жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық сабақ
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: Өзара кері есептер Сабақтың мақсаты: Өзара кері есептен туралы түсінікті меңгерту. а)Оқушыларды өзара ері есептермен таныстыру, есетің мәнді белгісін түсіндіру. Артық және кем ұғымдары туралы білімдерін жетілдіру. ә) Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілетін, логикалық ойларын дамыту. б) Оқушыларды ұлттық негізде адамгершілікке, адалдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, өлең есеп шешу Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі суреттер, сызба, киіз үй.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Қар мұз еріп, су көбейіп Сай- салада ағады. Бүршік шашып, жапырақ ашып, Жер гүл шашақ тағады, Қой маңырап, төл жамырап, Жайлау малға толады, Бөбектерім айтыңдаршы , Бұл қай кезде болады?
-Көктем айларын ата. Наурыз айларында қандай мерекелер бар? -Анамыздың мерекесіне арнап «Аналарға гүл сыйлайық» ойынын ойнайық. /үй тапсырмасын бекіту, тексеру/ ІІ Жаңа материалды игерту -Оқушылар біз осы қазақтың киіз үиі туралы білемізбе? -Киіз үйдің құралдарын кім маған атап береді? -Бүгінгі сабағымызда киіз үй құралдарын паидалана отырып жаңа киіз үй құрастырамыз. -Ол үшін киіз үй бөліктерінде берілген тапсырмаларды орындауымыз керек. а) Есепті оқу тірек сигналы бойынша есепті шешуге бағыт беру.
1-тәсіл : 2-тәсіл Қанат-7ж Болат- 4 ж Болат-? 3-еуі кем Қанат- ? 3-еуі артық Болат неше жемсауыт жасады? Қанат неше жемсауыт жасады? Ш: 7-3=4 Ш: 4+3 = 7 Ж: Болат 4 жемсауыт жасады. Ж: Қанат 7 жемсауыт жасады.
- Бұлар өзара кері есептер
ІІІ Сергіту сәті -Ендігі бөлігінде мынадай ойын есеп берілген. /Ойын есеп шығару/
Талдан ұшты топ торғай Емес бірақ көп торғай Алдында оның бастаушы, Артында төртеу қостаушы. Ойың жүйрік болса егер, Торғай нешеу есепкер. (бесеу)
-Енді оқушылар келесі бөлігі керегеде мынадай тапсырма берілген. /Оулықтағы 2- тапсырма. Екі оқушы тақтаға орындайды./
ІV Бекіту: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? -Көктемнен кейін қандай жыл мезгілі келеді? -Жазда қандай өзгерістер болады? -Жазды есімізге түсіре отырып, киіз үйдің соңғы бөлігіндегі тапсырма бойынша «Көбелек қуып , гүл терейік» ойнын ойнайық. /Көбелек пен гүл артында оқушылардың білім деңгейіне байланысты тапсырмалар беріледі.
V Бағалау VІ Үйге тапсырма |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген