15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ.10 саны және цифры
Күні: Сынып: 1«А» |
Қатысқандар саны: 15 Қатыспағандар саны: |
№49 негізгі мектебі |
||
Мұғалімнің аты-жөні:Керейкулова Ж.К |
||||
Сабақтың тақырыбы |
10 саны және цифры |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.1**натурал сандарды және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау; 1.1.1.2 бір таңбалы сандарды оқу,жазу және салыстыру;
1.1.2.5**біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолданады; 1.5.2.1цифр мен санды бір-бірінен ажырату;бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т. б.) көрсете алады; 1.5.2.2** “+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолдану |
|||
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды “бір таңбалы” және “екі таңбалы” сандар ұғымымен таныстыру; 10 санының мағынасын он нысаны бар жиынның сандық сипаттамасы ретінде түсіндіру; 10 санының құрамымен таныстыру. |
|||
Жетістік критерийлері |
1)Натурал сандарды анықтайды. 2)10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санайды. 3)Біртаңбалы сандарды ауызш қосу және азайту тәсілдерін қолдана алады. 4)Цифр және санды ажырата алады. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне көмек көрсетуге ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Көркем еңбек, қазақ тілі, |
|||
Тілдік құзыреттілік |
Он-десять-ten |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы
|
Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері
|
||
Сабақтың ортасы |
Жаңа сабақты түсіндіру 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 - бұлар қандай сандар? (Біртаңбалы сандар) Олар неше цифрмен жазылады? (Бір цифрмен) -Қазір қай мезгіл? (Күз) Олай болса,жеміс жинауға кірісеміз.Жеміс ағашын шығарып ,оны санату (9).Қанша ағаштың жемісі жиналмаған?10 снын қалай шығарып алуға болады?
Сандық сәуледе түсіндіру. 10 санын өсу,кему ретімен санату 1-тапсырма. Суретте барлығы неше сан бар? 6 5 2 9 3 10 7 0 Біртаңбалы сандар нешеу?(7) Екі таңбалы сандар нешеу?(1) 2-тапсырма. Сандарды салыстыр (Жұптық жұмыс)
10* 9 2 *10 10* 5 10*10 4*10 0*10 10*6 7*10 10*8 3*10 СЕРГІТУ СӘТІ. Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
3-тапсырма Қанша жеміс бар? Жемістерді сана,алша саны он болу үшін тағы қанша қосу керек ?Жемістердің әрқайсысы он-оннан болу үшін тағы қанша жемістен қосу керек?
Жауабы: 9 алшаға тағы 1 алша керек; 8 өрікке 2 өрік; 6 алмұртқа 4 алмұрт; 3 алмаға 7 алма; 5 бананға тағы 5 банан керек. 4-тапсырма. «Кім жылдам?» (Жұптық жұмыс) Жемістердің артында қандай белгілер жасырынғанын анықтау.
Жауабы: 10 – 5 = 5; 7 + 3 = 10; 6 + 4 = 10; 4 + 6 = 10; 10 – 4 = 6; 5 + 5 = 10. 5- тапсырма. «Шығарып көр» (жұптық жұмыс). 10 санын толықтыру үшін екінші суреттегі садарды табу.
Жауабы: 7 және 3, 9 және 1, 5 және 5, 6 және 4, 8 және 2 Қосымша тапсырмалар: Дәптермен жұмыс. 1.Сандарды сандық сәуледе жазу. 2.10 санын толықтыру.
|
|||
|
Рефлексия
|
|||
Бағалау |
Сандық сәуледе 10 санының орнын анықтады; Сандарды салыстыра біледі; 10 санын құрамын біледі; Амалдарды орындай алады; Таңбаларды дұрыс қолдана біледі; |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген