Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ааааааааааааааааааааааааа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары 8


Мектеп: «Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мерзiм:

Тақырып: адам бақыты

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер:Қайырымдылық,қанағатшылдық

Мұғалiм: Маратқызы Ж Сынып: 7 -сынып

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Оқушыларға адам бақытының сырын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың мақсаттары



-Оқушыларға бақыт,бақытты болу ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып,қайырымдылық,қанағатшылдық қасиеттері туралы түсінік беру;

.-оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып,бақытты болуға үйрету.

-оқушыларды қайырымдылыққа,ризашылққа тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық,дәптер,ақ қағаз,түрлі-түсті қалам

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәтi. « Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

үнтаспа

Үй тапсырмасын тексеру

Джеймс Адленнің « Адам қалай ойлайды?» шығармасынан үзінді. Мен Бүгіннен бастап... Жатқа айту.



Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

«Жаны мейірімге толы адам бақытты» Пифагор.

Дәйексөзді мағынасын қалай түсінесіңдер?



Мұғалімнің сыйы:

. Аңыз әңгіме: «Бақыт» /Әпсана әңг,4-б/

Бір күні Бақыт орманда келе жатып байқаусызда шұңқырға құлап кеттіде жылай бастады.Жақын маңда адамның өтіп бара жатқан дыбысын естіген бақыт көмек сұрап айқайлайды: «Қайырымды адам!Менің мына жерден шығуыма көмектесші».

«Сен маған бұл үшін не бересің?»-деп сұрады адам.

«Сен не қалайсың?»-деп сұрады Бақыт.

«Мен теңізге қарап тұрған зәулім,қымбат үйім болғанын қалаймын»

Бақыт адамға үй берді,ал адам үйіне қарай жүгірдіде,Бақытты ұмытып кетті.Бақыт тағы шұңқыр ішінде жылап отырды.Тағыда жанынан екінші адам өтіп бара жатқанын естіп,айғай салды:

«Қайырымды адам!Менің мына жерден шығуыма көмектесші »

«Сен маған бұл үшін не бересің?»-деп сұрады адам.





Топпен ән айту:

«Бейбітшілік күзетінде»


Үй тапсырмасы:

Адам не үшін өмір сүреді? үзінді


Оқушылар бір – бірінің қолынан ұстап бір – біріне жақсы тілек айту мен қорытындылайды .



































.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2018
410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі