Материалдар / Ашық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қажетті барлық жинактар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
538
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Г.И. Уайсова, А.С. Бесірова

Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 3сынып
мұғалімдеріне арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
сарапшыларымен келісілді

Алматы «Атамұра» 2018

ӘОЖ 373
КБЖ 74.268.1
У 12


Уайсова Г.И. т.б.
У12 Қазақ тілі. Диктанттар жинағы. Жалпы бiлiм беретiн мектеп­тiң 3сынып
мұғалімдеріне арналған/Г.И. Уайсова, А.С. Бесірова. – Алма­ты: Атамұра,
2018. – 48 бет.


ISBN 978-601-331-093-0
ӘОЖ 373
КБЖ 74.268.1

ISBN 978-601-331-093-0

© Уайсова Г.И., Бесірова А.С., 2018
© «Атамұра», 2018

ЖАНДЫ ТАБИҒАТ
МӘТІН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Тіл және сөйлеу
Сөздік диктант
Ауызша, әдеби, мемлекеттік, хабарлама, ақпараттық, рухани,
бейнелі жазу, құдіретті, технология, шешен, сауатты, ұлтжанды.
Өздік диктант
Адам өмір бойы өзіне құпия, сыры беймәлім нәрселерді білуге
құштар. Білімді тек мек­теп­­­тен, оқу орындарынан ғана емес, айналадағы
қор­шаған ортадан да алуға болады. Адам алған білімін жақсылыққа
жұмсаса, өзінің де, айнала­сындағы адамдардың да өмі­рі жарқын бола
түседі.
***
Табиғат дегеніміз – өсімдік, жер, тау, ауа, аспан, күн, өзен, теңіз,
құс, аң. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлы­ғы – табиғаттың бізге
берген үлкен сыйы. Табиғаттың сыйын аялау, оған қамқорлық жасау –
әрбір адамның міндеті.
Терме диктант
1. Оқушылар өлеңді хормен дауыстап оқыды. 2. Марал құрбысына
хабарлама жазды. 3. Біз бүгін мазмұндама жаздық. 4. Анарға әжесі
қызықты ертегі айтып берді. 5. Айнұр әскердегі ағасына хат жазды.
6. Жасан әкесіне ашықхат дайындап, тілектер жазды.
• Жазбаша сөйлеу жүзеге асырылған сөйлемдерді теріп жаздыру.
Шығармашылық диктант
... – әр халықтың өз төл белгісі. Әрбір адам өз ана тілі­мен бақытты.
Өмірге келген күннен бастап бұл тілді анамыздың ауызынан ... . Осы
тіл арқылы бүкіл жақсы қасиеттерді бойы­мыз­ға ... . Сондықтан да
анамыз ... тілді ана тілі дейміз.
Керекті сөздер: ана тілі, естиміз, жинаймыз, сөйлеген.
• Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаздыру.

3

***
Біз халықтың жан дүниесін ана тіліміз арқылы танып білеміз.
Біздің ана тіліміздің байлығы ұрпақ­­тан-ұрпаққа жазу жоқ кезеңде
шешендік сөздер, ертегілер, аңыздар, ауыз әдебиеті арқылы жеткен.
Мысалы, ­батырлар жыры. Батырлар туралы жыр­ланған жырларды
эпостық жырлар дейміз. Бұлардың барлығы ауыз әдебиеті арқылы
тараған. Мен Ер Тарғын, Ер Төстік, ...
• Мәтінді әрі қарай жалғастырту.
Қаратпа сөз және қыстырма сөз
Көру диктанты
Күлдірген-ай, Күлдірген!
Жуамын деп еденді,
Үйдің ішін бүлдірген.
Әй, Күлдірген, Күлдірген!
Әнуарбек Дүйсенбиев
•Мәтіннен қаратпа сөзді тапқызу.
Осынау үйде қалайда,
Бар-ау, сірә, сыр бөтен.
Аманжол Шамкенов
•Қыстырма сөзді тапқызу.
Терме диктант
– Әже, сіз Жәми ақынның «Ескендірнамасын» оқыған ба едіңіз? –
деді.
– Қарағым, оны неге сұрадың?
Шоқан жымиып:
– Әже, Ескендірдің шешесі ақылды болған екен. Ескендірді да
нышпан ғалымның қолына беріп оқытыпты.
Сапарғали Бегалин
• Қаратпа сөздерді теріп жаздыру.
Нағашымен кездесу
Ілияс нағашым мені танымады. Оңашада жөнімді айтып, таны
тып алайын дедім.

4

– Мені танисыз ба?
– Шырағым, жаңылып қалдым ба, таныңқырамадым.
– Шын танымайсыз ба?
– Рас, танымадым.
– Сәкенді білуші ме едіңіз?
– Қай Сәкен? Сейфолланың Сәкені ме? Әрине, білем.
– Ендеше, сол Сәкен – менмін, – дедім.
Нағашым селк ете түскендей болды.
Бәрібір танымады, нанбады. Он шақты айдың ішінде түріме
он жылдық өзгеріс енгенін өзім де, шыны керек, сонда ғана білдім.
Ақыры, менің Сәкен екенімді білген соң, нағашым байғұс жылады:
– Қарағым, қандай күйге түскенсің?! – деді.
• Қыстырма сөздерді теріп жаздыру.

Сәкен Сейфуллин

Бақылау диктанты
Айтыс
Тіл – рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар
бұлағы. Біздің тіліміз бай. Той, жиындар айтыссыз өтпеген. Айтыс –
суырыпсалма ақындардың сөз жарысы. Айтыс­керлер орынды әзілқалжыңды тапқырлықпен қолдана біледі. Айтыс – атадан қалған
мұра, ауыз әдебиетінің бір түрі. (35 сөз)
Шарын
Шарын – Алматы облысындағы ең көрікті жердің бірі. Көне түркі
тілінде «чаран» сөзі «арынды, тасқынды өзен» дегенді білдіреді. Атау
қойылған заманда бұл өзеннің ағысы тасқынды, қатты болған. Қазіргі
уақытта өзеннің бұрынғы арнасы қолмен қойғандай тік жарларға
айналған. Оның әдемілігі Америкадағы каньондардан да асып түседі.
(43 сөз)
«Сен білесің бе?» энциклопедиясынан
Жұмбақтас
Бурабайдың қалың қайыңдары мен қарағайларының арасында
Күміскөл жатыр. Сол көлдің ортасында әдемі көрініс беретін жартас
тұр. Әр қырынан қараған сайын бұл жартас мың құбылады. Әртүрлі
жұмбақ мүсінді елестетеді. Бір қыры­нан қайыққа ұқсайды. Екінші
жағынан шашын жайған ару қыз көрінеді. Сондықтан халық оны
«Жұмбақтас» деп атап кеткен. (45 сөз)
«Сен білесің бе?» энциклопедиясынан

5

Құмырсқалар
Дүниеде бал беретін құмырсқалар кездеседі. Олар аралар сияқты
жер кезіп, бал жинайды. Құмырсқа балы қышқыл болады. Одан
салқын сусындар, емдік дәрі-дәрмектер жасалады. Тіпті бал беретін
құмырсқаларды ауызға салып, шекілдеуікше шағып жейтін де ел бар.
Олар балды аралар тәрізді ұяда емес, өз бойларында жинайды. (43 сөз)
ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН, ЖАМАННАН ЖИРЕН
Э, в, ф дыбыстары
Сөздік диктант
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, өсек, өтірік, мақ­таншақ,
еріншек, мал шашпақ.
***
Электр, эстрада, аэроклуб, эмблема, экскаватор, аэроплан, эста
фета.
***
Киев, велосипед, волейбол, вальс, трамвай, троллейбус, вагон,
эвкалипт.
***
Футбол, лифт, телефон, фабрика, кофта, микрофон, Фарида, фар
фор.
• Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Көру диктанты
Бір-біріне тізілген
Вагондары тұр неше.
Темір жолмен жүгірген
Пойыз – үлкен бір көше!
Серікбай Оспанов
•В әрпі бар сөздердің астын сыздыру. Бұл сөздердің айтылуы
мен жазылуын салыстыру.
***
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар-ақ.

6

Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап.
Абдырахман Асылбеков
• Ф әрпі бар сөздің астын сыздыру. Бұл сөздің айтылуы мен
жазылуын салыстыру.
***
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
***
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
***
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
• Мақалдардың мағынасын түсіндіру.
Шығармашылық диктант
Аулада ...онтан бар. 2. Бұл – темір жол ...окзалы. 3. ...ари
да
...ерғанада тұрады. 4. Менің анам ...ермада істейді. 5. Дос­­­...олдың атасы – шо...ан.
• Көп нүктенің орнына б–в, п–ф әріптерінің тиістісін қойып
жаздыру.
Терме диктант


Фельдшер

Фельдшер –
Кіші дәрігер.
Фельдшерде дәрі мол.
Фабрика,
Фермада,
Фельдшерді алды танып ел.
Өтепберген Ақыпбекұлы
• Ф әрпі бар сөздерді теріп жаздыру.
***
Бірде Қазыбек би:
– Әнет баба, не іздеп жүрсіз, кімді іздеп жүрсіз? – деп сұрапты.

7

– Өзімді іздеп жүрмін, шырағым, – деп жауап беріпті Әнет баба.
Жас Қазыбек ештеңені ұға алмай, аңтарылып тұрып қалыпты.
– Түсінбегеніңді біліп тұрмын, қарағым. Оның мәнісі мынау –
адам баласы Алланың әмірімен жарық дүниеге келгенде пәк, адал, таза
күйінде келеді. Өсе келе әрнені көреді, естиді, жақсыға да, жаманға да
бойұрады. Жас өтіп, дүниенің қызығы басылған соң, ештеңенің керегі
жоқ, балам, – дейді.
• Мәтіннен қаратпа сөздерді теріп жаздыру.
Ч, щ, ц дыбыстары
Сөздік диктант
Чемпион, чек, почта, щётка, ащы, тұщы, щи, борщ, плащ.
***
Цирк, цемент, центнер, мотоцикл, целлофан, концерт, циркуль,
цифр, цилиндр.
• Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Көру диктанты
Балқаш көлі
Дәмін татып үлгердім,
Балқашқа мен де мың келдім.
Жартысы тұщы суының,
Жартысы ащы суының.
Мұзафар Әлімбай
• Щ әрпі бар сөздердің астын сыздыру. Бұл сөздердің айтылуы
мен жазылуын салыстыру.



***
Өтірік өлең

Цейлондық піл түймелі
Цыган биін биледі.
Циркте оған қол соқты,
Це-це шыбын күймелі.
Р. Өтегенов
• Ц әрпі бар сөздердің астын сыздыру.

8



Өтірік өлең

Чукча бала түнде де
Чук есімді бүргеге
Чемоданын артып ап,
Чили жақта жүр неге?
«Балдырған» журналынан


***

Чемпионның атағы
Елдің атын шығарар.
Жүйрік аттың жеңісі
Ердің атын шығарар.
«Үй жануарлары» кітабынан
Терме диктант
Цементке расында
Целлофан қап жарамас.
Центнерлеп тасуда
Цистернадай бола алмас.
«Балдырған» журналынан
• Ц әрпі бар сөздерді теріп жаздыру.
Ескерту диктанты
Цирк
Ағай мені циркке апарды. Онда біз сайқымазақтар ойынын
көрдік. Циркте басқа да ойын түрлері болып тұрады. Цирк ойындары
қызық.
Цех
Цехта көп станок бар. Цехта істеушілер мәшиненің бөлшектерін
өңдейді. Оны кеседі, жонады.
***
Көлдің суы ащы. Оны мал ішпейді. Мына құдықтың суы тұщы.
Мал осыдан ішеді.
Жусан – ащы шөп. Оны қой, ешкі жақсы жейді.

9

• Қарамен жазылған сөздердің айтылуы мен жазылуын салыс­
тыру.
Өздік диктант
Жамандықты көп қуған
Бір пәлеге жолығар.
Жақсылықты көп қуған
Бақ-дәулетке молығар.
Х, һ дыбыстары
Сөздік диктант
Қаһарман, гауһар, жаһан, жиһаз, қаһар, қаһарлы, хикая, хабар,
хат, хоккей, халық, шахта, тарих, мәслихат, шахмат.
Терме диктант
Хайуанаттар әр күні
Хабар тосып қалғыды.
Хат келген соң,
Х әрпін
Хан сайлады барлығы.
«Балдырған» журналынан
• Х әрпі бар сөздерді теріп жаздыру.


***

Ей, Қаһарман, Қаһарман,
Келдің қандай шаһардан?
Айдаһармен алысып,
Қорықпайсың заһардан.
«Балдырған» журналынан
• Һ әрпі бар сөздерді теріп жаздыру.
Ескерту диктанты
Қаһарман
Қазақ халқы – қаһарман халық. Қазақ халқының Қабанбай, Нау­
рызбай сияқты қаһарман батырлары көп болған. Әлия Молдағұлова

10

мен Мәншүк Мәметова сынды қаһарман қыздары да аз емес. Қазіргі
кезде ерлік жасаған адамдарға Халық қаһарманы атағы беріледі.
• Қарамен жазылған сөздердің жазылуын байқату.
Сөйлеу мәдениеті
Сөздік диктант
Ізет, әдептілік, инабат, ілтипат, парасат, сыпайылық, сыйлау,
адамгершілік, адамдық, қайырымды, кішіпейіл, жанашыр.
***
Сәлемдесу, кешіріңіз, рұқсат, ғафу өтінемін, қайырлы, рақмет,
алғыс, қолғабыс, жәрдем ету.
Көру диктанты


Әдеп

Сыйластықты іздеген
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі –
Үлкендерге «сіз» деген.
Арасанбай Естенов
***
Бес нәрсеге асық бол!
Тәрбиенің асқары –
Абай атам табынған.
Әдептілік бастауы –
Бес асыл боп табылған.
Арасанбай Естенов
• Сыпайылық, әдептілік белгісі болып табылатын сөздердің
астын сыздыру.
Терме диктант
Әділет ағатайым келем деген уақытынан кешігіп келді. Ол атам
ды аймалай құшып амандасты:
– Кешіріңіз, ата, кешігіп келдім...

11

– Айыбы жоқ, балам, «Жолаушының жолы біледі» деген.
– Ғафу етіңіз, Сізге сыйлайтын сыйлығым көңілдегідей емес.
– Оқасы жоқ, ботам! «Ізетке найза бойламайды» деген. Маған
деген ілтипатың бәрінен де қымбат.
· Сыпайылықты білдіретін сөздерді теріп жаздыру.
Жақсы сөз – жарым ырыс
Бір ғана сөздің өзін бірнеше түрлі етіп айтуға болады. Бір сөзді
орынсыз айтып қалу адамның жанын жаралауы мүмкін. «Сөз сүйектен
өтеді» деп бекер айтпаған. Ал кейде орнымен айтылған сөз адамның
жанын жадыратады. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген мақал содан
шыққан.
· Мәтіннен нақыл сөздерді теріп жаздыру. Мағынасын түсіндіру.
Шығармашылық диктант
Апам мені: «...» дейді,
Мен мұңайсам, ... жейді.
Апам мені: «...» дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
Керекті сөздер: уайым, күнім, айым.
· Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаздыру.
***
Ауыз көркі – ... ,
Тілдің көркі – ... .
... – тілдің қамалы.
... ойлағанды тіл тындырады.
Керекті сөздер: ми, тіс, тіл, сөз.
· Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мақалдар­ды
толықтырып жаздыру.
Бақылау диктанты
Цифр
Цифр – сандарды белгілеуде қолданылатын шартты таңба. Араб
тар әуелде цифр деп нөлді ғана атаған. Қазір одан басқа сандардың

12

таңбаларын да цифр дейді. Әр халықтың сандарды белгілейтін
таңбалары түрліше болған. Ескі цифрдың ішіндегі қазірге дейін
қолданылып келе жатқаны – рим цифр­лары. (38 сөз)
Бүркіт
Бүркітті қазақ халқы ертеден қадірлейді. Бүркіт екіден
артық жұмыртқаламайды. Ол ұясын ең биік ағаштың басына, тау
шыңдарының ең биігіне, жел мен аяздың өтіне салады. Сондықтан
бүркіттің балапандары ыстық пен суыққа шынығып, сомдалып өседі.
Тау бүркіті қырағы, өжет болады. Тау бүркітін қазақ ерекше бағалаған.
(43 сөз)
Фермада
Жадыраған жаз. Ұжымшардың сиыр фермасы тау қой­науында
еді. Сиырлар көк шүйгін шөпке құныға жайылып жүр. Мұнда мал
шылар да әбден рақатқа батты. Ашық аспан. Ақ бас таудың таза саф
ауасы. Көк жүзінде қараторғай әуелете әнге басады.
Ахмет сиырларды кешкі сауымға айдап әкелді. Сауыншылар
сиыр саууға кірісті. (45 сөз)
«Балдырған» журналынан
Уақыт
Сөз және оның мағынасы
Сөздік диктант
Тәулік, минут, секунд, таңертең, шаңқай түс, кешқұрым, іңір,
беймезгіл, алагеуім.
***
Таң, бесін, екінті, ақшам, құтпан, намаз, ораза, рамазан, ғибадат,
күнтізбе.
***
Жазғытұры, жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні, сәске, ымырт,
бейуақыт, таң сәрі.
***
Басшы, бастық, бастау, басшылық, басқару, басқарма, бас­тама,
баспалдақ, баспахана, бассыздық.

13

Көру диктанты
Сағат сырт-сырт санап тұр:
Уақыт өтіп барады! –
Деп ол сынай қарап тұр
Салғырт, жалқау балаға!..
Байбота Серікбайұлы
***
Үй салайық сәнді, кең,
Топырақ үй алдымен.
Құмды еле де,
Тас тасы,
Дайын тұрсын қақпасы.
Өтепберген Ақыпбекұлы
•Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіру.
***
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
•Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сызу.
***
Шын іскер – жұмыскер,
Жұмыскер – шын іскер.
Жұмысты кім істер,
Жоқ болса жұмыскер.
Өтепберген Ақыпбекұлы
Өздік диктант
Күн аттары: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы
күн.
***
Мезгіл өлшемдері: елең-алаң, таң бозара, таң ата, күн шыға, күн
арқан бойы көтеріле, сәске түс, түс ауа, күн бата, кеш, қас қарая, түн
ортасы.

14

Терме диктант


Тіл

Ащы, бірде тәттісің,
Жұмсақ, бірде қаттысың.
Жарылқайсың досыңды,
Жасытасың жат күшін.
Тапқыр тілім, қайдасың?
Көрсет сөздің пайдасын.
Жақсылықты жаңғыртып,
Үнің әсем сайрасын.
Қабыл Боранбаев
•Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жұптап жаздыру.
***
Абзал көрші балалармен шаңқай түстен кешке дейін ойнады. Қас
қарайғанда үйге бір-ақ кірді. Ымырт үйірілгенде тамағын іше салып,
ұйықтап кетті. Түн ортасы ауғанда оянды. Ұйқысы қанып қалыпты.
Күндізгі ойнағандарын есіне алып жатып, қайта ұйықтап кетіпті. Таң
ата атасының:
– Тұра ғой, балам, – деп еркелете сөйлеген дауысынан оянды. – Жігіт
адам тал түске дейін жата ма екен? Қой өргізіп қайтамыз, тамағыңды
іше ғой, – деді атасы.
· Мәтіннен уақыт өлшемдерін көрсететін сөздерді теріп жаз­
дыру.
Шығармашылық диктант
Кім білмейді атамды,
Ең алдыңғы қатарлы.
Озат шопан атанды,
Бәйгеге алды атанды.
• Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру. Сол сөздерді
қатыстырып, өз сөйлемдерін жаздыру.
***
Ұзын тұра Самат пен тәпелтек Алмат шекісіп қалды.
– Бірінші бастаған сенсің, – деді Ұзын тұра.

15

– Өтірікті соқпа, сен бастадың, – деді Алмат.
– Ауызыңды жап, енді сенімен дос болмаймын. Сен түгіл кәрі
шал Мұқаннан да қорықпаймын! – деп ерегісе түсті Ұзын тұра.
· Мәтіндегі дөрекі сөздерді сыпайы сөздермен алмастырып жаз­
дыру.
Керекті сөздер: ұзын бойлы, аласа бойлы, сен қателесесің,
үндемей-ақ қой, қария.
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сөздік диктант
Көгершін, құндыздар, шежіреші, теңізші, мүсіншілер, жұмыскер,
күрішші, көкемдер, ақылды, мейірімді, дойбышылар, көкектер,
көбелектер.
Көру диктанты
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Ыбырай Алтынсарин

***
Құрышшы құрышына
Күріш алды.
Күрішші күрішіне
Құрыш алды.
• Сөздерді түбір мен қосымшаға ажыратқызу.

***
Шежіреші кісі шежіре айтты,
Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.
Ескен Елубай

***
Шалғышы
Шалғы алды.

16

Шаңғышы
Шаңғы алды.
• Түбірлес сөздердің астын сыздыру.
Терме диктант
– Апай, кешіріңіз, кіруге бола ма? Кешігіп қалдым. Негізі,
кешігейін деген жоқ едім. Көршінің кішкене баласы көшеде құлап,
аяғын жарақаттап алыпты. Соны үйіне апарып тастадым.
– Демек, сөйттім де. Олай болса, кешірейін, отыр.
– Ендігәрі, қысқасы, енді кешікпеймін, апай.
• Мәтіндегі қыстырма сөздерді теріп жаздыру.
***
Құм сағатта құм екі шыны сауыттан олардың тұтасқан тар мойы
ны арқылы бір-біріне алма-кезек сусып ағып тұрады. Ал ме­ханикалық
сағаттың тек бір ғана сағаттық тілі болған. 1404 жы­­лы Мәскеуде тұңғыш
мұнара сағаты орнатылды. Маятник сағатын голландиялық ғалым
ойлап тапқан. Су сағатын клепсидра деп те атаған. Мұнан бөлек
тетіктері бойынша механикалық сағаттар, камертон, электрондық,
атом, астрономиялық, қол, қабырға, үстел, қалта сағаттар да болады.
Қазіргі кезде кварц сағаты үлкен сұранысқа ие.
• Мәтіндегі сағат түрлерін теріп жаздыру.
Шығармашылық диктант
Бала... қар күреді,
Қар... аула... ары күреді.
Күрег... бардың бәрі қар күреді.
***
Қарағай... дәрі... қасиеттері бар. Оның бүршіктер... әртүрлі ау
рулар... емдеуге пайдаланылған.
Қарағай орман... хош иісті келеді. Ондағы ауа адам ағза... үшін
өте пайдалы.
• Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жаздыру.

17

Бақылау диктанты
Күн сағаты
Бұрын уақытты күннің көмегімен анықтаған. Мұндай сағат күн
сағаты деп аталған. Сағат тілінің орнына таяқшаны пайдаланады.
Тігінен шаншылған таяқшаны айнала шеңбер сызылады. Шеңберді он
екі сағатқа бөледі. Бірақ мұндай сағаттар бұлтты күндері, түнде уақытты
көрсете алмайды. Сондықтан адамдар уақытты анықтаудың басқа жолда
рын қарастыра бастаған. Сөйтіп, су сағатын ойлап тапқан. (49 сөз)
Су сағаты
Су сағатында су бір ыдыстан екінші ыдысқа бірқалыпты тамшы
лап құйылып тұрады. Мұндайда көрсеткіш тілі бар қалтқы жоғары
көтеріліп немесе төмен түсіп тұрады. Сонда уақыттың дәл мезгілін
көрсетеді. Бұл сағат уақытты күндіз де, түнде де көрсете береді. Тек
суын еселеп отыру керек. (41 сөз)
Сағат
Сағат – аса нәзік, өте дәл механизм. Сондықтан да сағат құрастыру
арқылы адам баласы дәлдігі жоғары құралдар жасауды үйренді.
Жүректің соғуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдерінің ауы
суы. Күн мен түннің алмасуын, Күн мен Айдың қозғалысын бақылай
отырып, жылды айларға, айды күндерге, күнді сағаттарға бөлген.
(44 сөз)
СӘУЛЕТ өнері
СӨЙЛЕМ
Сөздік диктант
Сәулет, архитектура, құрылыс, техника, ескерткіш, мұнара,
мешіт, мәдениет, ғимарат, суреткер.
***
Колизей, Рим, Түркістан, Тараз, Отырар, Грекия, Афина, Ша
рын, Сығанақ.
Көру диктанты
Болашаққа бастаған
Шарықтайды асқақ ән.

18

Елордасы Отанның
Мақтанышым – Астанам.
Өздік диктант
Алтын адам
Алтын адам ескерткіші Есік қорғанынан табылды. Оны алғаш
әлемге танытқан ғалым Кемел Ақышев болды. Бұл обаға 5–6-ғасырда
өмір сүрген сақ жауынгері жерленген. Оның киімі алтын әшекейлермен
безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын.
Терме диктант
Серік атасына еріп егіс даласына келді. Күрішшілерге көмектесті.
Бірде ол тамақтанып отырған. Ыбырай ата оған таяу келді де:
– Е, батыр, неғып отырсың? – деді.
– Демалып отырмын. – Жанына келген адамның кім екенін та
нымаса да, ол үлкен адамша қысылмай жауап берген.
– Өзің кімнің баласысың? – деп сұрады Ыбырай ата.
– Мен Ыбырай атаның баласымын, – деді Серік тағы да салмақпен.
– Бәрекелді, жарайсың, өзің жақсы бала екенсің! – деді Ыбырай
ата.
«Балдырған» журналынан
• Сұраулы және лепті сөйлемдерді теріп жаздыру.
***
Отырар – қазақ халқының ең көне қалаларының бірі. Фараб
түркі тілінен аударғанда «сулы қоныс» деген мағынаны білдіреді.
Отырардың орнында бұл күндері басыбүтін жалғыз қал­ған құрылыс –
Арыстан баб ғимараты. Ол – ортағасырлық әсем де көрнекті ғимарат.
Арыстанбаб мазары Сайрамдағы Әбділәзіз баб, Баба атадағы Ысқақ
баб ескерткіштеріне ұқсайды.
• Мәтіннен сәулет өнеріне қатысты сөздерді теріп жаздыру.
Шығармашылық диктант
Әсел (қуыршақ) ойнағанды жақсы көреді. Ол (қуыршақ) көйлек
тікті. (Қуыршақ) түрі әдемі болып шықты. Қуанған Әсел (қуыршақ)
анасына көрсетті.
• Жақшадағы сөзді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз­
дыру.

19

***
Ауыл маңы қалың қайың. Аң көп. Қар жауды. Айнала тегіс
аппақ. Аңшылар аңға шықты.
• Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемге айналдырып
жаздыру.
***
Шота Уәлиханов, құрметті, сәулетші. Ол, дүниеге келген,
Ақмола облысында. Мүсінші, Сергебаев Ескен. Мұхтар Әуе­зовтің,
жасаған, ескерткішін.
• Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаздыру.
Тиісті тыныс белгілерін қою.
***
... – Қазақстанның тұңғыш астанасы. Ол кезде қала қазақ жерінің
құрамдас бөлігі болып саналатын. ... – Қазақстанның екінші астанасы
болған қала. Ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаевтың туған жері,
табиғаты сұлу жер. Алатаудың етегінде­гі ... – еліміздің үшінші аста
насы. Мұнда сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болып табылатын
көрнекті ғимараттар өте көп. Азиядағы әйгілі, болашағы жарқын бас
қаламыз, еліміздің қазіргі астанасы – ... қаласы.
•Көп нүктенің орнына Қазақстанның астаналары бол­ған қала
атауларын қойып жазу.
Ескерту диктанты
Бурабай – Көкшетаудағы ең әдемі көл. Оның суы тұщы, әрі
мөлдір. Көлдің айналасы қарағайлы және қайыңды орман. Ауасы өте
таза. Табиғаты ерекше. Сол себепті көлдің жағасында көптеген дема
лыс орындары бар. Бурабайды халқымыз мақ­танышпен айтады.
***
Астана – мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени
орталығы. Әсем Есілдің бойында Президент сарайы, Парламент ғима­
раты, Еуразия университеті, Жастар сарайы орналасқан. Күн сайын
көп қабатты тұрғын үйлер мен биік ғимараттар бой көтеріп келеді.
Парламент үйінің алдында үш бидің ескерткіштері халқын болашаққа
бастап тұрғандай.

20

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
Көру диктанты
1. Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
2. Еңбексіз іс бітпейді,
Еріншектің қолы жетпейді.
•Бастауыш пен баяндауыштың астын сыздыру.

***
Отан – туған үйіміз,
Отан – туған жеріміз.
Отан – ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Ермек Өтетілеуұлы
• Сызықшаның қойылу себебін айтқызу.

***
1. Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді,
Ұстаның заты өлмейді.
2. Қоян көлеңкесінен қорқады.
• Тұрлаусыз мүшелердің астын сыздыру.
Терме диктант
Қыста қоян тоңбайды. Оны жұмсақ жүні тоңдырмайды. Қоян қар
үстінде секеңдеп жүре береді. Оның белгілі мекені болмайды. Ол кез
келген жерге жата береді. Көбінесе қардың астын, қалың шөптің ара
сын мекендейді. Ағаштың, бұтаның түбін паналайды.
• Бастауыш пен баяндауышты теріп жаздыру.
***
Бейсен қарттың үйінің жанында бақ бар. Бағын айнала тақтаймен
қоршаған. Онда жиырма түп алма ағашы өседі. Ағаштардың түбін ай
нала қазған. Топырағын майдалаған. Қарттың жеміс ағаштары көп.
Ол бақты ұқыпты күтеді.
•Бастауыш пен баяндауышты теріп жаздыру.

21

Шығармашылық диктант
... мектептен келе жатты. ... бір әжені көрді. ... шелекпен су
алып келе жатыр екен. ... жақындағанда, ол шелегін жерге қойды.
Әжейдің шаршағанын көріп, ... оған көмектесті.
•Көп нүктенің орнына бастауышты қойып жаздыру.
***
Оқушылар мектепке ... . Қоңырау ... . Сабақ ... . Бүгін – мұғалімнің
туған күні. Біз мұғалімімізді туған күнімен ... . Ол бізге ... .
• Көп нүктенің орнына баяндауышты қойып жаздыру.
***
Балалар апасына көмектесті. Малды суарды. Олар суды құдықтан
тасыды. Құдықтың суы тұщы.
• Тұрлаусыз мүшелерді тапқызу.
***
Қойдың жүнінен фабрикаларда әртүрлі мата тоқылады. Қойдың
терісінен түрлі былғары иленеді. Одан аяқкиімдер тігіледі. Қойдың
етінен түрлі тамақтар, консервілер дайындайды. Қойдың қозысын
жақсы күту керек.
•Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жаздыру.
Бақылау диктанты
Сәулет өнері
Сәулет өнері – ғылым мен өнердің тоғысқан жері. Сұлулық сы
рын бойына сіңірген өнер туындысы. Ол мәдениет саласын құрайды.
Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Қай елге барсақ та,
ғажайып сұлулығымен көз тартатын ғимараттарды, сарайларды,
мешіттерді, үйлерді көреміз. Сәулет өнері, яғни архитектура грек
тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағына береді. (48 сөз)
Архитектура
Адам баласы көне заманнан-ақ құрылыспен айналысқан. Олар
үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған.
Тіпті су айдынына үй тұрғызып үйренген. Бұл техника, ғылым және
өнермен байланысты. Адамдар сәулетті, әдемі өмір сүргілері келеді.

22

Сондықтан сәулет өнері адамдардың талғамына қарай дамып отырады.
Сәулетшіге терең білім, суреткерлік ой керек. (46 сөз)
Қарлығаш
Қарлығаштар әрқандай жерлерде тіршілік етеді. Олар бірбірінен тұрпаты жағынан ерекшеленеді. Қыстау қарлығашы­ның
құйрығы екі айыр болады. Қала қарлығашы мен ін қар­лығашының
құйрығы оншалықты айыр емес. Қарлығаштар жерге жақын жүре
алмайды. Оларға жерден ұшып көтерілу де қиын. Сондықтан олар
жәндіктерді әуеде ұшып жүріп аулайды. Тіпті суды да ұшып бара
жатып тұмсығымен іліп ішеді. (52 сөз)
«Ол кім? Бұл не?» кітабынан
Мұз астындағы ұйқы
Қыстың алғашқы аязынан кейін көлдің бетін мұз басты. Су асты
күңгірт тартты. Бұрын мұндайды көрмеген жас сазандар абыржып
қалды. Кәрі сазан түсіндіріп жатыр. Аю сияқты сазан тұқымы да
қыста тамақ жемейтінін айтты.
Кәрі сазан көл астында талай қыстаған. Көлдің терең жерлерінің
бәрін білетін. Оның соңынан басқа сазандар ілесті. Бәрі терең бір қуысқа
жиналды. Ұйқыға жатты. Су астын қараңғылық басты. (59 сөз)
Максим Зверевтен
ӨНЕР
Зат есім
Сөздік диктант
Домбыра, қобыз, жетіген, шертер, даңғыра, асатаяқ, үскірік, сыбызғы, сазсырнай, керней.
***
Сабау, піспек, күбі, иінағаш, кебеже, абдыра, бақан, қамыт, оқтау,
келі, келсап.
***
Музыка, театр, спектакль, өнер, кино, сазгер, атақты, сәулетші,
кейіпкер, бапкер.
Көру диктанты
Шағала көлін қорғайды,
Шопан төлін қорғайды.

23

Егінші жерін қорғайды,
Ер жігіт елін қорғайды.
Өтебай Тұрманжанов

***
Теңізші болатын бала
Бұлақпен ойнайды.
Емші болатын бала
Сынаппен ойнайды.
Өтебай Тұрманжанов
• Туынды зат есімдердің астын сыздыру.

***
Өнерлінің өрісі кең.

***
Қол өнері – кілемде,
Сөз өнері – өлеңде.

***
Ақ лағым сүйкімді,
Ойнағаны қызық-ақ.
Келтіреді күлкімді,
Маңдайымнан сүзіп ап.
«Балдырған» журналынан
• Тәуелдеулі зат есімдерді тапқызу.

***
Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Мұрат Қуанышбеков
1. Ата өнері – балаға мұра.
2. Өнеріне қарай – өрнегі.
•Тәуелдеулі зат есімдердің астын сыздыру.

24

Терме диктант
Қазақстанның таулары
Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жоңғар және Іле Ала­тауы бар.
Тау биіктеген сайын ауа райы салқындайды. Ауаның қысымы кемиді.
Ауа таза болады. Биік тауларда мәңгі қар жатады. Таудан мөлдір
бұлақтар ағады. Таудың теріскей жағында неше түрлі шөптер өседі.
• Жалқы есімдерді теріп жаздыру.
***
Бүгін мектепте өнерпаздар концерті болды. Концертте екінші
сыныптың биші қыздары мың бұрала биледі. Үшінші сыныптың әнші
ұл-қыздары тамылжыта ән шырқады. Төртінші сыныптың күйшілері
«Кеңес» күйін ойнап, көрермендерді өнерлерімен тәнті етті. Сән үлгісін
көрсетуші қыздар күзгі киім үлгілерінің топтамасын көрсетті.
• Мәтіндегі туынды зат есімдерді теріп жаздыру.


***

Біз ойнаймыз, ойнаймыз
Кеме жасап, теңізде
Балық аулап ойнаймыз.
Кенші болып кен іздеп,
Тауды барлап ойнаймыз.
Құрылысшы, сәулетші,
Малшы болып ойнаймыз.
Теміржолшы, жұмысшы,
Әнші болып ойнаймыз.
• Өлеңдегі туынды зат есімдерді теріп жазу.


***

Қанша кісі?
Атам, әжем, ағаммен,
Әкем, інім және мен,
Анам және енесі,
Енесінің бөлесі –
Отыр едік шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып,

25

Арқасында – кіші інім.
Саны қанша, айта ғой,
Үйдегі бар кісінің?
Сұлтан Қалиев
***
Атам – бал омартасының күзетшісі. Бір күні бұтаның түбінен
қоянның көжегін тауып алды. Көжекті маған әкеп берді. Мен көжекті
асырадым. Көжегім қолға әбден үйренді. Қайда барсам да соңымнан
қалмайтын болды.
***
Ахмет Байтұрсынұлы
Көлдің аты естілмейді күйден кем:
Ақын, ғалым Ахмет туған Ақкөлде,
Сол атадан үйренген
Атаң,
Әжең,
Әкең,
Шешең,
Әпкең де...
«Әліппенің», өлең-жырдың ұстасы,
Ахмет ата – бүкіл халық ұстазы.
Мұзафар Әлімбай
• Тәуелдеулі зат есімдерді теріп жаздыру.


***

Адамның күні адаммен
Сүт саумаса сауыншы,
Аш жатпай ма қауыншы?
Киім тікпей тігінші,
Не киеді сиыршы?
Емдемесе дәрігер,
Жадырай ма кәрілер?
Үйретпесе тәлімгер,

26

Не біледі сәбилер?
«Адамның күні адаммен!» –
Нақылға сол нанам мен.
Мұзафар Әлімбай


***
Сегіз сері

Сендей жан туса туар бір ғасырда,
Бар екен сегіз қасиет бір басында:
Сал, сазгер, ақын, әнші, батыр, аңшы,
Қолбасы һәм мәрт – сегіз расында!
Мұзафар Әлімбай


***

Тау мен тасты қопарар
Кенші болғым келеді.
Достық сәлем апарар
Елші болғым келеді.
Бармағынан бал тамған
Аспаз болғым келеді.
Алар озып бәйгені
Малшы болғым келеді.
Мұхтар Құрманалин
• Туынды зат есімдерді теріп жаздыру.
Шығармашылық диктант
1. Ғарыш... аспан әлемін зерттейді. 2. Жүргізу... түрлі
қашықтыққа жүк жеткізеді. 3. Менің апам – тігін... . 4. Се­ріктің ата
сы – зейнет... . 5. Ас... еңбекпен өндіріледі. 6. Біз біл... нәрімен су
сындаймыз.
• Көп нүктенің орнына туынды зат есім жасайтын жұрнақтардың тиістісін қойдырып жаздыру.
***
Өнер, саз, сән, сурет, дәрі, кәсіп.
•Негізгі зат есімдерді туынды зат есімдерге айналдырып,
сөйлемдер құрастырып жазу.

27

Графикалық диктант

Өнер
Сөз өнері

Сахналық

Музыкалық

Өздік диктант
Өнер
Өнер
Өнер
Өнер






өзен, жан-тәніңді шаятын,
өріс, рухыңды жаятын.
өмір, әлдилейтін санаңды,
өткел, серуендейтін саятың.

Бақылау диктанты
Күй
Қазақ музыка өнерінің өркен жайған саласы – күй. Ол қобыз,
домбыра, сыбызғы аспаптарында тартылады.
Қазақ күйлері төкпе күйлер және шертпе күйлер болып бөлінеді.
Төкпе күйлер екпінді, төкпелі тартылады. Ал шертпе күйлер тәтті мұң
мен қоңыр сазға, ойлы сырға толы болып келе­ді. Мұндай күйлер Сүгір,
Тәттімбет шығармаларында кездеседі. Төкпе күйлерді Құрманғазы,
Дина шығарған. (51 сөз)
«Білгенге маржан» кітабынан
Өнер
Әр адамның жүрегінде бір сиқырлы сандық бар. Бұл ғажайып
сандықта түрлі армандар, мақсаттар болады. Сандықтың түбінен
жарық жұлдыздай жарқ етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл тамаша
нәрсенің аты – өнер.
Өнер – адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші. Адамның
бойындағы дарын, талант деген осы. Өнер жан-жақты болады. Өнерлі
адам өрге жүзеді. (49 сөз)
Қазақтың бұлбұлы
Күләш Байсейітова  – қазақтың әйгілі әншісі. Опера өнерінің
негізін салушылардың бірі. Күләштің әншілік өнер­ге бейімділігі жа

28

сынан байқала бастаған. Оның бойындағы қабілеттің ұшталуына әкесі
Жасынның әсері зор болған. Мектепте  көркемөнерпаздар  үйірмесіне
белсене араласқан. Жасынан өнер байқауларында әншілік дарынымен
көзге түскен. Туа біткен әншілік қабілеті Күләштің сахна өнері үшін
жаралған жан екенін әйгілей түсті. (51 сөз)
АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАР
Етістік
Сөздік диктант
Хан, би, батыр, ағартушы, жырау, жыршы, жазушы, қайраткер,
ғалым, саясаткер.
***
Бағала, қолда, тұздады, сана, тағала, қапта, тазала, жөндеді,
желбіре, гүлдейді.
***
Абай, Ыбырай, Шоқан, Дінмұхаммед, Қаныш, Қасым, Мұхтар,
Әбілхан, Нұрсұлтан.
Көру диктанты
Әнет баба
Әнет баба – бар қазақтың данасы,
Тәуке ханның ақылшысы, атасы.
Төле биге бата берген жасында:
«Әділдікпен, – деген, – мерей табасың!»



***
Төле би

Бата алған Әнет бабадан
Бабамыз біздің Төле би.
Көреген ақыл дана адам –
Көшбасшы, қазы, төбе би.
Мұзафар Әлімбай

29



***
Құрманғазы

Екпіні қатты дауылдай,
Күйлері жаршы дабылдай.
Есімі Құрман атаның
Даңқтың биік тауындай.
· Өлеңдегі атақты адамдар жайлы білетіндерін айтқызу.
Терме диктант


Әл-Фараби

Отырарда туыпты,
Білім жолын қуыпты,
Астроном, музыкант,
Философ та болыпты.
Математик әрі ақын,
Ғылым бағы қоныпты.
Талай ғасыр өткенде
Ұрпағымен жолықты.


***

Қорғайды елін сақ батыр,
Керек болса жан қия.
Қашанда алғы сапта тұр
Біздің даңқты армия.
Исрайыл Сапарбай
• Етістіктерді теріп жаздыру.
Ескерту диктанты
Балуан Шолақ – палуан, әнші, сазгер, сан қырлы өнер иесі. Шын
аты – Нұрмағамбет. Жас кезінде қолының бас бармағы отқа күйіп,
содан «шолақ» атанған. Кішкентайынан атқұмар болып, теңге ілу,
сайыс, көкпар ойындарында алдына жан салмаған. Біржан сал мен
Ақан серіні өзіне ұстаз тұтқан.
***
Ыбырай Алтынсарин  – қазақтың көрнекті ағартушы-педагогі,
жазушы. Балалар әдебиетінің атасы. Қазақ балаларына арнап ең
алғаш мектеп ашты.

30

Шығармашылық диктант
Сөйлемейді, шаппайтын, қорықпайды, қайтпайды, кеспейтін,
тайсалмайтын.
• Берілген етістіктерді мына сөздермен тіркестіріп, сөй­лемдер
құрастырып жаздыру: қайсар, ержүрек, өжет, өтпес, момын, шабан.
Бақылау диктанты
Бауыржан
Бауыржан Момышұлы – халқымыздың аты аңызға айналған
даңқты батыры. Жасынан оқуға зерек болды. Есеп сабағына өте
қабілетті болды. Мектеп бітірген соң, мұғалім болып жұмыс істеді.
Соғыс басталғанда елі мен жері үшін майданға аттанды. Соғыста да
рынды қолбасшы, ержүрек батыр екенін көрсетті. Сонымен бірге да
рынды жазушы. (43 сөз)
Мүсіреповтің мұражайы
Бұл мұражай – жазушының әдеби мұрасына арналған мәдени
мекеме. 1991 жылы Орталық мұражайдың бір бөлімі ретінде ашыл
ды. Ғабит Мүсіреповтің мұражайы әдеби және мемориалдық бөлімнен
тұрады. Онда төрт мыңнан астам экспонат жинақталған. Әдеби бөлімде
фотосуреттер, кітаптар, хаттар, марапаттау қағаздары сақталған.
(38 сөз.)
Батырмен кездесу
Үйге кірдік. Төрде қырандай қомданып, бір кісі отыр екен. Ай
батты, түсі суық.
– Батыр ағаңа сәлем бер, – деді Қарақұл ата баласына. Өзі
батырдың оң жағында отыр. Ол кісі Бауыржанның батырлығын жыр
ғып айтатын. Батырды өте жақсы көретін. (36 сөз)
Әміртай Бөриев
СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ
Сын есім
Сөздік диктант
Бұлақ, бастау, өзен, көл, теңіз, мұхит, арал, дария, тұңғиық,
айдын, шалқар, толқын.

31

***
Су, суат, сусын, суқойма, сулы, сулық, суландыру, суғару, судай,
суағар.
Көру диктанты
Көлдің көркі – құрақ,
Таудың көркі – бұлақ.

***
Өзен жағалағанның өзегі талмас.

***
Көл тартылса, құс қашар.

***
Өзен ұзақ ағады бұлағы болса басында,
Іздеген бақыт табады жалықпаса жасында.


***

Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.

***
Су – ырыстың көзі,
Еңбек – кірістің көзі.
• Мақал-мәтелдердің мағына
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!