жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ.1-сынып "әннің ырғақтары"
Қостанай облысы
Арқалық қаласы
А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия
Музыка пәні мұғалімі
Жусупбекова Динара Алимбековна
1 «г» сынып
7-бөлім : Тағам және сусын. |
Сабақтың тақырыбы: Әннің ырғақтары |
||
Күні: 10.04.2017
|
Мұғалімнің аты –жөні: Жусупбекова Д.А |
||
Сынып :1
|
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны; |
|
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары |
1.1.2.1. Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, ырғақ, екпінін динамикасын анықтау. 1.1.3.1.Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау 1.2.1.1. Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және халық аспаптарын ойнау
|
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар : Бұл бөлім музыка мен өнердің түрлі құрылымдарын және олардың арасындағы байланысты зерттейді. Бұдан бұрынғы бөлімдегілердей музыкалық-ырғақтық дағдыларды және дыбыстық естуді дамыту жалғастырылады. Музыка сауатын дамытады. Жұптасып жұмыс істеуге дағдыланады. |
||
|
|||
Тілдік мақсаттар |
Оқушыларды пікірталас диалогтерге қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау: оқушылар өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай – ақ оқушылар диалогке қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету)Оқушыларды оқуға деген ынтасын қалыптастыру. Пән лексикасы мен терминологиясы : Ән әуені Дыбыс биіктігі Талқылауға арналған сұрақтар:
|
||
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдерін көрсетуді, орындауды, жасаған жұмыстарына пікір айтуды, өз шығармаларын таныстыруды үйренді.
|
||
Әдіс тәсілдер |
Ой қозғау, топтастыру, вокалдық жаттығулар, ән айту,музыкалық аспаптарда ойнату.
|
||
Ресурстар |
Музыкалық аспаптар, үнтаспа, түрлі түсті ырғақ сурет түрлері, тақырыпқа байланысты суреттер
|
||
Сабақ кезеңдері |
Сабақтың барысы |
||
Сабақтағы жоспарланған іс –әрекет
|
Ресурстар
|
||
Сабақтың басталуы 0-5 |
Оқушылармен әуендете амандасу. Сәлеметсіздерме балалар, Сәлеметсізбе Здравствуйте дети Здравствуйте Hello children Hello |
Баян аспабы
|
|
Сабақтың ортасы
7-11
12-14
15-20
Сабақтың соңы 35-45
Бағалау критерийлері
Дескриптор:
|
- Ал енді балалар сабағымызды бастамас бұрын мына музыкалық қобдишаның ішінен әр түрлі би ырғақтары бар суреттерді алайық. (оқушылар ортаға келіп түрлі түсті суреттерді алады) Алған түрлі суреттерді қолымызға алып көтерейікші.Енді осы суреттер арқылы әр топқа бірігеміз. (Үш топқа бөліну) 1-топ марш 2-топ «Вальс» 3- топ «Полька»
Ал енді балалар мына бір бейнематериалға назар аударайықшы. -Не көрдік? Не туралы болды? (Оқушылар билер туралы бейнематериал көргендерін айтады). Ендеше балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз пікірлерін айтады) Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әннің ырғақтары» деп аталады. Енді қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымызда тақырыбымыз «Әннің ырғақтары » деп аталатын болғандықтан сабағымыздың мақсаты қалай болады деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз ойларын айтады) Иә балалар сендер қандай мақсат қойсаңдарда өте құнды. (сабақтың мақсатын слайдтан көрсету) Ал енді осы билер туралы кім не біледі? (оқушылар өздерінің қаншалықты не білетінін, айтады) Жақсы жауап берген оқушыларға ұпай жинау үшін нота суретін беру.
Үштілділік :Марш,марш, march Вальс-вальс - waltz Полька полька Polka -қазақша, ағылшын,орысша айтып үйрету. Үш топ жеке жеке айтып шығады. 1-топ қазақша 2-топ орысша 3-топ ағылшынша айтылады.
Біз, балалар білімділер ауылының балаларымыз,біз тек қана білімді ғана емеспіз, сонымен қатар келген қонақтарға өз өнерлерімізді көрсетеміз
Топпен жұмыс Оқушылар өз топ атауларына сай үш түрлі музыкаға сәйкес қимыл-қозғалыс жасау және ұрмалы аспаптарды пайдалану)
Ендігі кезекте қазір мен сендерге ән тыңдатамын және ол әнге мұқият назар аударамыз. Мұқият тыңда! “Қандай ырғақ” Е.Хасанғалиев (әнді тыңдау, мазмұнын ашу) 1.Қандай көңіл күйде орындалды? 2.Қандай музыкалық ырғақта? 3.Ән не жайлы орындалды (Оқушылар өз ойларын айтады.) Жақсы жауап берген оқушыларға ұпай жинау үшін ноталар беру. Ал енді осы әннің мазмұнын ашып болсақ осы әнді орындап үйренбес бұрын дауыс ырғағын қалыптастырып алайық. Вокалдық жаттығулар орындау Дауыс ырғағын қалыптастыру “М-м” дыбысымен гамма орындау “О-о” дыбысымен легато орындау
“Ән айтайық, шаттанайық!” “Қандай ырғақ” Е.Хасанғалиев
“Жалғастыр” ойыны (Ойынның шарты) 1-топ екі жолын бастайды, 2-топ содан кейінгі екі жолын орындайды, 3- топ аяқтайды. Ойын жалғасын табады Жақсы жауап берген оқушыларға ұпай жинау үшін нота суретін беру.
Жаңа әнді орындап беру Фразаға бөліп орындау Топқа бөліп орындату Жалғастыр ойыны арқылы орындау. Оқушылармен осы әнді ұрмалы аспаптарды қосып ойнау арқылы орындау Жақсы жауап берген оқушыларға ұпай жинау ұшін жемістер суретін беру.
Оқушылар бейнематериал бойынша өз ойларын айта біледі.
Берілген тақырып бойынша жылдам және зеректілігін анықтайды Музыкалық фраза ойластырады.
Әннің көңіл күйін ажыратады. Ән мазмұнын ашады.
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды және қорғайды.
Оқушылардың жинаған ұпай ноталарын санау, сол ноталар арқылы бағалау.
Музыка кілтіне би ырғақты суреттерін жапсыру арқылы бағалау Үш түрлі би ырғақтарымен сабақты қалай меңгергендерін анықтау. Марш - Менің сабаққа да, өзіме көңілім толды, тапсырмаларды өте жақсы орындап,жақсы баға алдым Вальс – сабақ жақсы болды, бірақ сұрақтарым бар Полька – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ
|
Түрлі ырғақ суреттері
Түрлі түсті суреттер
Түрлі түсті суреттер
Түрлі би ырғақтары бар бейнематериал
Түрлі түсті суреттер
Ұрмалы аспаптар |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген