жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
Білім беру саласы: «Таным» « Коммуникация» «Шығармашылық»
Бөлімі: Экология негіздері. Құрастыру (оригами). Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.Сөйлеуді дамыту. Музыка.
Тақырыбы: «Шалғындағы көбелектер»
Мақсаты: Балаларға щалғындағы көбелектер туралы түсінік беру. Дәстүрден тыс оригами әдіс-тәсілін қолданып әдемі көбелектерді жасауға үйрету.5-ке дейінгі санды ретімен және кері санауды бекіту. Көктем мезгіліне арналған тақпақтар арқылы балалардың сөздік қорын, тілдерін байыту. Балалардың көркемдік талғамын, ұсақ қол маторикасын дамыту. Балаларды әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап арқылы әңгімелеу, ән-тақпақтар.
Қолданылатын көрнекіліктер: Көктем мезгілі жайлы және әдемі көбелектер туралы слайдтар.
Қажетті құрал -жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, қол сүлгілері, тірлі –түсті қыстырғыштар.
Сөздік жұмыс : шалғын
Үштілдік комп: Шалғын-поляна –field (фиелд)
Көбелек- бабочка- butterfiy (батэфлай)
|
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: Күннің көзі ашылып. Көкте шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті. Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей балалар Сәлемдесіп алайық Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз. |
Көтеріңкі көңіл- күйімен жаттығуға сай қимыл қозғалыстар жасады. |
|
Ұйымдастыру-ізденушілік Сөздік жұмыс Үштілдік комп. Қызықтыру сәті: Сергіту сәті: Рефлексиялық түзетушілік Дидактикалық ойын |
-Балалар көктем мезгілі туралы тақпақтар айтып беріңдерші?
Шалғындағы жәндіктердің даусы естіледі. -Балалар қараңдаршы мынау не екенін, сендер білесіңдерме? Балалар бұл шалғын. Көптеген жасыл шөптер өсіп тұрған көгалды шалғын дейміз. Шалғын-поляна- field (фиелд)
Көбелек-бабочка-- butterfiy (батэфлай) Балалар бұл жап- жасыл шалғын. Балалар бірақ бұл шалғында бір нәрсе жетпей тұрғандай сондай көңілсіз соны сендер байқадыңдар ма? Балалар кәнекей көрейікші шалғында не бар екен?
Жасыл шалғынға не жетпей тұр? Гүлге не қонады? Балалар гүлдерге не сән келтіреді? (Үркіген көбелектер шалғынды айнала ұшады) Қолында көбелек аулағышы бар Дара келеді Дара:-балалар сендер көбелектердің қайда ұшып кеткенін көрдіңдер ме? Тәрбиеші:-Сәлеметсіңбе Дара Дара: -Сәлеметсіңдер ме балалар Тәрбиеші: -Дара сен не істеп жүрсің? Дара: -Мен көбелектерді аулап жүрмін. Тәрбиеші: -Дара, сен көбелектерді ұстауға және аулауға болмайтынын білесің бе? Дара: -Жоқ білмеймін
Тәрбиеші: -Шалғындағы көбелектер қайда ұшып кеткен десек, сен көбелектерді үркітіп, қуып жүрген екенсің ғой. - Дара көбелектер тірі жан екенін ұмытпа, көбелектер өте нәзік болады. - балалар көбелектерді ұстауға бола ма? Көбелектердің пайдасы өте зор. Олар гүлдерді тозаңдандырады. Сен білесің бе Дара көбелектер- сұлулықтың нышаны. Дара:-Білмеймін Дара мен балалардың назарын көгілдір экранға аудару. (көбелектер туралы слайд жүреді)
Тәрбиеші: -Дара, сен енді көбелектерге неге тиісуге болмайтынын түсіндің бе? Дара: -Ия,балалар енді көбелектерге тиісуге болмайтынын мен түсіндім. Балалар мен енді көбелектер туралы көп нәрсе білдім. Мені кешіріңдер балалар, енді көбелектерге тиіспеймін. Тәрбиеші: Дара біздің балалар өте ақылды олар саған көбелектер жайлы ән айтып береді. Ән: «Көбелектер» Дара: Балалар көбелектер туралы ән біледі екенсіңдер Тәрбиеші: -Дара біздің балалар мына шалғында қанша әдемі гүлдер бар екенін санап береді. Тәрбиеші: -Дара балалар тура және кері де санап, үш тілде де айтып бере алады. Балалар гүлдеп тұрған гүлдердің түстері қандай? Ақ гүл, қызыл гүл, сары гүл, көк гүл, жасыл гүл нешінші болып тұр? Дара: - Балалар мен күні бойы көбелектерді қуып қатты шаршап тұрмын. Тәрбиеші: Олай болса балалар Дарамен бірге көңілімізді көтеріп, сергіп алайық. Дара: Менің көңіл күйім көтерілді, ал мына шалғындағы гүлдер көңілсіз тұр. Балалар гүлдерге көмектесеміз бе? Гүлдерге не қондырамыз? Балаларға оригами туралы түсінік беру. Ол қағаздан бүктеу арқылы әр-түрлі бейнені жасау. Балаларға түрлі-түсті қол сүлгілерді бүктеу арқылы көбелектерді жасау әдіс-тәсілін көрсету, түсіндіру, үйрету. Балаларға жұмыс тәртіп ережелерін еске түсіру. Балалардың жеке жұмыстары Тәрбиеші: Дара қарашы балалар қандай керемет көбелектерді жасады. Саған ұнай ма? Дара: -Ия қандай әдемі көбелектер, балалар мен де көбелек жасадым. Балалар мен де әдемі көбелегімді гүлге қондырайын. Тәрбиеші: Ал, енді балалар осы әдемі көбелектеріңді өз гүлдеріңе қондырыңдар.Ендеше көбелек туралы тақпақтар білесіңдер ме? Көбелек туралы тақпақтар: Тәрбиеші: Балалар ал енді жасыл шалғынымыздағы гүлдердің көңілдері көтеріліп, сендерге рахмет айтып жатыр. Дара: -Балалар сендерге көп рахмет! Мен енді осы шалғындағы әдемі гүлдермен көбелектерге қамқор боламын. Тәрбиеші: Ал, енді Дара біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды. -Балалар шалғын дегеніміз не? -Дара нені қуып жүр екен? -Біз не жасадық? -Көбелектерді жасауда қандай әдіс-тәсілдерді колдандык? -Көбелектерді нелерге қондырдық? «Өз гүліңді тап?» Балаларды мақтап әр түрлі әдемі көбелектерді естелікке тарату. |
-қазір жылдың көктем мезгілі -Көктем мезгілінде үш ай бар -Наурыз, сәуір, мамыр. -Кәзір көктем мезгілінің наурыз айы -балалар зейін қойып қызыға қарайды. Бүршік шашып, жапырақ ашып, Даланы гүлдер басады. Сұлу көктем есігін ашып, Шуағын бізге шашады. Көктем шуағын шашады, Жауын да жауып алады. Көктем келіп жеткенде, Ағаштар бүршік жарады. -жоқ білмейміз -қайталайды -шалғын-поляна- field (фиелд) Көбелек-бабочка- butterfiy (батэфлай) Әдемі, әр-түрлі гүлдер, жап-жасыл шөптер, жәндіктер бар. Көбелектер Көбелектер гүлдерге сән береді. -Ия көрдік Сәлеметсіз бе Дара Болмайды Зейін қойып қызыға қарайды 1,2,3,4,5 гүл бар екен 1,2,3,4,5 Орыс және ағылшын тілінде санайды -ақ, қызыл, сары, көк жасыл түсті гүлдер. Балалардың жауаптары. Жақсы көңіл-күймен көгілдір экранға қарап жаттығуға сай қимыл қозғалыстар жасады. -Ия көмектесеміз Әр-түрлі көбелектерді қондырамыз Көбелек-ау көбелек Әдемісің керемет Гүлге келіп қона ғой Өзіңде гүл бола ғой. Көбелек-ау көбелек Әдемісің гүлдейсің Ұстап сені не керек Ойнамайсың күлмейсің Балалардың жауаптары |
Күтілетін нәтиже:
Білді: Балалар көбелек, көктем мезгілі туралы тақпақтар айта алды.
Меңгерді: Оригами туралы түсініктері кеңейді.
Жасай алды: Түрлі-түсті қол сүлгілерінен көбелектерді бүктеу арқылы көбелек жасап, әр түрлі гүлдерге қондырды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген