жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық сабақ
Тақырыбы: Күз сыйы.
Мақсаты:Күздің ерекшелігімен,молшылық кезеңі екенін түсіндіре отырып,салауатты өмір сүруге,пайдалы заттарды көп қолдануға үйрету.Оқушыларға табиғатты аялай білуге және сырын ұғына білуге машықтандыру,ой-өрісін дамыту.Өмірге деген ынтасын,ұқыптылығын,табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Мет әдістер: сұрақ-жауап,көрнекілік,әңгімелеу,талдау, сипаттау,топтастыру т.б.
Көрнекіліктер:жеміс-жидектер мен көкөністер мен дәнді дақылдардың суреттері,себет,ағаш, пастер.жапырақтар.
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберіне жиналайық.Көңілді ән ойнап тұрады.Оқушылар әнмен айтады.
Келді міне алтын күз, Сары шашты жарқын жүз. Мол өнімді әр ісімен, Риза етіп халқын қыз.
Шаттық шеңберінде тұрып топқа бөлінеді. Әр топтың басшысы атайды,кароналары бойынша ортаға жиналып,сол суреттер тұрған жерге отырады.
1.Көкөністер тобы: картоп, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ, қызылша көкеністер болады деп өз суреттері тұрған орнынға барып отырады.
2.Жемістер тобы: алма,алмұрт,апелсин,мандарин,банан,шие,алхоры жамістерге жатады.
3.Жидектер тобы; қарақат,долана,таңқурай,құлпынай,бүлдірген,жүзім жатады.
4.Дәнді дақылдар тобы: Ал қалғанымыз сонда болдық дақылдар. Дақылдарды мен атап кетейін. Арпа,бидай ас екен, Сұлы,тары олда тағы бар екен. күріш пенен жүгерініде тастамайық,- деп орнымызды табалық. Бұлттар төніп, Ойнай алмай, Жерге төгіп, Денең мұздап тоңады, Дымқыл тұман басады. Бөбектерім айтыңдаршы; ? Шөп сарғайып, Бұл қай кезде болады? Өңі тайып, Дала сұры қашады.
Қазір қай мезгіл? Күзді неге сары алтыңға теңейді? Неге молшылыққа балайды? Бүгінгі күніміз күз мерекесіне арналады. Жақсы көңіл күймен бастайық.
Ән «Алтын күз» Әр топ өздерін қорғайды. 1.Көкөністер тобы: 1.Менің атым картоп Мені күнде барлықтарыңыз тамаққа пайдаланасыздар, Менің жүрмейтін жерім жоқ, Бірақ тамақтың менсіз сәні жоқ. картопта көп В дәрумені
2.Сәбіз: мен ұзын сәбізбін,түсім сарықызыл,дәмдімін,мені де тамаққа жиі қолданады,тіпті пісірмейде жей береді мына балалар,ал қоян үшін таптырмас ас боламын.Дәрумендерге баймын.Бойы қортық балалар көп жесеңдер бойларың мына мен сияқты ұзын болады.Сәбізде С дәрумені бар.С дәрумені ағзаны түрлі жұқпалы ауруға қарсы тұруын арттырады.
3.Қырыққабат тоным бар, Сәбізге қосса шикідей менде салат боламын. Орыстардың борщы меніменен дәмдірек, Іштіңдерме сендерде борщты. Қандай дәрумен жетіспесе «Ақшам соқыр» ауруы дамиды? А,Д,К,Е ал бұл дәрумендер менің бойымнан табылар.
4.Қызылшамын мен мына, Капустаға серікпін. Барлық дәрумендер боймда, Боламын салатта,боламын тамақта.
5.Қиярмын мен қиярмын, Сыртым жасыл ішім ақ. Жатамын мен әр үйдің қоймасында, 3 литрлік құтыда, Қонақ келсе анаң сені жұмсайды,қоймадан алып шықшы 1 құты қияр деп. Сен кетесің қуанып тұздалған қияр жейміз деп.
6.Қызанақ деген қызыл басты доп-домалақ, Шырыны көп ішінде. Тістеп қалсаң суы ыршып кетеді. Менсіз тамақ қызармайды. Оны мына сендер біле бермейсің, Тамат деген пастаны, Мына менен жасайды. Ал мына менде де А дәрумені бар. Ол өсу дәрумені деп аталады.
Хормен: Жер бетінде гүлдейді, Жер астында түйнегі Біз көкөністер түрлері
Себеттегі көкөністерді қиярдан жасаған затты ортадағы ағаштың бір шетіне қояды.
Би: орындайтын Агима Жемістер:Алма дөңгелек пішінді,өте дәмді,дәруменге бай. Алманың түрі көп. апорт,бестручка,лимон,салтанат деген алмалар бар. Мына біздің тұрған Алматы қаласыда осы алманың атымен аталады.Алманың құрамында темір көп.
2. Шие: Шиемін мен шиемін Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін
3.Жүзім: Мен жүзіммін,жүзіммін, Моншақ болып үзілдім.
4. Алмұрт: Мен алмұртпын,алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың.
5. Өрік: Мен өрікпін,өрікпін, Табиғатқа көрікпін.
6.Алхоры: Мені елдің көбі қара өрік деп атайды. Меніңде адамға берер пайдам көп. Менен сусында тосап та жасайды.
7.Банан: мен бананмын.Тәтті және крахмалды болып келемін.А,В,С дәрумендерімен адамдарды нәрлендіремін.
Хормен: Алма,алмұрт,тағы басқа жемістер пісті балдай. Үзіп жер шағың келді міне балалар.
Себеттегі жемістермен кивиден жасаған затты ортадағы ағаштың бір шетіне қояды.
Ән: Күзгі вальс.Орындайтын Аружан Нұрали Агима
Жидектер: 1.Қарақат: Тас жарғандар тобына жатады. Мамырда гүлдеп маусымда пісемін.менің бойымнан В1,С,Р дәрумендері бар.
2.Құлпынай: Құлпынақазақша атым, орысша-клубника,ағылшынша-Straberry стробрери Жерде жатып өсемін.Тез көбейемін.дәрумендер мол менде.
3.Таңқурай:Ежевейка деп атаған жылдамырақ айтылады.құлпынайдың туысымын.Тек қара түсті болып келемін.Бүлдіргенмен будастыру арқылы өндірілген ежемалина деген түрімде біздің Қазақстанның әр жерінде кездеседі.Дәмі бал үйіреді.
4.Бүлдірген:Раушан тұқымдасына жатамын. Қазақстанда екі түрім бао.Үш –үштен топтпсып өсемін. Менде ерте гүлдеп ,ерте пісемін.Өзен бойында өскенді жақсы көремін.Дәрумендер меніңде бойымнан табылады.В1,В2,А,В9
5.Қойбүлдірген:Раушан гүлділер тұқымдасымын.Солтүстік Америка мен Европада 400 астам түрім бар.Гүлі қос жыныстынегісінен ақ,кейде қызғылт түсті.Шілдеде пісемін,ауа райының құрғақ кезде жинайды.
6.Тұшала: Бұтақ тектес өсімдік жемісті дақыл. 50 аса түрім бар. Қазақстанда тұшаланы қарлыған деп атайды.Тосап жасауға,шырын жасауға болады.
Хормен: Дастарқанға келіңдер, Молшылықты көріңдер.
Себеттегі жидектерді ортадағы ағаштың бір шетіне қояды. Би:
Дақылдар: 1. Арпа: Күміс мұртты арпамын, Ырыс-құтты арпамын. Еңбек етіп,баптаған, Еліме сый тартамын.
2.Бидай: Нан атасы-бидаймын: Ырзықты елге сыйлаймын. Дәнім толып,піскенде, Қауызыма сыйлаймын.
3.Сұлы: Мен-сұлымын,шырағым, Тұлпарларға ұнадым. Мәпелеген диқанға Басымды иіп тұрамын.
4.Тары: Ақ,қарамын,сарымын, Мен өнімді тарымын. Еңбегімнің жаз бойғы, Қайтарамын қарымын.
5.қарақұмық: Мен қарақұрық жармамын, Балаларға ұнадым. Күн нұрына аунады. Кеңейіп жарма аумағы.
6.күріш: Күнге ғашық күрішпін- Күллі жұртқа ырыспын. Ел алсын деп мол өнім, Ала жаздай су іштім. Хормен: Арпа бидай тары бар, Сұлы күріш,жарма бәрі бар. Өсіп,пісіп әндетті, Тыңдап құлақ салыңдар.
Бұл топтан Жазира өзінің салған суретін алып келіпті не айтқың келіп отыр Жазира. Мен табиғатты тамашалап сурет салғанды жақсы көремін.Күз мезгілі маған ұнайды.Айнала сап-сары.Даланы тұман басып,жаңбыр көп жауады.Жаңбырдан соң таза ауа болады.Қолшатырмен қыдырғанды ұнатамын. Мен бір сәтті бейнеледім.
Ребус құрастырады. Ас-атасы нан. Ас-атасы нан. Дастарханда нан болмаса сән болмайды. Банның түрі өте көп.тандыр нан ,батон,кірпіш,тоқаш,булочка т.б.Ағы,қарасы тағы бар. Дастархандарыңыздан нан кетпесін.Нан түрлері мен палауды ортадағы ағаштың бір шетіне қояды. Дақылдардың құрметіне би. Орындайтын:
«Күз байлық,молшылық кезі» Күзде жеміс –жидектердің бәрі кісіп болады.Оны суыққа қалдырмай жинап алып,қысқа дайындық жасайды,қауырт жұмыстың кезі. Мол өнім.Нанның қандай қиын жолмен келетінін көрдіңдер,нан дәмі сондықтанда дәмді екен.
Дастарханда наны жоқтың Тамағының сәні жоқ. Барлық байлықты қайдан аламыз? Жер анадан.Жерді неліктен анаға теңейді.Ана мейірімді асыл жан.Бізге өмір сыйлады.Жер анада сондай барлық байлықты жерден аламыз. Сондықтан жерді де анаға теңейді екен.
Барлық байлық еңбекпен келеді.Еңбек етпеген ішіп жемейді дегн сөз бар. Еңбектің наны тәтті.Сендердің қазіргі еңбектерің не? Оқу.Жақсы оқысаңдар соның жемісін көресіңдер?
Пастер арқылы өз ойларыңды топ бойынша жинақтап қорытамыз да мына ағашқа ілеміз.
Жаңа ағашымыз қандай еді? Енді қандай болды? Ол сендердің еңбектерің.
Көңіл бөліп,біздің оқушылардың білімін тамашалап ой бөліскендеріңізге рахмет.
Рахмет балалар.өздеріңнің жинақталып қалғандарыңды,ойларыңды айтуға төселіп қалғандарыңды көрсетіп жатырсыңдар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген