Е.Иззатуллаев
атындағы жалпы орта мкетебі КММ
Бастауыш
сынып мұғалімі :Умарова Гузал Абдурашитовна
Тақырыбы:Желбіре
жеңіс жалауы!.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға ұлы отан соғысы
туралы,батырларымыздың еңбегі
жайлы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:
Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте
сақтау, зерттеу, іздену, шығармашылық
жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Отанға
деген сүйіспеншілігін арттыру,ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі:Суреттер,тірек сызбалар,
интерактивті тақтада слайдтар,нақл
сөздер.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
1.
Сәлемдесу.
2.
Түгендеу.
3.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Слайд
қосылып,Ұлы отан жайлы көрсетілім
болады.Көрсетілім аяқталған соң ортаға
жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші.Мадина
Құрметті
ұстаздар,қонақтар!
Бүгін
біздің ашық тәрбие сағатымыз Ұлы Жеңістің
мерекесінің 75 жыл толуына байланысты
«Батырлар есімі-ел есінде!»атты тарбие
сағатымызға хош келіпсіздер.
2-жүргізуші.Темур
Ұлы
Жеңістің 75 жылдық меркесін тойлауға
санаулы күндер қалды.Бүгінгі таңда Ұлы
отан соғысында елін,жерін,қорғап,бүгінгі
бейбітшілік пен тыныштықты орнатқан
ардагерлеріміздің қуанышына ортақтасып
тарихымызға тағы бір үңілсек.
Даулет:
Отан
- сенің, ата - анаң,
Отан
- досың бауырың.
Отан
- өлкең, астанаң,
Отан
- аудан, ауылың.
Элбек:
Ағайлардан,
апайлардан, інімнен,
Жеңіс
сөзін көп естідім мен бүгін.
Сәл
күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,
Жазылғандай
әжем белі бүгілген.
Дилмира:
Бақытты
боп жүргенім,
Сенің
арқан, Ұлы Отан.
Елім
менің - тірегім,
Құшағынды
гүл атам.
1-жүргізуші.Мадина
Біздің
туып-өскен жеріміз-Қазақстан
Республикасы,көне заманнан басталатын
тарихи бар аса бай ел.Көптеген ғасырлар
бойы ел басқарған дана басшыларымызкеңбайтақ
жерімізді сырттан төнген қауіптерден
қорғап келеді.қазақ халқы ер жүрек,достыққа
адал,бауырмал халық.
2-жүргізуші.Темур
Ұлы
отан соғысы адамзат тарихындағы ұлы
оқиға.Оның қасіреті мен қасиетіжаныңды
түршіктіреді әрі ерліктерге басыңды
идіріп таң қалдырады.Соғыс адам
жаратылысының ғаламат құпияларының
шексіздігін көрсетеді.
Ән:
«Ел қорғауға әзірміз»
Малика:
Отан
үшін жанымызды береміз,
Отан
үшін барлығына көнеміз.
Отаның
да, ананың да алдында,
Осы
өмірде парызды өтеп кетеміз.
Азиз:
Сарқылмайтын
қуатым,
Тірегімсің
сен Отан.
Мәңгі
соғып тұратын,
Жүрегімсің
сен Отан.
Сардар:
Жеңіс,
жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс,
жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн
парақтар қып - қызыл боп ашылды.
Жеңіс
келген тоғызыншы мамырды
1-жүргізуші.Мадина
Иә
сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан
айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ
үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте
берді.
Дүние
жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан
ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман
ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық
басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік,
халықтар достығы нығая түсті.
2-жүргізуші.Темур
Ұлы
Отан соғысына қатысқан батырларымыз:
Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова,
Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин,
Талғат Бигелдинов.
Ел
алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің
амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап
қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар
еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ
өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын
сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері
арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің
өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана
күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы
жеңісінің жемісі.
Интерактив
тақтада слайд көрсете,өтырып қазақ
батырлары туралы түсінік беру.
1-слайд.
2-слайд.
3-слайд.
4-слайд.
Би:
«Сарбаздар»
Юлдуз:
Жеңіс
келді артта қалды зор
қайғы.
Адам
асыл арманда алға жолдайды.
Бейбіт
күнін аталардың әкелген.
Бүгін
міне ұрпақтары жолдайды.
Бахтжон:
Жеңіс
келді қалама
Жеңіс
келді далама
Жеңіс
келді әке боп
Жеңіс
келді ән болып
Жеңіс
келді алақай
Тоя
жейтін нан болып.
Мақал
–мәтелдер айтып мағынасын тусіндіру.
Батырдан
сауға,
Мергеннен
сыралқы.
Ер
жігіт не көрмейді,
Ер
көңіл не бермейді.
Нар
тәуекел ер ісі.
Ел
үмітін ер ақтар,
Ер
атағын ел сақтар.
Алыспақ
бар, атыспақ жоқ.
Ерден
ердің қаупі бар.
Ер
намысының құлы.
1-жүргізуші.Мадина
Қош
болыңдар.Шығысымдың қос шынары,қос
алауы!Өздерің өмірден ерте
кеткендеріңмен,ерліктерің қалды.
2-жүргізуші.Темур
Біз
сендерді ұмытпаймыз.Жер-Ана сендердің
ерліктеріңді мәңгі ұмытпайды.
Би:Көктем
Хор:Атамекен