алдымен сөйлемқұрылысынан байқалады. Сөйлеу тiлiнде сөйлем
түрлерi аралас келедi. Сұраулы, лептi, риторикалық сұраулы
сөйлемдер көп қолданылып, сөйлем
диалогқа құрылады:
Баланың сөзiн сөз деп, о
несi-ай маған! (Б.Майлин)
Кiтаби тiлдiң ауызша,
жазбаша түрiнiң нормалары, жүйелерi ереже түрiнде грамматика
оқулықтарында, оқу құралдарында түрлi сөздiктерде көрсетiледi.
Сондықтан бұл нормалар "заңдастырылған" (кодификацияланған)
нормалар деп танылады. Сөйлеу тiлiнде де норма, белгiлi бiр жүйе
болады. Бiрақ сөйлеу тiлi нормалары "заңдастырылмаған",
бiршама еркiн болады.
Оқулықпен жұмыс:
46-47-жаттыгулар
|