жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән:математика Сынып:1 |
Мектеп: №26 мектеп-гимназиясы |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:Самуратова Анар Аскаровна |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифры |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|
|||||
|
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
1.1.1.2 . біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3. біртаңбалы сандардың құрамын анықтау
|
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: натурал сандардың санау ретін біледі,реттік нөмерін айта алады. Көптеген оқушылар: Оқушылар натурал сандар қатарында 6 санының орнын таба алады;тура және кері ретпен санайды; цифр мен санды ажыратады; сандарды салыстыра біледі. Кейбір оқушылар: 6 санының құрамын анықтайды,талдайды,жинақтайды, 6 санын ертегідегі кейіпкерлерді санау арқылы айтады. Бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әртүрлі тәсілдермен көрсете алады. |
||||||
|
Бағалау критерийлері |
-Натурал сандарды санау ретін біледі. Санды реттік нөмерімен айта алады. -Натурал сандар қатарында 6 санның орнын анықтап, бір таңбалы сандарды тура және кері санай біледі. 6 саны мен цифрды ажыратады және сандарды салыстыра алады. -6 санының құрамын анықтайды. Ертегідегі кейіпкерлерді санау арқылы айта алады. 6 санын сандық сәуледе көрсете біледі. |
||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
алты-шесть-six |
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды ұқыптылыққа,бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу. |
||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Сауат ашу,дүниетану |
||||||
|
АКТ қолдану дағдысы |
Сергіту сәтіне арналған слайд |
||||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
5 саны және цифрын біледі. Санның құрамын ажырата алады. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтыңжоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы 2 минут 2 минут 3 минут |
Психологиялық ахуал Шаттық шеңбер Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен біржүру! Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Топқа бөлу: 1,2,3,4,5 сандарды санау арқылы 5 топқа бөлін Жаңа сабақ: Оқушылардың алдарындағы кеспеқағаздарды 1-6 ға дейінгі сандарды орналастыртқызу. Сол сандардың қасына 6 таяқша қойғызып санату. Дескриптор: 1-6 ға дейінгі сандарды орналастырып,санай алады. Бағалау:Шапалақ |
Сергіту сәтіне арналған слайд
|
|||||
|
Сабақ ортасы 5 минут Тыңдалым айтылым 10 минут 2 минут 5 минут 6 минут 5 минут |
Тапсырма №1 «Жұмыртқаның ұяшығын толтыр» «Шығарып көр» Оқушыларға түймелер топтамасын ұсыну. Ұяшыққа 6 санын әр түрлі тәсілмен қой. 1 мен 5; 2 мен 4; 3 пен 3; 4 пен 2; 5 пен 1; Дескриптор: -санның құрамын әр түрлі тәсілмен таба алады. Бағалау: «Бағдаршам»
Тапсырма №2 Шалқан ертегісін сахналау. Шалқан ертегісін еске түсіру. Ондағы барлық кейіпкерлерді атау.
Ертегіде қанша кейіпкер шалқан тартып жатыр? -Бес кейіпкер. -Үстелдің үстіне сонша қарындаш қойыңдар. -Кім оларға көмекке келе жатыр? -тышқан -Тышқан нешінші кейіпкер? -Алтыншы -Алдарыңа тағы бір қарындаш қойыңдар. - Енді барлығы неше қарындаш болды? -6 санын қалай шығарып алуға болады екен. -6 саны 5-тен үлкен бе? Әлде кіші ме? Артық ,кем Ертегі кейіпкерлерін санау (алты)
Тірек сөзбен жұмыс. Сөздерді үш тілде айту алты-шесть-six Дескриптор: -6 санын натурал сандарды алу жолын түсінеді,реттік номерін анықтай біледі. -сандарды салыстыра алады. - ертегіні сахналау арқылы сандарды салыстыра біледі. Сөздерді үш тілде айта алады.
Бағалау. «Жұдырық,алақан» Алақан-мақсатқа жеттім,тақырыпты меңгердім. Үш саусақты көтеру-жаңа тақырыпты толығымен түсіну үшін әлі де оқу қажет. Жұдырық-мен ешқандай мақсатқа жетпедім,ол үшін өзім ынталанбадым.
Сергіту сәті : «Арқаға сурет салу» Оқушылар жұпта отырып кезекпен бір-бірлерінің арқасына сандардың суретін салады. Сол салған суретті табу қажет.
Тапсырма №3 «Құпиялы қап » ойыны. 5 ойыншықты қапқа салу, аузын байлап, ішінде неше ойыншық бар екенін болжату. Оқушыларға бір-бірден алғызып, қыстырғышпен жіпке ілгізу. Қойылған ойыншықтарға сандарды орналастыр. Ойыншықтарды тура және кері ретпен сана. 6 саны сандық сәуледен қай саннан кейін тұрады. Сандық сәуле бойынша оқулықта жұмыс жүргіземін. 6 саны сандық сәуледе 5 саннан кейін тұрады.
Дескриптор: сандарды тура және кері ретпен санай біледі. -сандарды сан түзуінде орналастыра алады. Б
6 цифрын жазу үлгісін көрсетемін,жазғызамын.Оқушыларды дұрыс және көркем жазуға жаттықтырамын.
Тапсырма №4. Логикалық тапсырма: Алты аю келеді, Балды жақсы көреді Қалып қойса біреуі Нешеуі қайтып келеді?
Дескриптор: Кейбір оқушылар логикалық есепті шығара алады. Бағалау: Смайликтерді таратып, оқушыларды мадақтау, ынталандыру. Соңында санап,бағалау. |
Жұмыртқа ұяшықтары түйме (үшеуі –жасыл, үшеуі –қызыл,үшеуі-жасыл,,екеуі-көк, төртеуі-ақ, біреуі-қара,бесеуі сары.
Қарындаш, ертегі кейіпкерлердің суреттері
Сергіту жинағы
Ойыншық,жіп,қап,қыстырғыш,кесте
|
|||||
|
Сабақтың соңы 4 минут |
« Қалпақ кию» әдісі. Қалпақты оқушылар басқа оқушыларға кигізу арқылы сұрақтар қояды.
6 саны туралы не білеміз? Сан түзуінде 6 саны қай саннан кейін тұр? 6 санын қалай алуға болады? 6саны қанша заттың санын білдіреді? 6 санының құрамына мысал келтіріңдер
|
|
|||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз? |
Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз? |
Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы |
|||||
|
Санауға, цифрды жазуға қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларға сандарды тура және кері санатып, сан түзуіне орналастыру. |
Оқушылардың натурал сан қатарында 6 санының орнын табуды, 6 санының құрамын атай алуын, жазылуын бақылау арқылы бағалау. Санай алатын және санауға киналатын оқушыларды жазып алу, келесі сабақты жоспарлауда ескеру |
Сергіту сәттерін өткізу. |
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары тақырыпқа сай қойылған. Оқу мақсаттарына барлық оқушылар қол жеткізді. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Сабақ уақытыңда аяқталды.
|
|
||||||
|
|
|||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөліп,тапсырмаларды күрделендіріп отыру. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақтың нәтижесі,сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер. 2: Сабақта қолданылатын кері байланыс. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Оқушылар күрделі тапсырмаларды орындау барысында мұғалімнің көмегін қажет етті. Сондықтан келесі сабақтарда тапсырманы жеңілден күрделі етіп алуға көңіл бөлу қажет.
|
|||||||











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген