Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Х дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Х дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтағы cуреттер, буындар, сөзжұмбақ, ойындар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
ә) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасы: Ю дыбысы мен әрпі
« Сөз ойла, тез ойла» ойыны
а) ю дыбысы бар сөздерді айту:
ә) ю дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу.
А - ю, о - ю, то - ю, қо - ю, ү - ю.
б) “Асыл мұра” мәтінін әр қатардан 3 – 4 балаға оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ: “Х дыбысы мен әрпі”.
Жұмбақ жасыру.
- Бұны сендердің әжелеріңіз, аналарыңыз, апаларыңыз үйде киеді.
- Кейде оны дәрігердің үстінен де көруге болады. Бұл - киім.
- Халат сөзінде неше дыбыс бар?
- Ол қандай дыбыстар?
- Бірінші дыбыс қандай?
- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Х дыбысы мен әрпімен танысамыз.

Жазылуы – Хх, баспа түрі – Хх
«Хх» дыбысы – дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген сөздің барлық жерінде кездеседі.
- Біз Х дыбысын қай кезде айтамыз?
- Х дыбысы – дауыссыз, ауа кедергіге ұшырайды.
- Х дыбысымен біз өлең айта алмаймыз.

2. «Кім шапшаң?» ойыны
Көп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой.
Ша... мат, ас... ана,... алам,... абар,... алық, /қ, х /

ІV. Оқулықпен жұмыс
Хор хабар кітапхана асхана
Хат халат шеберхана дәріхана
- Спорт алаңына келдік.
- Мынау не?/Мынау - мұз айдыны./
/Суретпен жұмыс./
Суретке қарап, сөйлемдер құрастыру.
«Балалар хоккей ойнап жүр. Олар - нағыз хоккейшілер. Бір бала - қақпашы, ал екіншісі - шабуылшы.»

Мәтінмен жұмыс
Сұрақ - жауап:
- Хасан мен Хамит қандай ойын жақсы көреді?
- Хасан ойында кім? /Хасан - шабуылшы./
- Хамит ше? /Хамит - қақпашы./
- Ойын қалай өтті? /Хасанның тобы жеңіл шықты./
- Кім хоккей ойынын ойнап көрді?
«Хоккей» сөзіне талдау жасау.
- Хоккей сөзінде неше буын бар?
- Хоккей сөзінде неше к әрпі бар? /2/
- Хоккей сөзі - басқа тілден енген сөз
- Хасан мен Хамит біздердің келгенімізге разы болды.

V. Дәптермен жұмыс
● Х әрпінің емлесімен танысу. Х әрпін жұмыс дәптерлеріне жазу.
● Сергіту сәті
● Жаздық, жаздық бәріміз,
Талып қалды қолымыз.
Сәл ғана дем аламыз,
Сосын қайта жазамыз.

«Кім тапқыр»

1. Көп адам қосылып айтады
2. Қасиетті тағам.
3. Мемлекеттік рәміздердің бірі
1. Мұзда ойнайтын ойын
2. Үй құстарының бірі
3. Тәтті жеміс
4. Балық аулайтын құрал
5. Тамақтың дәмін келтіреді

Жоғалған буын ойыны:
1. -------- лық
Ха ------- йуан
----------- бар

2. Кітап -
Ас -
Дәрі - ------ хана
Шай -

3. Асыл -
Гүл ----- хан
Темір -

Сергіту жаттығуы:
Дыбыстарды ажырата білеміз бе?

Сабақты қорытындылау:
- Х дыбысы қандай дыбыс?
- Х қатаң дауыссыз дыбыс.
- Х дыбысы сөздің қай жерінді кездеседі?
- Сөздің алдын да, ортасында да кездеседі.

Үйге тапсырма
Х дыбысы мен әрпін оқу
Мадақтау.

Кері қайту

Материал рейтинг

Жарияланды 12-08-2014, 11:15 Категориясы: Бастауыш сынып 

Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітапхана туралы түсініктерін кеңейту. Сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: СТО
Сабақтың көрнекілігі: бейне таспа, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар.
БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Қызығушылықты ояту. 
- Балалар бүгін біздің сыныпқа саяхатшы Дара келіпті (бейне таспа жіберу). Ол кітапханадан алған қызықты кітаптарын оқып болып, енді оларды тапсырмақшы. Кітаптарды тапсыру үшін Дара кітапханаға бара жатыр екен. Жолда кездескен қиындықтарды жеңіп, Дараға көмектесуге әзірсіңдер ме? Ол үшін қай топ Дараға жақсы көмектесетінін білу үшін 2 топқа бөлініп жарысамыз.
- Әр топ өздерін таныстырсын.

1 топтың аты: «Білімділер»
Топтың ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
2 - топтың аты: «Талаптылар»
Топтың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
- Тапсырмаларды үздік орындаған топ қызыл кітапқа, жақсы орындаған топ көк кітапқа ие болады. Қай топтың қызыл кітабы көп болса сол топ Дараға жақсы көмектесіп жеңіске жетеді.

ІІ. Өткенді пысықтау.
- Я, Ю дыбыстаны қайталау, Жарыс мәтінін оқу, түсінік айту.
- Ең алдымен Дараның кітаптарын үстелгі жинайық. Ол үшін біздер үй тапсырмасын қайталап алайық.
1 - тапсырма. Үлестірмелі қима қағаздардағы сөздерді оқып, буынға бөлу. аяқ, таяқ, қоян, қияр, пияз, аяз, дария, ұя, баяу, шаян, тақия, сая, аю, ою, қою, құю, есею, азаю, үлкею, көбею.
2 - тапсырма. 1 топ «Білімділер» Жарыс мәтінін оқу, 2 - топ «Талаптылар» сұрақтарға жауап беру.
- Дараның кітаптарын үстелге жинадық. Енді оларды Дара қайда салады? (жолдорбаға)

ІІ. Мағынаны тану.
- Енді кітапті жолдорбаға салу үшін, алдымен жолдорбаны босатуымыз керек, ол үшін жолдорбаның ішіндегі суреттерді айтып қайталасақ, бүгінгі сабақтың тақырыбын біледі екенбіз. («Сиқырлы кітап» бейне таспа жіберу).
- Бүгінгі танысатын х дыбысымен танысамыз. Қане дыбыстап көрейікші? Қандай дыбыс? Х - дауыссыз дыбыс, себебі? ауа кедергіге ұшырап тұр. Х - әріптерінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
Суреттерге назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру.
- Х нешінші буында тұр, сөздің қай жерінде тұр.
- Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі? Х әрпі сөздердің басында, ортасында және кейде сөздің соңында кездеседі. Мысалы: хат, шахмат, шах.
- Жолдорбаны тапсырмасын орындайық.«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнау.
- Жолдорбаның ішін босаттық, жолдорбаның ішіне кітаптарды орналастырдық, енді Дара жолға шығуға дайын.

- Кітапханаха бару үшін алдымен көпірден өтуміз керек, көпірдің күзетшісінің тапсырмасын орындасақ Дара көпірден өтіп кітапханаға жетеді.
Күзетшінің тапсырмасы оқулықпен жұмыс.
- тізектеп бағандағы сөздерді оқып шықсақ, х дыбысының астын сызып шықсақ көпірден өтеміз. Х дыбысы сөздің қай жерінде орналасады?
- тізбектеп оқу, түртіп алу, осы сөздердің ішінде түсініксіз сөз бар ма?
- хат - хабаp жiбеpу үшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша мәтін.
Хор - музыканы қосылып оpындайтын әншiлеp тобы.
Хан - ел билеушi.
Саяхат - алыс жеpге, ел аpалауға шыққан сапаp.
Дәріхана - Дәpi - дәpмек даяpлап және оны сататын оpын;
Хабар - жаңалық
Халат - үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм.
Хадис - діни кітаптарда айтылған қасиеттi сөздеpi, өсиеттеpi.
Шахмат - ойын
Хаттама - жиналыстың, мәжiлiстiң баpысы туpалы жазылған қысқаша мазмұндама.
Ұстахана - темірден әр түрлі заттар жасап шығаратын шеберхана.
Шеберхана - әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын орын.
- Күзетшінің тапсырмасын орындадық Дара көпірден өтті.
- Міне енді Дара кітапханаға да жетті. Әр топтың басшыларына тапсырма беріледі.
1 топтың басшысы сурет бойынша әңгімелеу.
2 топтың басшысы кітапханадан алынған кітаптарды қалай күтіп ұстау керек екенін айту.

- Мәтінді оқу.
Мынау біздің кітапхана. Кітапханада көптеген газет - журналдар да бар. Кітапхана қоры - кітап. Оқушылар кітапханаға жиі келіп тұрады.
Біздің кітапхана екінші қабатта орналасқан. Онда орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар бар. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.
Іші өте таза, жылы, әдемі. Кітапханада түрлі газет - журналдар да көп. Онда өте мәдениетті, инабатты, өз істерін жақсы білетін кітапханашы жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады. Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған.
Кітапханада тыныштықты және тәртіпті бұзуға болмайды.

Мақсұтова Альмира Қадырқызы 
Пән:Әліппе
 
Сыныбы: 1«а»
 
Сабақтың тақырыбы: «Х дыбысы мен әрпі»
 
Мақсаты:
 
Білімділік. Оқушыларға Х дыбысы мен әрпін таныту,ол
 
арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету,сөздерге
 
дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру.
 
Дамытушылық. Х дыбысын үйрету арқылы оқушылардың
 
тіл байлықтарын,ой-өрістерін,шығармашылық қабілеттерін
 
дамыту.
 
Тәрбиелік.Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа,білімділікке
 
үйрете отырып, бір-бірін тыңдауға,ұйымшыл болуға
 
тәрбиелеу.
 
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
 
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары
 
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Алфавит, ойын.
 
Қолданылған әдебиеттер: Бастауыш мектеп журналы № 8, 2010ж, 22-бет
 
Бастауыш мектеп журналы №4,2007ж, 29-бет
 
Выбирая будущее... Караганда,2001
 
Экологиялық әліппе. Алматы кітап 2007. 25-бет.
 
Сабақтың құрылымы:
 
I.Ұйымдастыру кезеңі.
 
II.Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білім,білік,іскерлік дағдысын тексеру.
 
III. Сабақтың мақсатын қою.
 
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
 
V. Сабақты бекіту.
 
VI. Сабақты қорытындылау.
 
VII. Бағалау.Үйге тапсырма.
 

Сабақтың барысы:
 
I.Сыныпты ұйымдастыру, оқушыларды тексеру.Оқушыларды сабаққа даярлау.
 
-Үйге қандай тапсырма берілді?
 
-Ю дыбысы қандай дыбыс?
 
-Ю дыбысы неше дыбыстан тұрады?
 
Топпен жұмыс.Ойын «Буынға бөл!»
 
І топ ІІ топ ІІІ топ
 
аю құю есею
 
ою түю үлкею
 
қою сүю азаю
 
қию күю көбею
 

II. Ой қозғау.
 
- Қандай өлеңді жатқа білесіңдер?
 
-“Аю” сөзіне кім дыбыстық талдау жасайды?
 
- “Қоян” сөзіне дыбыстық талдау жаса.
 
-“Жарыс” мәтінін мәнерлеп оқып бер.
 

Сергіту сәті
 


III.Жаңа сабақ.
 
1. «Ой ашар»Жұмбақ шешу арқылы хат-ат сөзін табады.
 
Х әрпінің баспа,жазба түрімен танысады,хат сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
 

2.Мағынаны ашу.
 
Х дауыссыз дыбыс
 
Сөздің басында, ортасында кездеседі.
 
Оқушыларға мысалдар келтірту
 

3.Сөздікпен жұмыс.
 
хат ха бар дә рі ха на шах мат
 
хор ха лат ас ха на са я хат
 
Оқушыларға оқытқызып,сөйлемдер құрату.
 
емхана асхана Хамит
 
дәріхана дәмхана Хадиша
 
шеберхана ұстахана Нұрхат
 

4.Мәтінмен жұмыс.
 
«Кітапхана»мәтінін оқып,мазмұнын түсіндіру.Өз мектебіміздің кітапханашысы Роза апай туралы, кітапхана туралы айту.
 
Оқушыларға оқыту.
 

Сергіту сәті
 
Ашып,жұмамыз,
 
Ашып, жұмамыз,
 
Жазуды әдемі жазамыз.
 

5.Дәптермен жұмыс
 
Х х әрпін үлгіге қарап жазуға дағдыландыру.
 

IV.Сабақты бекіту.
 
Шығармашылық жұмыс
 
Сурет бойынша әңгіме құрату.
 
V. Сабақты қорытындылау.
 
«Жоғалған әріпті тап»ойыны
 
* АТ ША* МАТ *АЛАТ
 
*АБАР САЯ* АТ *ОР
 


VI. Мадақтау
 
VII.Үйге тапсырма:99-бетті оқып, «Кітапхана» мәтінін әңгімелеу

Категория: Начальная школа | Добавил: анарка


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
617
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12