Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы сабақты өткізгеннен кейін қаншылықты наурыз көженың пайдасы бар екенін білдім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу

Уақыты:13.03.2017ж

Кабинет: бастауыш

Мұғалім:Байсымакова.Б.М

Сабақтың атауы

Наурызкөже . М. Дулатұлы.

Сілтеме

Әдебиеттік оқу оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Слайд,оқулық,кестемен жұмыс,тест,дәптер,тақта ,бор.

Жалпы мақсаттар

  1. 1.Білімділігі: Мәтінді түсініп оқу. Мазмұны мен идеясын

ашуға көмектесу

  1. Дамытушылығы : Оқушылардың ойлау шеберлігі мен

сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Тәрбиелігі : Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру .


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Көктемнің алғашқы гүлдері арқылы 2 топқа бөлемін.Бәйшешек,жауқазын .

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

а) Оқушылардың сабаққа қатысымы мен дайындығын тексеру

ә) психологиялық дайындық

Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

б) бағалау парағын тарату, жұппен



Шырылдады қоңырау.

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға ,

Алға қадам аттаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасын тексеру

«Наурыз туралы хикая» мазмұнын айту.

«Ыстық орындық »сұрақ- жауап арқылы тексеру


Қызығушылықты ояту

  1. Мына суреттерге қарап ойларына не келеді ?







  1. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ деп ойлайсыздар?

  2. Сіздер білесіздер ме наурыз көже қалай жасалатынын?

-Сонымен бүгін біздің тақырыбымыздың аты қалай екен?

-Наурызкөже

-Ал, енді мына портретке назар аударайық. Бұл кім?

- Міржақып Дулатұлы туралы не білеміз?



Shape1 ақын жазушы

Shape2


педагог

Shape3




Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 қоғам қайраткері 25 қараша 1885 туған


Сарықопа уезі Торғай облысы

саясаткер




Мағынаны тану

Глассарий арқылы рөлдермен ойнау.

  1. Оқушылар өздері іштей оқып шығады

  2. Тізбектеп оқу, бөлімге бөліп. Әр бөлімді түсіндіру

Наурыз көже.

Ұлыстың ұлы күні жасалатын-қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Тұз бен суды қосқанда дәмнің саны тоғыз болуы тиіс. Түркі халықтарының ұғымында жеті мен тоғыз және қырық-аса киелі сандар. Сол себепті наурыз көже аса қасиетті тағам болып саналады. Оған қоса, ол –тоқшылық пен ырыс құттың белгісі.

         Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?

         - Жеті деген киелі санға құрылған.

         Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны - өмір өзен, ұрпақ-өріс судай асып-тасысын дегені болса керек.

Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек.

Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет.

«Ағы бардың - бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.

Құрт қосатын себебі – құрт күшті ас. Әр түрлі тамаққа пайдаланады. Әсіресе жазғытұрым уақытта пайдасы мол. Әлсіз, аурушаң адамдарға қуат береді. Бұл асты - қуаттың көзі болсын, ел қуаты нығайсын, денсаулығы берік болсын деген ырымға негіздесе керек.

         Наурыз көже қазақтың ең жақсы көретін, негізгі ас дәмдерінің бірі – ет қосылады. Қазақтың табиғаты мал мен біте қайнасқан болса, ет – қазақтың төл асы. Қазан толсын, асар мол болсын деген мақсатта «ұзынсарыға» сақталған сүрі етті тұтастай Наурызкөжеге салып қайнатады.

Арпаны қосады. Арпа дәрілікке ем. Білетіндердің айтуынша, арпаны жиі пайдаланатындардың қаны бұзылмайды. Ирак тәуіптері бұл дәнді «ғажап құтты дән» деп атаған. Көптеген ауруларға шипалы.

Ал, күріш. Күріш те денсаулыққа шипа, ішкі құрылысты тазартатын табиғи элементтерге бай дәнді дақыл. Жалпы, Наурыз көжеге дәнді дақыл пайдаланатыны – бір тамырдан өсіп-өнген күріштей ұрпағымыз көп болсын деген тілек болса керек. Наурызда берілетін бата нышаны осы Наурыз көжеде де сайрап тұр.

Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек.

Наурыз көжеге белгілі бір дәмді ғана салу керек деген арнайы нұсқау жоқ. Жеті түрлі дәм салынады әрі «тек мына дәм салыну керек» деп шектеу қоймаған. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды. Тек міндетті түрде дәм саны жетеу болған. Сөйтіп, Наурыз күні қазандар көжеге толады.

Тоқшылық дегенді қалай түсінесіндер?

  • Тоқшылық- баршылық, молшылық, жеткілікті тағам, жегеннің алдында, жемегеннің артында.

  • Ырыстық- ынтымақ, достық, береке.



Сергіту сәті

Наурыз туралы тақпақтар айтады.



Ой толғаныс


Тест

  1. Наурызкөжені тап

а) алма, ет, ормажапырақ, тұз, су, май, қызанақ

ә) бидай, күріш, тары, су, айран, тұз, сүр ет, арпа, бұршақ.

б) бидай, тұз, жапырақ, жусан, мейіз, сәбіз, ет.


  1. Наурызды көбінде қай елдер тойлайды?

а) Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ

ә) Үндістан, Ресей, Америка, Германия

б) Кавказ, Америка, Ресей, Иран


  1. Көжеге неше тағам қосылады?

а) 7-5

ә) 7-8

б) 7-9


Кесте толтыру

Наурыз туралы не білем?

Мәтіндегі наурыз жайлы

Сәйкестік

+

+


+




Наурызда не айтылады? Кешіріседі. Бір- біріне бата айтады.


Батамен ел көгерер

Жаңбырмен жер көгерер. Бата айту



Үй тапсырмасы

Үйге тапсырма:

Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

Наурыз мерекесіне байланысты жазылған шығармалар жинау.

«Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында эссе жазып келу.


Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Смайлик  арқылы .




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі